0 дауыс
50.3k көрілді
Қазақстан аумағынан осы күнге дейін қанша алтын адам табылды?

7 жауап

0 дауыс
Әлем жұртшылығы  тарихы деректері  мен мүраларға қашанда үлкен  қызығушылыкпен , құлшыныспен қарайды. Жаһан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға  қалса,  міндетті түрде тарихи бай өлкелерге ат басын тірейді. Мәселен,  Мысырдың пирамидаларын  немесе Ұлы  Қытай қорғанын кқру  кедесінде сұлулыққа деген  құштарлығы бар жандардың барлығының армны болар. Ал, жекеей заттардың да құны ,      бағасы  жылдан – жылға артып келеді. Мысалы, әйгілі суретші  Леонардо да  Винчидің «Джокондасы» әлі күнге дейін  сақтандырылмаған екен. Оның  басты себебі картина құнының  жоқтығы  екендігі  бізге  бұрыннан  мәлім.

Қазақстан жерінде  де көптеген археологиялық  қазбалар табылған. Көне қалалардың  орны  халқымыздың  бай тарихынан  сыр шерткендей. Ал,  күні  бүгінге дейін жоғалмай  келген Тараз,  Түркістан  сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар бүгінде  көптеген туристердің таңдана отырып  аралайтын мекеніне айналған.

Археологиялық  қазбаларға  келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан  жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала  орындары , зираттар,  мешіт- медреселеркең байтақ   Отанымыздың түпір- түпкірінен табылған.

Ал,  Алматы облысындағы есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде  алыс –жақын  елдердің барлығы елең  еткен-ді..Бұл 1970 жыл болатын.  Археологиялық олжаны тапқан  тарих ғылымдарының докторы  Кемел  Ақышев  басқа да  ғалымдармен  кеңесе отырып бұл біздің заманымызға дейінгі  IV ғасырда өмірсүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. «Алтын адамның» бойындағы  қаруы  да, үстіндегі  киімі де түгелдей дерлк алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі  адамның, сонан соң  оның  елінің дәулетін  көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның  қыр- сырын меңгерген тайпалардың  өмір сүргенін куәландырғандай. Аталмыш олжаның көшірмесі  Алматыдағы  Орталық мұражайға  қойылды, кейін қазақ  елінің басты символы ретінде  басқа  елдерде қойылған көрмелерге  шығарылды.   О ңтүстік  астананың орталық алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік монументінің негізгі бейнесі де  осы «Алтын адам».

Қазіргі  кезге дейін  бұдан  басқа тағы екі «Алтын адамның»  табылғаны жөнінде  екінің бірі  біле бермейтіні анық. Бұл сөзіміздің растығын  дәлелдеу үшін олар  жайлы   да  мәлімет  бере кетейік. Екінші «Алтын адам» 1999 жылы  Атырау облысының  Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны  қазу  жұмыстарын тарих  ғылымдарының  кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің  дәуірімізге  дейінгі III  ғасырға  жататын  осынау  алтынмен көмкерілген жанды  оның болат семсеріне  қарап, ғалымдар сарматттардың  көсемі  деген  қорытындыға  келген екен.

Ал, үшінші «Алтын адам»  2003  жылы  табылған. Профессор,  тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған  археологтар  қауымы  бұл  олжаны  Шығыс Қазақстан облысының  Шілікті  жазығынан қазып  алған.  Ғалымдардың  паймдауынша, бұл «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне  және үстіндегі құйма алтыннан жасалған  аң- құс белгілеріне  қарағанда сақ патшасына  келетін бұл  олжа әлі де  зерттелу үстінде.

