Өмірде бір рет болатын той деп ақшаны далаға шашпай, ертеңгі күнді ойлап үйленгеннен кейін әрі қарай қалай үй болу жағын қарастырған жөн. Қазір барлық нәрсе ақша болып кеткен, ақша болмаса адам болуда қиын. Қазақта той істесе жарысып істейді бір-бірінен. Менің ойымша, ақша құртып әдемі той істеп жарысқанша, бақытты өмір сүріп көп немере сүйіп жарысқан дұрыс. Той істегенде мүлде ақша шығын қылма, туған туыстарды шақырма демеймін. Әр адамның әр түрлі пиғылы бар, біреуі қуанып келсе, біреуі сынап келеді, біреуіне өсек керек ал біреуі ұрыс шығаруға келеді анау-мынау.....көп адам шақырып соңы төбелеске ұласып, тойдың шырқын бұзғанша, ең жақын деген адамдарды шақырып ұрыс керіссіз көңілді өткен той жақсы.