Абай Құнанбаев намаз оқыған ба?

+1 дауыс
5.0k қаралым
Абай жолы романын оқып отырып Абай намаз оқыған деген жерін таба алмадым. Керісінше дінге, молдаларға қарсы адам болып сипатталады. Соған қарағанда Абай намаз оқымаған-ау деген ойға келесің. Бірақ, мынадай нақыл сөздері бар: Мүмін болсаң әуелі иманды бол, Адамға иман өзі ашады жол. Ақылды адамға иман парыз, иманды адамға ғибадат парыз. Өмірі өлмейтіндей тіршілік қыл, ертең

өлетіндей құлшылық қыл дейді.

Осындай сөздеріне қарап Абай намаз оқымады деуге тағы аузың бармайды.

Енді сұрайтыным Абай намаз оқыған ба, әлде дінге қарсы адам болған ба? Нақты дәлел болса тіпті жақсы болар еді.
Кітап, Әдебиет
Кішкентай әріптермен жазсаңшы)

3 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Абай намаз оқыған, тақуа, діни білімі оте жоғары болган, араб тілінін майын агызган, молда-имамдардан алдекайда мыкты сауатты болган, Кара создерінде Ислам дінінін сенімі болып табылатын акида жайлы коптеп айтылады. Ал әкесі Құнанбай Меккеге барып медресе ашкан адам.
+1 дауыс
Абай намаз оқымаған сияқты,бірақ жүрегі иманға толы болған,молдаларға қарсы болмаған.
0 дауыс
Абай дінге жақын адам болған. Абай жолында Мұхтар Әуезовтың Абайды діннен аулақ орысқа жақын қылып көрсетуінің себебі бар. Кеңес үкіметі кезінде әр шыққан туындыға соның ішінде кітаптарға да өатты ыензура қойған. Сол цензурадан өткізу мақсатында Абайдың өмір жолы  бұрмаланып жазылған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
30.12.2021 Кітап, Әдебиет Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
4.12.2020 Өмір, Тіршілік Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,695 сұрақ
322,291 жауап
153,250 пікір
72,714 қолданушы