+1 дауыс
551 көрілді


Қазақ тілі қазір даму үстінде. Тәуелсіздік алғалы қазақ тілі өзінің алар орнын мықтап алды және болашақта тек дами бермек. Бірақ бұл процесс шынын айту керек бірқалыпты өтіп жатқан жоқ.

Қазақ тілін оп-оңай үйреніп алу тиіс қазақтілді азаматтардың айтатыны: методикалық нұсқаулықтар жоқ десе, басқалары шенеуліктерді сынайды, ал мемлекет болса қазақ тілін дамыту үшін орасан көп қаржы бөліп жатыр. Осылардың бәрінің аясында ешкімге жалтақтамай-ақ, ешкіммен сөз таластырмай-ақ қазақ тілін үйреніп алғандар бар.

"Men qazaqpyn" жобасы бүгінгі күнің кейіпкерлері: студенттер, кәсіпкерлер, журналистер, аудармашылар, инженерлер жайлы, олардың қазақ тілін қалай меңгергендері жайлы, өздерінің алға қойған мақсаттарына жету барысында қазақ тілінің білудің маңызы жайлы айтатын болады.

Егер де бұл жоба сізге ұнаса және бұл жобаға көмектескіңіз келсе, онда қазақ тілін үйреніп алған басқа ұлт өкілдердерінен достарыңыз болса - міндетті түрде маған хат жазыңыз.

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз. http://yvision.kz/yvtv/menqazaqpyn

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жоба екен. Негізі бұай жоба жасаған ұлтымызға сын. Өзге ұлт өкілдері алдында. Бірақ ұят болсада бізге қажет жоба. Жақсы жоба пайда болды мәңгүрттерге.Енді сол жобаны түсінетін , ұғатын сана берсін деймін. Негізі бұл жобаны саясаттағы орысшаланған , өнердегі орысшаланған қандастарымызға көрсетсе деймін. Қаншама дегенмен сол тұлғалар халыққа ықпалды дәл қазіргі уақытта!
...