Ораза сұрақтар | 71.6k қаралды
71.6k қаралды
Ораза ұстаған кезде қыздарға боянып шашты  жайып тырнықтарын боуяға шаш қырқуға  болмайды деп естідім сол рас па?
Дін туралы сұрақ қоймаймыз!!!
Тырнақты бояса дәрет алғанда тырнаққа су тимейді,сондықтан тырнақты бояуға болмайды.Ал макияжды білмеймін.

13 жауап

Шариғатта әйел кісінің өз ері үшін сәнденіп, сұлу және әдемі көрінуге тырысып боянуы – ұнамды іс. Ал бөтен еркектің назарын өзіне аудару үшін боянуға Ислам діні тыйым салады. Бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Әйелдерге айт!... Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, ...әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады...»[1]. Аталмыш аяттағы «әз-Зинату» сөзінің мәнін зерттей келе әйгілі тәпсірші ғалым Мухаммәд әл-Құртуби (р.а.): «Зейнет екі түрлі болуы мүмкін. Біріншісі түр-сипатының әсемдігі сияқты табиғи зейнет. Екіншісі киіну, бояну, сүрме жағу яки әшекейлер тағу сияқты жасанды зейнет»[2], – деп бояну да аяттың аясына кіретіндігін ұғындырып отыр. Ендеше тек құдай қосқан қосағыңызға арнап боянып, макияж жасау ұнамды іс. Өкінішке орай бүгінгі қоғамда әйел кісілерде өз еріне емес тек көшеге шығарда бояну керек деген түсінік қалыптасқан. Көшедегі боянып жүрген қыз-келіншекті көрген отағасы, үйіне келгенде, өз әйелінен де сондай әдемі түрде көргісі келететінін қаперден шығармаған дұрыс. Сондықтан да, мұсылман әйел-келіншектерге айтарымыз: Әйелдің ең басты мұраты Алла тағаланың, содан соң өз күйеуінің разылығын табу. Олардың мәнгі өмірде бақытты болуы басқаға емес, күйеуіне жағумен тікелей байланысты екенін естен шығармаған жөн.
Жақсы Жауап
легкий макияж бола беретін шығар, быттыйтып қатты боянбасан болды ғой))
Әрине болады. Бояна бер . (негізі дінмен айналыспаймын,сондықтан маған сенбе)
Белгісіз
Бет жаман болып тұрса Димаш айтқандай жеңіл макияж жасат. Былайынша біреудің көзіне түсу үшін бояну,сәндену күнә!
Белгісіз
Иә, боянуға болады... Бірақ слегка,,,,
Белгісіз
Жалпы Оразаны не үшін ұстанбақшысыЗ?? соны ойланып көріңізші!!! Меніңше сіз жай Глолдовкда болайын деп жүрген сияқтысыз !
Мен сіздің менің не үшін ораза ұстайын деп жатқан туралы пікірінізді сұрап жатқан жоқпын Сіздің пікірініз қызықтырмайды...
Менин куйеуим ораза устап бастады, бирак ол кеш жатады да кундиз 4-5 ке дейин уйыктайды, ол ораза кабыл боладыма
Оразаны ұйқымен өткізсен оразаның сауабын түсінде көресің
Сәлеметсіздерме, ораза кезінде наращивание ресниц жасатуға болады ма? айтып жіберіңіздерші айып болмаса
Ауыз ашкансон ваннага су толтырып, езинип жатуга болама?
Сәлеметсіздерме . Менің бир сурагым болып тур. Жауап берсениз риза болар едим. Жакында менин колледжді битиру кешим болады. Сол куни боянып, кирпик жапсырсам оразама еш зиянын тигизбеиме? Алде ауыз бекитпеуим керекпе сол куни? Билетин жамағат жауап берсе екен деимин. Алла разы болсын.
саламатсыз ба. Мен осы жылы мектеп бітіремін және алдымда мектеп бітіру салтанаты мен емтихандар бар. Оразаны бірінші рет ұстап отырмын. Оразамды бұзып, осы жылдың ішінде қалған күндерін өтесем болады ма?
Арине боладыгой... сен жас кез емессіңбе... тек ашық киінбе
Оразаны тек сыртқаттанып қалған жағдайда,сапарға шыққан жағдайда ғана бұзып,сол күндерді кейін өтеуге болады.Ал басқа себептер себеп болып есептелмейді.Егер сіз сол бір мейрам үшін оразаны бұзбақ болсаңыз,әрине,дұрыс емес!Бұндай жағдайда сіз бір күннің қазасын 60күн өтейсіз...
118,379 сұрақ
305,273 жауап
153,296 пікір
67,629 қолданушы