0 дауыс
3.9k көрілді
Месси туралы мәлімет.......

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Лионель Андрес Месси (ис. Lionel Andrés Messi; 24 маусымда 1987, Росарио) - Аргентиналық футболшы және «Барселона» командасының шабуылшысы. Месси - 2008 жылы Олимпияда чемпионы, 2005 жылы жастар арасында әлем чемпионы (турнирдің ең үздік ойыншысы мен сұрмергені). «Барселона» құрамында 5 рет Испания чемпионы болды (2004/05, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2010/11). 2007, 2009 және 2010 жж. жылдары Испания чемпионатының ең үздік ойыншы атағын алды. 2005, 2007 және 2009 жылдары Аргентинаның үздік ойыншысы. Чемпиондар Лигасын 3 мәрте женген (2005/06, 2008/09, 2010/11). 2009 жылы Испания чемпионатының сұрмергені, 2008/09, 2009/10, 2010/11 жылы Чемпиондар Лигасының сұрмергені. 2009, 2010 және 2011 жылдары әлемнің үздік футболшысы атағына иегер. 2009 жылы Месси Еуропаның үздігі атанды. 21 желтоқсан, 2009 жылы Месси "Бриллиант добының" иегері атанды. 2012 жылы 7 наурызда өткен Барселона - Байер Леверкузен Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жауапты ойнында 5 гол соғып, турнирдің плей-офф кезеңінде бір ойншымен соғылған доптар саны бойынша жаңа рекорд қойды.
Өмірбаян

Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келген. Әкесі – Хорхе Месси, анасы – Силия Месси (қыз кезіндегі тегі – Кусситини). Оның атасы Анджело Месси 1883 жылы Италияның Анкона қаласынан Аргентинаға көшеді.
Оның Родриго мен Матиас атты екі ағасы жене Мария Соль атты апасы бар. Месси футболды өз әкесінің Грандоли клубында 5 жасынан ойнай бастайды. 1995 жылы Месси «Ньюэллз Олд Бойз» командасына көшеді. 11 жасында Лионельге соматотропин (өсу гармоны ) жетіспеушілігі диагнозы қойылады. «Ривер Плейт» командасы оған қызығушылық көрсеткенімен, оның емдеуіне жеткілікті қаражат таппады. «Барселонаның» спорттық директоры Карлес Рексач Мессиді 13 жасында байқаған соң жас дарын оған қатты әсер етеді. Сондықтан ол клуб басшылығынан, Мессиді және оның отбасын Испанияға көшіріп әкелуі мен сырқатын емдеуге, қаражат бөлетін келісіміне қол жеткізді. Содан бері Месси «Барселонаның» жасөспірімдер құрамында ойнай бастайды.
Футболдағы алғашқы қадамдар
Футбол ойнауды өте ерте жаста бастаған Лионель өз шаһарының «Ньюэллз Олд Бойз» клубында өнер көрсете бастады. 2000 - 2003 жж. аралығында ол 13 жасынан бастап Барселонаның жасөспірімдер командаларында ойнайды. Жалпы 37 ойында ол 30 гол соғады (Cadete A). Ол өз ойын мәнерін жарқын жағынан бірден танытып, 2-команда құрамында жиі-жиі көріне бастады. Орташа есеппен Месси командада әрбір ойын сайын 1 голдан соғып тұрды.
Рахмет....
...