0 дауыс
11.3k көрілді
Менің аяғым қисықтау. Соған арналған жаттығуларды көрсетесіздер ма?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Аяққа арналған жаттығулар

 

Әдемі, тартымды көрінетін аяқтардың иесі атану үшін мына жаттығуларды қалдырмай істеп жүріңіздер. Бұл 3 оңай жаттығу аяқ бұлшық етін жаттықтырып, воллейболшы қыздардың аяғындай шымыр әрі нәзік қылады. Бастапқы кезде қатты тырысамын деп аяқтарыңызды ауыртып алмаңыздар.

1.(А) Аяқтарыңызды иық деңгейіне қойыңыз, аяқ тұмсықтары екі жаққа қарасын. Қолыңызға гантель алып, оны шынтақты бүкпестен шеттерінен ұстаңыз.

(В) Мүмкіндігінше төмен отыруға тырысыңыз. Осылайша бірнеше секунд кідіріңіз. Асықпай орыныңыздан тұрыңыз. Бірнеше рет қайталаңыз. Жаттығу барысында белге дейін арқаңыздың тік болғанын қадағалаңыз.

2. Түзу тұрыңыз, аяқтарыңыз иық деңгейінде болсын. Ішіңізді тартыңыз.

(А) Оң аяқпен артқа қадам жасап, отырыңыз.

(В) Оң аяғыңызды жоғары көтеріп, ауаны тебіңіз. Бастапқы (А) орынға оралып, жаттығуды 10-15 рет істеңіз. Аяқты ауыстырып, жаттығуды қайталаңыз.

3. (А) Түзу тұрып, қолыңызды еденге параллель ұстаңыз. Оң аяғыңызды көтеріп, ұстауға тырысыңыз.

(В) Суреттегідей отыруға тырысыңыз. Арқаңызды мүмкіндігіңізше түзу ұстап, оң аяғыңызды еденге тигізбеуге тырысыңыз. Бірнеше секунд кідіріп, бастапқы орынға қайтып оралыңыз. Кезек -кезек аяғыңызбен 10-15 рет қайталаңыз.

Ақпарат мына жерден алынды..

0 дауыс
Аяқ созу

Жерге қабырғаға карама-қарсы отырыңыз. Аяқтарыңызды созып, табандарын қабырғаға тіреңіз. Қалауыңызша жастықшаға отырсаңыз болады. Аяқтарыңызды түзу ұстап, осылайша алдыға қарай барынша еңкеюге тырысыңыз. Жаттығу нәтижесінде балтыр мен сан еттері созылып шынығады.

Саусақтар жаттығуы

Оң аяқты алдыға, сол аяқта артқа қойып тұрыңыз. Сол аяқты алдыға тартып, оң аяқпен қосып саусақтарын жерге қарай қысыңыз. Бірнеше сәтке осылай қалып, кейін саусақтарды босаңсытыңыз. Жаттығуды екінші аяқпен қайталаңыз

Саусақтарды айқастыру

Орындыққа отырып, сол аяқты оң аяқтың үстіне салып қойыңыз. Оң қолдың саусақтарымен сол аяқтың саусақтарын айқастыруға тырысыңыз. Осындай қалыпта бірнеше сәт отырып, екінші аяқпен де осылайша жасап көріңіз.
http://massaget.kz/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Багдат 2.12.2015 Тазалық сұрақ қойды
+1 дауыс
4 жауап
...