+5 дауыс
825 көрілді
Қазіргі кезде тұрғын үйдің бағасы шарықтап кетті. 150мың долларлық үйлердің өзінен кемшіліктер көптеп табылады. Ипотекаға көп жас отбасылар қымбат бағаға үй алады, ал сапасына уақыт өте шағым айтады. Сапасы бағасына тура пропорционал болмайтын ба еді? Қазір неге үй қымбат, ал сапасы өте төмен? Себебі неде?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Менің ойымша қазіргі үйлердің сапасыз болуы тікелей тендрге байланысты, себебі тендрді ұту үшін үйдің сметалық құнының 20 пайызы сол тендрді ойнатушының қалтасына кетеді. Келесі кезекте банктер де өз пайыздарын қамтып қалуға тырысады. Бұл екі арада сол тендрге қатысуыңыздың өзіне көмектескен орталық  жалдапта (посредник) өз пайызын қамтиды. Енді сол тендр ұтқан фирманың жалғыз портфельінен басқа ешнәрсесі болмағандықтан субподрялщиктер табады дағы оларды жаңағының бәрінен қалған қаржының тең жартысына жалдайды. Ал енді құрылысты салушы субподрядщик мекемеменің де басшылары өз пайдаларын есептеп шығарады да құрылысты бастайды. Сонда осылардың бәрінен кейін құрылысқа  бастапқы мемлекет бөлген қаржының 30-40 пайызына соғылуы керек болып шығады. Бұл арада майда-шүйде, құрылысқа тпсырыс беруші, проект авторы,технадзор, Нұр Отан бақылаушылары сияқты құзғындардың жегенін айтпай-ақ қояйын. Міне осыдан арзан, сапасыз материалдардан соғылған құрылыстың сапасы да құлдырайды, әрі қарапайым жұмысшлардың жалақысы да жылайды. Ең жаманы бұл жерде кінәліні тауып жазалау еш мүмкін емес,себебі төменнен сатылап қуалағанда ең жоғарыдағы кереметке тіреледі дағы жауып тастап,құрылысты сапалы деп өткізіп жібереді. Міне бәленің бәрі осында. Ал құнына келсек біткен үйдің бағасы балансқа соғылған бағасымен емес,әлгі қалтаға кеткен сомалардың барлық жиынтығымен енеді дағы сапасыз алтын үй болады.

Жауабыңызға үлкен рахмет! Енді түсінікті болды маған!
Белгісіз
+2 дауыс
Жемқорлықты ауыздықтамай сапалы үйдің салынуы мүмкін емес.
+1 дауыс
Себебі, ипотекалық кредит бере бестасымен тұрғын үйге деген сұраныс күрт артып кетті. Бұрын 2,5-3 мың доллар тұратын 1 бөлмелі квартиралар 20-25 мың доллар болып шыға келді. Оларды ипотекаға алып, квартира жалдаушыларға айына 40-50 мың теңгеге беріп қойып отырғандар аз емес.Ал ипотекаға 20-25 мың теңге төлейді, айырмасы өзіне пайда.  Міне, солар үйдің бағасын қымбаттатып отырғандар.
Нәтижесінде мынандай видео түсіріледі
Белгісіз
ия, осы құлаған үйдің қасындағы үйдің адамдарын да түгел көшірді. себебі, ол үй де құлайын деп тұр.
+1 дауыс
Сәлеметсіз бе, ия дұрыс айтасыз, қазіргі таңда тұрғын үйлердің бағасы шарықтап кетті. Өзім де үйімді ипотекаға алып едім, 2024 жылға дейін, Құдай қаласа ипотекадан да құтылармыз. Менің жақындарым мен таныстарымның көп бөлігінде ипотека, 9-10 ында ғана ипотека жоқ шығар. Түркияда 1 "особняк"тың бағасы-Қазақстандағы 1 бөлмелі үйдің бағасымен тең екен ғой, түсінбейтінім, арабтарда кредит алғанда қайтармайды екен, себебі, ол салық арқылы үкіметке қайтып келетін ақша.
Негізі сол жақтан аламын ау осы. Рахмет жауабыңызға!+1
Белгісіз
...