0 дауыс
1.2k көрілді
Күн өтiп кеткен адам қалай ауырады? Күн өту белгiлерi қандай? Күн өткен адамға қандай алғашқы көмек көрсету керек?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаздағы ыстық салдарынан адамдардың дене температурасы жоғарлап, көп терлейді. Ағзаға қажетті минералдық заттар мен су термен бірге зая кетеді де, зат алмасу бұзылады. Яғни күн өтеді. Сонымен қатар денеге қажетті су құрамының азаюына байланысты, қанның қоюлығы артып, жабысқақтығы пайда болды. Бұл жасы ұлғайған адамдардыжүрек бұлшық етінің өлеттенуі мен мидың өлеттенуі секілді қан айналымы жүйесі ауруларына алып келеді. Егер қоршаған ортаның температурасы үздіксіз 350с -тан жоғары болатын болса, ағзаның температура үйлестіруқызметі қалыпсызданып, энергия шығару рөлі төмендейді де шаршау пайда болады. Күн өтуді пайда қылатын себептер өте көп. Ауарайының тым дымқыл болуы да күн өтуді пайда қылады. Дымқылдықтың шамадан тыс жоғары болуынан терінің үстіндегі су құрамының булануы кедергіге ұшырап, терсыртқа таралмаса, дене температурасы жоғарлайды, мұндай жағдайда аптап ыстыққа төзбей күн өтуі мүмкін. Денеден тердің көп шығуы ағзада калций, магни, натри, кали секілді минерал заттарды көп зая ететіндіктен бұлшық ет дәрменсізденеді, дәрумендер мен минералды заттардың жетіспуі себепті тұтас дене қалжырап, әр түрлі аурулардың пайда болу мүмкіншілігі артады. Көңіл-күй нашарлап, қалжырап, шаршайды. Кей адамдардың іші өтіп, басы айналады. Тіпті, ыстық күнде де тұмау тиеді. Күн өтудің түрлері: 1. Күн өту белгілері: Басы айналып, басы ауырады. Шөлдеп, тер көп шығады. Тұла бойы дәрменсізденіп жүрегі қағады. Іс-әрекеті қалыпсызданып, жүйкесі нашарлайды. Дене температурасы көтеріледі. 2. Жеңіл дәрежедегі күн өту: Тамыр соғысы тездеп, тер көп шығады, өңі қызарып, жүрегі қағу секілді белгілер байқалады. Дене температурасы 38.50С тен асады. 3. Ауыр дәрежеде күн өту: Бұл кезде жоғардағы белгілер байқалудан сырт, естен тану, сіңірі тартылу, қатты қызу секілді белгілер болады. Күн өтудің алдын алу Ыстықтан сақтану: Бөлменің температурасын қалыпты жағдайда ұстау, өте төмендетіпжібермеу қажет; Сұйықтықтарды көп ішу, жеміс-жидек, көкөністерді көп тұтыну; Ыстықтан сақтандыратын дәрілерді пайдалану; Жасы үлкен адамдар денсаулығын жиі тексертіп тұруы қажет. Қантты несеп ауруы, жүрек аурулары мен қалқанша без ауруларына шалдыққандар белсене емделгені дұрыс; Ас әзірлеу кезінде тағамның дәмін келтіретін қоспаларды, қышқылдарды көп пайдалану қажет. Себебі қышқыл, ашты тағамдар адамның тәбетін арттырады. Ыстықта тамақты көп жеу дененің қарсылық қуатын күшейтіп, ыстық өтуденсақтайды. Күн өтуден сақтану жолдары Суық сусындарды көп ішпеу керек. Суық сусынды шамадан тыс көп ішу, әсіресе ауыр дене еңбегінен немесе дене шынықтырудан кейін суық су ішу асқазан кілегей қабығын тітіркендіріп, асқазан сұйықтығы секрациясының шығарылуына ықпал жасап, асқортудың бұзылуын оңай пайда қылады. Кей жағдайда іш өтіп, асқазан ауырады; Кірпіш, цемент едендердің үстіне ұйықтамау қажет. Далаға түнеуге де болмайды. Себебі мұндай кезде ағзаға тез суық өтеді. Осының салдарынан буын қабынуы, шонданай сүйек нервтерінің қақсауы секілді ревматизмдік дерттер пайда болады; Тамақтан соң бірден суға малтымау қажет. Тамақтан соң суға жүзу ас қорту жүйесінің қызметіне кері ықпал жасайды. Сонымен қатар дене суға тигеннен кейін суықтың тітіркендіруінен асқазанның тамырлары жиырылып, асқазан түйілу, лоқсу, ас қортудың бұзылуы секілді аурулар оңай пайда болады. Сондықтан ең кем дегенде жарты сағаттан соң суға малтаған жөн; Суық, сызды жерлерді, дымқылорамалдарды ұзақ уақыт басып жүруге болмайды. Бұл адамды уақытша рахаттандырғанымен, табаннан өткен суықтың тітіркендіруі бастың бұлшық етін жиырылтып, қан тамырдытарайтып, мида уақытша қан жетіспеуді пайда қылады. Бас ауырады; Жайбарақат, табиғи салқындауға тырысыңыз. Айғай-шудан аулақ болып, тез шаршайтын, қуатты көп сарп ететін әрекеттермен аз шұғылданыңыз; Аптап ыстықта ұзақ уақыт жүруден сақтаныңыз. Ыстық күнде денені күн нұрынан қорғайтын майлармен сылап, ашық-шашық киінбеңіз; Таза емес тағамдарды жеуден аулақ болыңыз. Жаз маусымында ауа темпетатурасы жоғары болатындықтан, денедегі ыстық ауаға тез таралып кете алмайды. Сондықтан кей адамдарға күн тез өтеді де, салдарынан естен тану, құсу, ішөту сияқты ауру белгілері байқалады. Мұндай жағдайда науқасқа төмендегідей көмек жасаған жөн:Күн өтіп ауырған науқастарға алғашқы көмек Науқасты дереу көлеңкелі, салқын жерге апарып, басын биік жастап, тыныс алуы мен денеден жылудың тез таралуына тиімді болу үшін киімдерінің түймелерін ағытып, желдету қажет; Науқастың басына суық орамал басу керек. Қажет болған жағдайда басына, қолтығына, шабына мұз қалтасын қою керек;Науқастың аяқ-қолын, дене температурасынан сәл салқын сумен сүртіп, уқалап, тамырда қанның тез ағуына, ыстықтың таралуына ықпал жасау қажет. Науқасты кеудесіне дейін 180С шамасындағы суға жатқызған дұрыс. Қарттарды, дене қуаты әлсіздерді және жүрек қантамыры ауруы барларға бұл әдісті қолданбаған абзал; Науқастың судағы денесін төрт адам бір уақытта орамалмен терісі қызғанша 15-30 минут шамасында ысқыласа, дене температурасы 370С-тан 380С қа дейін түседі. Үлкен миы ауыр зақымдалғандар есін тез жинайды.
+1 дауыс
Басы айналады, мұрынынан қан ағады. Есінен танып қалатындарда бар. Оларға беретін алғашқы көмек былай болады: орамалды суға малып,сығып науқастың басына салу керек. Науқастанған адам салқын су ішіп, көлеңкеде отыру керек! Душқада түсіп алса болады. Ал ауырмау үшін басқа кепка киіп,үстімізге ақ киімдерді көп киуіміз керек! Күннің астында көп жүрмейік!
...