Сөйлем мүшесі
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді.
Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз
Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше.
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді.
Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст)
Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.
Баяндауыш - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше.
Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді.
Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.
Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше.
Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?
Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше.
Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.
Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.
Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді.
Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім, етістіктің көсемше түрі барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын бірге, қабат,қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын септеулік шылаулардың тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін атқарады.
Құрамына қарай дара (үшін), күрделі (ермек үшін) болып екіге бөлінеді.
а) Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы?
ә) Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін?
б) Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін?
в) Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін?
----------------------
Құрмалас сөйлем
Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді . Жәй сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір интононациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді.
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас.
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.
1. Салалас құрмалас.
Ыңғайлас :және, әрі, да,де,та,те.
Қарсылықты: бірақ,дегенмен,сонда да, сөйтсе де,әйтсе де,алайда.
Себеп-салдар: өйткені,себебі,сондықтан,сол үшін.
Кезектес: бірде,біресе,кейде.
Талғаулы: не,немесе,әлде,я,яки,әйтпесе,не болмаса.
Түсіндірмелі: жалғаулығы жоқ.
2. Сабақтас құрмалас.
Шартты: са,са+ж.ж; май,мей,пай,пей,бай,бей;генде,ғанда,қанда,кенде.
Қарсылықты: са да, се де;ғанмен,генмен,қанмен,кенмен; а,е,й+тұра;қаны,кені,ғаны,гені+болмаса;ғанша,генше,қанша,кенше.
Қимылсын: а,е,й,ып,іп,п; ма,ме,па,пе,ба,бе+с+тан.тен;ған,ген,қан,кен+күйі,қалпы,бойы;ған,ген,қан,кен+дай,дей+болып.
Себеп: ғандықтан,гендіктен,қандықтан,кендіктен;гені,ғаны,кені,қаны+үшін;ма,ме,па,пе,ба,бе+й; ып,іп,п; үш шақтағы етістік+деп; ған,ген,қан,кен+соң.
Мақсат: мақ,мек,пақ,пек,бақ,бек+шы,ші+болып; у+үшін; шартты,қалау,бұйрық райлар+деп, қы,кі+тәуелдік ж.+келіп.
-----------------------
Құрмалас сөйлемдер түрлері деп жазыпсың да сол түрлерін қасына жазып қойыпсың. Түрлері: Салалас құрмалас сөйлем, Сабақтас құрмалас сөйлем, Аралас құрмалас сөйлем
-----------------------
--------------------
Осындай сұрақтарды қою ұят! Осы сұрақты осында жазып ұятқа қалғанша гуглдетіп жібере салай.