Міне, сонымен күні бүгінге дейін  бір емес үш « Алтын адам»  табылғанынан хабардар  болдыңыздар. Ұлан байтақ  жері  бар  Қазақстан  жерінде  әлі  қанша «Алтын адам»  жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың  еншісінде.

http://gazeta-ko.clan.su/news/tarikhi_taylym_azastanda_ansha_altyn_adam_bar/2009-10-01-154
Пари, рахмет, өте жақсы нақты жауап
алдында тағы да бір алтын адам табылды деп жатқан.
http://news.nur.kz/264136.html
http://news.nur.kz/250926.html
+1 дауыс
3 еуі табылды. төртіншісіде табылды деп естігенмін
0 дауыс
МЕНИН ЕСТУИМШЕ ЖЕТЕУ СОНГЫСЫ БАТЫС КАЗАКСТАННАН ТАБЫЛДЫ АСТАНАДА АШЫЛАТЫН МУРАЖАЙГА КОЙЛМАК
3 алтын адам таблды
0 дауыс
Ата-бабамыздың бізден-яғни бүгінгі ұрпақтан күткені осы ма еді.............................!? Өлісін қастерлесе, ата-бабасын құрметтесе, халықтың қасиеті қайтадан қалпына түседі. Конфуций Құрметті оқырмандар! Қазіргі таңда бізді алаңдатып отырған ұлтымыздың болашағы! Біз қазақ ежелден әруақты қастерлеген, ата-бабамызды құрметтеген халықпыз. Алайда, «батысқа еліктейміз!» деп адамдық қасиеттен айырылып бара жатқан жоқпыз ба, осы....? Мемлекет 2000 жылдан бері қарай «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта бей-берекет жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалар туралы сіздермен ой бөліссем деген едім. Қазақстан аумағынан 2014 жылға дейін ресми жарияланғаны «7» Алтын адам. Анығында «8» Алтын адам. Айтылмай қазылып қолды болып кеткендері қаншама? Төменде бәрімізге белгілі Алтын адамдар туралы қысқаша мәліметтерді келтіріп көрейік: І-ші Алтын адам ШҚО Тарбағатай ауданы Шілікті қорғанынан 1967 жылдары Ленинградтық ғалым С.С Черников қазып алған. Табылған жәдігер Ресейдегі Эрмитажда сақтаулы дейді. Бірақ, ол туралы көп жерде айтылмайды. ІІ-ші Алтын Адам 1970 жылдары Алматы облысы Есік қорғанынан археолог К. Ақышев қазып алған. ІІІ-ші Алтын адам 2000 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ШҚО Берел қорғанынан Франция ғалымдарымен бірлесе қазылған 13 жылқымен жерленген қолбасшы дейді. Зерттеп жүрген археолог З.Самашев. ІV-ші Алтын адам ШҚО Зайсан ауданы Шілікті аңғарында орналасқан Бәйгетөбе қорғанынан табылған Сақ патшасы. Қазып зерттеп жүрген археолог А.Т.Төлеубаев. V-ші Алтын адам Атырау облысы Сарайшық қорғандарынан табылған Сармат тайпасының көсемі. VІ-шы Алтын адам Қарағанды облысы Бесоба қорғандарынан 2009 жылдары табылған. VІІ-ші Алтын адам 2012 жылдары Тараз қаласындағы Әулие Ата базары орнынан табылған болатын. VІІІ-ші Алтын адам ШҚО Үржар ауданы Лайбұлақ елді мекенінен табылған Үржар ханшайымы. Елімізде жылда тосыннан болып жатқан табиғи апаттардың барлығын ақсақалдарымыз археологиялық қазбалармен байланыстырады. Біз қазір қандай хал кешіп жатырмыз. Біз жуық арада тез шешім қабылдап, ата-баба рухына тағзым етіп, кешірім сұрап, қазылып алынған еліміздің түпкір-түпкіріндегі мүрделерді қайтадан салт-дәстүрімізбен жер қойнына табыстауымыз қажет деп есептейміз! Археологтар қазып алып кеткеннен кейінгі елді- мекендерге тоқталы өтейікші.... 1967 жылы Шіліктідегі қорғаны қазылғаннан кейін 1969 жылдары осы елді мекенде қыс қатты болып совхоздың малдары қырылып қатты жұт болған деседі ауыл тұрғындары. 