+1 дауыс
521 көрілді
Мен мамандық таңдайын деп жатыр едім. Сіздердің ойыңызшы қайсысы дұрыс, мамандықтың, информатиканың педагогикалық па әлде ғылыми ма? Және екеуінің айырмашылығы мен артықшылықтарын айта кетсеңіздер. Яғни кейін кім болатынын?
Мен ғылыми информатика мамандығының түлегімін. :) Сондықтан тек ғылыми информатика-050602. Мамандық туралы Нұржол жақсы жазып шыққан екен.
Ияя, Құдай қаласа осы мамандыққа грантқа түсіп кетсем мықты бағдарламалаушы боламын! (nod)

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ойымды айтуға рұқсат етіңіз. Ақыл айтудан аулақпын.

1. Педагогикалық информатика. Қысқасы, мұғалім болып шығасыз. Колледж болса бастауыш сыныпқа, универ болса жоғары сыныпқа, магистрден соң универге сабақ беруге мүмкіндігіңіз бар. Мем. қызметкерлер арасындағы интеллигент әрі айлығы жақсы жұмыс қатарында болады. Болашақта соц. көмектер алуға жақсы мүмкіндік бар.

2. Ғылыми түрі. Қысқасы, Қазақстанда техникалық мамандар арасынан атағы жер жарып тұрғанымен, айдағаны бес ешкі демекші, алып бара жатқан өндірісі, заман талабына сай оқу бағдарламасы, мықты кадр, педагогтары болмаған соң, оның беретін нәтижесі де соншалықты жақсы деуге келмейтін көрінеді.

Бірақ та, Алматы қаласында ҚБТУ, халықаралық ІТ универі, СДУ сияқты Қазақстан бойынша техникалық мамандарды жақсы даярлайтын универлер енді ғана программаларын жаңартып жатыр. Мүмкіндік болса, соған тапсырған жақсы. Алдағы уақытта, Алматы қаласында ақпараттық технология паркын кеңейтіп, ол жерге элиталық АЖ мамандарын даярламақ ойлары бар. Ну енД, қысқасы адамгершілік пен шынайы откровение пікірімді айтсам, бұл да қыртыған әңгіме сияқты.

Ақылы түрде оқитындар, шет елге шығып кеткендері дұрыс. Қаражаты шамамен шамалас болғанымен, елдер дамыған, орта дамыған мәдениетті және сапалы білім дер едім.

Сәттілік!
Көп рахмет, сәл де болса түсінейін дедім!
+1 дауыс
Педагокикалық түрі мектепте сабақ береді. Яғни педагок болады.

Ал ғылыми информатик дегенді бірінші рет көріп тұрмын. Ол ақпараттандыру саласында жұмыс істейді. "Қазақтелекомда" немесе т.б. сол сияқты компанияларда.

Меніңше ғылыми түрі жақсы.
Жауабыңызға рахмет!
+2 дауыс
Информатикаға, бағдарламалауға қызығушылығың мықты болса әрине ғылыми информатиканы таңда дос. Болашақта сұранысқа ие мамандық.
ия компьютерге біраз жақындығым бар)
...