Насыбайдың шығу тарихы қандай?

0 дауыс
3.1k қаралым
Насыбайдың шығу тарихы қандай? Жалпы осы насыбай қалай әзірленеді? Оның зиян мен пайдалы жақтары бар ма? Өзіңіз насыбай атасыз ба? (ұлдарға)
Жалпы медицина
Үлкендер ол миды кептіріп тастайды деп айтатын.

2 жауап

0 дауыс
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D0%B9

Осыны оқып көр.Бір пайдасы тиіп қалар.
0 дауыс

Автор: Жамила Мамырәлі

Бір кезде «нас» деген иісі жұпар ағаш болыпты. Сол насты жұрт иіскейді екен. Насыбай о баста содан шыққан … Міне, осындай аңыз бар. Иә, ол аңыз. Шындық басқаша.  

Насыбай жасаудың жолы өте қарапайым. Қарабайыр. Алдымен кептірілген жапырақты шағын темір келіге салып, ұнтақтау керек. Бұл әлі насыбай емес! Күл керек. Ол үшін насыбайшы өзі қалаған ағаштың қабығын сыдырып алып, алдымен кептіреді де, содан соң оны жағып, күлін жинайды. Сөйтіп темекі ұнтағына тиісінше күл қосылады. Насыбай түйір-түйір болып тұруы үшін кәдімгі әк те қажет екен. Ол да насыбайшының қалауымен ыдысқа түседі. Енді шамалы су қосып араластырса да жетер еді. Бірақ ақша табудың жолына түскендер бұнымен шектелмейді деседі. Насыбайдың уытын күшейту үшін оған тауықтың саңғырығын араластырады деген сөз бар.

Тауықтың саңғырығы деген қойдың құмалағы немесе жылқының тезегі емес. Ол улы.

Сонымен темекі (құрамында адам түгілі атты өлтіретін улы никотин бар), күйген жерін күйдіретін әк, күл (қоқыс деп түсініңіз) және улы саңғырық араласқан насыбай дайын. Осындай нәрсені қалай ауызға салуға болатыны, айталық, маған түсініксіз.             Бірқатар көршілеріміздің дабыл қаққандарына біздің тиісті мекемелер бұрылып қарамағандай. Мысалы, Ресей мен Түркіменстан насыбайды тұтынуға, оны сырттан әкелуге, сатуға тыйым салып отыр. Тіпті ереуілдеуден көз ашпаған Қырғызстанның өзінде бұл бағытта қозғалыс бар. Қырғыз дәрігерлері зерттеулер жүргізіп, насыбайдың ішкі секрециялық бездерді қабындырып, ерлерді белсіздікке ұрындыратынын ашына айтып жүр. 

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
16 жауап
+2 дауыс
8 жауап
0 дауыс
5 жауап
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы