+3 дауыс
287 көрілді
Мені қашан маман қылады?
887 (23 жақсы жауап)   ЖЖ пайызын 2,6% сәл көбейт!
Белгісіз
:Жахар менікін қараш https://surak.baribar.kz/user/Feer
Белгісіз

Маман дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген пікірді өңдей алады. Яғни егер сіз маман дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған пікірін қадағалап отырасыз. Сайт ережесіне қайшы келетін пікірлерді өңдеп, ескерту беріп отырасыз.

 

Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Маман дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқыды, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Редактор дәрежесіне жоғарылата алады. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді маман талқылауға шақырылады.

 

Маман дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30 дан аз болмауы тиіс. Жасы 15-тен (он бес) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Редактор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады. (маман дәрежесіндегі қолданушы бірден модератор болуына өтініш білдіре алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады)

 

Ескерту: маман дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны қарапайым қолданушы дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және маман дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.

Осының бәрі сай келіп тұрса,Кері байланысқа шығып маман бола аласыз.

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Админге Жеке Хат жазған кезінде немесе Админ өзі маман қылады. Жыламаған балаға * жоқ деген атам қазақ!
Мен үш ай дегенде болдым. Асуы керек!
Белгісіз
Мадиярдың кіргеніне 3-апта болсада маман қылды
Ол өте белсенді болды!Оның 49 ЖЖ бар 1 айда ал сенде... Сосын сенің жасың келмейді!
Белгісіз
мен тіпті екі аптадан енді асан кезімде маман болғанмын. белсенді болсаң саған айтпай ақ маман қылып қояды модераторлар мен админ
Мен өзімнің маман қызметімді 5-ақ күн атқарып, редактор болғам) :)
Ақжол, мен секілді болыпсың ғой.
Менде сен секілді болдым десейіші Жұбатхан.
Себебі: Ақжол сенен бұрын тіркелді сайтқа!
+2 дауыс
Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кемдегенде 30 дан аз болмауы тиіс. Жасы 15-тен (он бес) жоғары болуы қажет. Осы талаптарға сай келсең маман дәрежесіне көтерілесің. Сенің жасың сай емес және жақсы жауаптарың 30-дан аз.
https://surak.baribar.kz/user/Feer
Белгісіз
0 дауыс
Сенің белсенділің аз. Сондықтан сені маман қылмайды.
Уақыты өткен сұрақтарға жауап жазба.
...