1970 жылдары Есік қорғаны қазылды. 1972-73 жылдар аралығында табиғаттың тосын мінезінен Алматы қаласынан сел жүріп өткен делінеді. 2000 жылдары Берел қорғаны қазылғаннан соң 2002-2003 жылдары Катон –Қарағай ауданында қыс қатты болып қар қалың түскен екен. Ауыл жастары өз-өздеріне қол салып суицидтен қайтыс бола бастаған дейді. Шілікті қорғанынан табылған Алтын адам табылған 2003жылы жәдігерді көруге арнайы Астанадан министр М.А.Құл-Мұхамед тік ұшақпен келіп қона алмай, Аягөз қаласынан әскери ұшақпен келіп қонған деседі. Тағы да келеңсіз жағдайлар туындағанын ғалым А.Т.Төлеубаевтан біле жатармыз. 2000-жылдардан бері қарай ШҚО неше түрлі табиғаттың тосыннан келе жатқан апаттарынан көз ашпады. Жылда бір апат. Бірде қыс қаһарымен айбарланса, бірде жаз құрғақ болып елді- мекендерде жұт болса, малдарға жұқпалы ауру қаптап індеттен көз ашпай келеді. Еліміздің батысында болып жатқан келеңсіз жайттарды да біз естіп –біліп отырмыз. 2009 жылы Қарағанды облысындағы Бесоба қорғанын (Н.Нығматуллин ол кездері әкім облыста) қазып алып, орнына мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы бойынша жер құрып қалғандай бес тұрғын үй салдырады. Сол тұрғын үй 2013 жылы қалай құлағанын көріп бәріміз жаға ұстадық емес пе, Абырой болғанда зардап шеккендер болмады.? 2011жыл Алматы қаласында қысқы Олимпиада ойындарын өткіземіз деп 2010 жылы Ремизовка шатқалы бойында және айналма жол өткіземіз деп Әль-Фараби даңғылы бойында орналасқан мұсылмандар мен славян халықтарының мүрдесін сүріп тастаған болатынбыз. Ақпараттық құралдар арқылы таныстарын алып кетулеріне болады деп жарияланған еді. Қысқы олимпиада ойындарын өткіздік. 2011 жылы қөқтем уақытында Алатау ұлттық паркінде орналасқан Медеу шатқалындағы 150-200 жылдық орман ағаштары қатты жауынмен нөсердің салдарынан опырылып құлаған болатын. Сол жылдың жазында Алатау орманының біраз жерлері өртеніп кеткен болатын. 2012 жылдың күз айларында археологтар тағы да Тараз қаласынан Алтын адам тапқан болатын. 2013 жылдың ақпан айларында қатты дауыл соғып жоғары электр бағаналары құлап, тұрғын-үйлердің шатырларын жел ұшырып әкеткен болатын. Жаңатас, Қаратау аудандарымен қатар біраз елді мекендер жарықсыз қалған болатын. 2013 жылы ШҚО Үржар ауданындағы ханшайым табылғаннан кейін Үржар ауданының ауа-райы күрт өзгеріп тауықтың жұмыртқасындай бұршақтар жауып елді әуреге салған болатын. ОҚО-ан қола дәуірі кезеңіндегі жәдігерлер табылған болатын. Күнде жаңалықтардан жол апатынан қаншама адамдар қырылып жатыр. Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының бойындағы ескі қорымдар сүріліп тасталуда. Ата- бабамыздан қалдырылған тарихи құндылықтарымыз жоғалып бара жатыр. «Егерде түбіміз- түркі, дініміз -Ислам» болатын болса, неліктен мұндай мәселелер шет қалып келе жатыр? Аруақтарымызды қастерлемесек, ата-бабамызды құрметтемесек, біздің елдігіміз қайда, Тәуелсіздігіміз қайда.?? Бұл жағдай осылай жалғаса беретін болса, келешегіміз қандай болмақ.? Келер ұрпаққа не айтамыз,не қалдырамыз.? Осы ма, бізің ата-бабамызға деген құрметіміз.!?.............. 