0 дауыс
5.1k көрілді

Анықтауыш,Пысықтауыш,Жай және құрмалас сөйлемдер,Құрмалас сөйлемдер түрлері,Салалас құрмалас сөйлемдер түрлері,,Сабақтас құрмалам сөйлемдер түрлерінің ережелері керек еді тауып бере аласыздарма?

5 жауап

0 дауыс
Сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік — қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейді.

Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткен? не еткен? деген сұрақтардың біріне жауап береді.
Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, есімдіктен, түбір тұлғалы зат есімнен, етістіктің есімше түрінен, ілік септік жалғанған зат есімдер мен заттанған сөздерден болады.
Құрамына қарай анықтауыш бір сөзден болып дара анықтауыш, сөз тіркесі, күрделі сөз бен тұрақты тіркестерінен , құралып күрделі анықтауыш болады.
Анықтауыш ілік септік тұлғасында ашық я жасырын (түсіп қалып) түрінде келіп, анықталатын сөзбен матаса байланысады да, ешбір жалғаусыз айтылса орын тіртібі арқылы анықталатын сөзбен қабыса байланысады. Мысалы, Екі қыздың еңіреген үні алқаптың үстіндегі кештіқ әуесін қозғап ызыңдатты. Ал, бұл жалпақ бет, жалпақ жауырынды қара жігіт дамыл көрмей қысы-жазы солардын, жылқысын бағады. Ашынған әйел мән-жайын айтады (С. Сейфуллин). Бірінші сөйлемде екі деген анықтауыш сан есімнен болып (неше қыз?), қыз сөзімен кабыса байланысып, қыздың және кештің деген анықтауыштар ілік септік жалғауы арқылы (кімнің үні?) ненің әуесі?) үні және әйелі сөздерімен матаса байланысып, еңіреген деген анықтауыш етістіктің есімше түрінен болып (қандай немесе қайткен үні?), орын тәртібі арқылы үні сөзімен қабыса байланысып тұр.
Бұлар — дара анықтауыштар. Ал алқаптың үстіндегі деген анықтауыш зат есім (алқаптың) мен көмекші есім (үсті) тіркесінен құралып кеш сөзімен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр. Бұл — күрделі анықтауыш. Екінші сөйлемде бұл (қай жігіт?) сілтеу есімдігі мен қара (қандай жігіт?)— сын есімі де жігіт сөзін анықтап, қабыса байланысып тұр. Дәл сондай жалпақ бет және жалпақ жауырынды (кандай жігіт?) деген күрделі анықтауыштар да сын есім мен зат есімнен және сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнен құралып, жігіт сөзімен қабыса байланысып тұр. Солардың деген ілік септігіндегі есімдік жылқысы сөзін анықтап, онымен матаса байланысып тұр. Соңғы сөйлемде ашынған деген есімше де әйел сөзін анықтап (қайткен әйел?), онымен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр.
)) анықтауышты жақсы оқитын сияқтысың ғо мектепте
0 дауыс
Бұлай сұрақ қойғанша http://kk.wikipedia.org/ сайтына кіріп, керегіңнің атын жазып іздесең ережесімен, толық мәлімет ала аласың.
Мен бұндай сайт бар екен білгенімжоқ и білмегенне сон қойдым ?
Білемін..
+1 дауыс

Сөйлем мүшесі

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді.
Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз
Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше.
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді.
Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст)
Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

Баяндауыш - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше.
Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді.
Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше.
Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?

Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше.
Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.

Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.
Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді.
Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім, етістіктің көсемше түрі барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын бірге, қабат,қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын септеулік шылаулардың тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін атқарады.
Құрамына қарай дара (үшін), күрделі (ермек үшін) болып екіге бөлінеді.
а) Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы?
ә) Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін?
б) Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін?
в) Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін?

 

----------------------

Құрмалас сөйлем

Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді . Жәй сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір интононациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :

а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді.
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.


Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:

1. Салалас құрмалас.
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.

1. Салалас құрмалас.
Ыңғайлас :және, әрі, да,де,та,те.
Қарсылықты: бірақ,дегенмен,сонда да, сөйтсе де,әйтсе де,алайда.
Себеп-салдар: өйткені,себебі,сондықтан,сол үшін.
Кезектес: бірде,біресе,кейде.
Талғаулы: не,немесе,әлде,я,яки,әйтпесе,не болмаса.
Түсіндірмелі: жалғаулығы жоқ.

 

 

2. Сабақтас құрмалас.
Шартты: са,са+ж.ж; май,мей,пай,пей,бай,бей;генде,ғанда,қанда,кенде.
Қарсылықты: са да, се де;ғанмен,генмен,қанмен,кенмен; а,е,й+тұра;қаны,кені,ғаны,гені+болмаса;ғанша,генше,қанша,кенше.
Қимылсын: а,е,й,ып,іп,п; ма,ме,па,пе,ба,бе+с+тан.тен;ған,ген,қан,кен+күйі,қалпы,бойы;ған,ген,қан,кен+дай,дей+болып.
Себеп: ғандықтан,гендіктен,қандықтан,кендіктен;гені,ғаны,кені,қаны+үшін;ма,ме,па,пе,ба,бе+й; ып,іп,п; үш шақтағы етістік+деп; ған,ген,қан,кен+соң.

Мақсат: мақ,мек,пақ,пек,бақ,бек+шы,ші+болып; у+үшін; шартты,қалау,бұйрық райлар+деп, қы,кі+тәуелдік ж.+келіп.

 

-----------------------

Құрмалас сөйлемдер түрлері  деп жазыпсың да сол түрлерін қасына жазып қойыпсың. Түрлері: Салалас құрмалас сөйлем, Сабақтас құрмалас сөйлем, Аралас құрмалас сөйлем

-----------------------

Сабақтас құрмалас сөйлем

 Салалас құрмалас сөйлем

--------------------

Осындай сұрақтарды қою ұят! Осы сұрақты осында жазып ұятқа қалғанша гуглдетіп  жібере салай. 

 

+1 дауыс
Анықтауыш сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.

Пысықтауыш сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіреді.

Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.

Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) салалас; ә) сабақтас; б) аралас.
+1 дауыс
Сөйлемде зат есімнен н/е заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық,сапалық,сандық,иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені - АНЫҚТАУЫШ дейді. ПЫСЫҚТАУЫШ- етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл,қимыл-сын,себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі. ЖАЙ СӨЙЛЕМ- бір н/е жай сөйлемдерден тұрады. ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ- екі н/е одан да көп жай сөйлемдерден құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлемдер. Ол екіге бөлінеді. 1) САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ-құрамындағы жай сөлемдерінің баяндауыштары тиянаҝты болып,өзара тең дәрежеде байланысқан сөйлем. 2) САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ- құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып ,соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлем түрі.
...