2013 жылдың 29 маусымы күні Шілікті қорғанынан 2003 жылы табылған 3-ші Алтын адам -Сақ патшасының сүйегін жерлеген болатынбыз! Осы аталмыш шараға не облыс әкімшілігінен, не Мәдениет министрлігінен, не партия өкілдерінен ешкім қатысқан жоқ. «Қазіргі уақытта ауылдың ауа-райы жақсы болып қалды» дейді ауыл тұрғындары. Ата-бабамыз құдайға тасаттық беру арқылы жауын жаумай қойса да, Алладан тілек тілеген емес пе еді!? Күні кеше ғана, яғни 2014 жылы шілде айында Ақмола облысы Зеренді қорғандары қазылып, «қола дәуірі кезеңіндегі жәдігерлер табылды» деп дабыл қаққан едік. Осы қорғандар қазылғаннан кейін Көкшетау қаласы жауын салдарынан судын астында қалды. «Көкте көк тәңірі, жаратушы иеміз бар» болғанда, жер бетінде тіршілік болғанда, демек осы екеуінің арасында қандай да бір тылсым күштің бары да ақиқат. Ол күш иесін ата-бабамыз «Әруақ» деп атап кеткен. Славян халықтары «дух» деп атайды. Қазақ халқындағы ең үлкен қарғыс ... «Әруақ атсын делінген!». Ал, орыс халқында «...чтобы твоего духа не осталось...!» -дейді. Бүгінгі күні біздің үкімет басындағылар шығынды есептеп әуре болып жатамыз. Ел боламыз, дамыған елдердің қатарына енеміз десек, осы мәселелердің алдын алуымыз қажет деп есептеймін. 1941 жылы И.Сталин Ақсақ Темір бабамыздың Өзбекстан аумағынан мүрдесін ашып, сүйегін Мәскеуге алдырған күні ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталып, Кеңес әскері Гитлермен соғысып, қатты жеңіліске ұшырады. Тек, 1943 жылы мүрдені орнына жерленгеннен кейін ғана немістер жаппай жеңіле бастаған болатын. Египеттегі қақтығыстар,Сирия мен Израил арасындағы болып жатқан соғыстар толастар емес. Ол жерден Ағылшын ғалымдары ежелгі замандағы мумия адамдарды қазып алып кеткен болатын. Қазіргі уақытта сол табылған мумиялар Ұлыбританиядағы мұражайларда сақтаулы делінеді. Ресей мен Украина арасындағы жағдай күннен - күнге үдеп барады. 1941-1945 жылдар аралығындағы соғыста қайтыс болған мыңдаған сарбаздардың мүрделерін қазып, мәйіттерін әрбір мемлекеттерден туыстары барып алып кетіп жатыр. Міне, осыдан соң, нендей жаманшылықтар болып жатқандарын естіп жатырмыз. Елбасымыз «Мәдени мұра» бағдарламасында баяндаған сөзінде : «...археологиялық қазба жұмыстары бей-берекет қазыла бермей сол тарихи орындарымыз қарлы боран, жауын -шашынның арасында шайылып кетіп жүрмесін»- деп тапсырма берген болатын. Әйтпесе, Отырар секілді орнын да таба алмай қалып жүрерміз. Қазіргі таңда біз қасиеттен айырылып барамыз. Түркі әлемінің қара шаңырағы-деп аталатын қасиетті мекендеріміз қазіргі уақытта сол қауіпті жағдайда тұр. Қорғандарымыздың көпшілігі мал қора болып жатыр. Әрқайсымыздың ата-бабамыздың, әке-шешелеріміздің мүрделері шашылып, орны мал қора болып жатса қандай халде боламыз. Қазақта мынандай қасиетті сөз бар: «Таратқан атаңды білмесең-Жаратқан құдайды қайдан білесің» деген. Осы мәселелер жөнінде сіздерден қоғамда болып жатқан келеңсіз мәселелерді ескере отырып, болашаққа бағдар жасайық ағайын. Ойыммен бөліскендеріңізге рахмет. Айдын Қалдыбайұлы Егеубаев 8 777 728 97 74, 8 701 553 69 48 email.. nurali-tur777@mail.ru 07.08.2014 ж.
0 дауыс
3 алтын адам табылған.
0 дауыс
5алтын адам табылған
0 дауыс
10 нан асады себебі мен көргем
...