+2 дауыс
7.1k көрілді
Тұңғыш қазақ дәрiгерi кiм ? Өмiр тарихынан қысқаша мәлiмет қоса кетiңiздер.
Барлық жауаптарға рахмет. Көптеген мәлiметтерге ие болдым.

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұхаметжан Қарабаев – еңбекқор, тақуа, адал ниетті ерекше жаратылған жан еді. Қарапайым қазақ бақташының біртума жан екендігін көрнекті педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин байқаған және Троицк гимназиясына оқуға түсуге көмектескен. Жас Мұхаметжан Қарабаев 1881 жылы  кәмелеттік аттестат алған кезде Торғай облысында 105 мың шаршы шақырым аумақта орташа есеппен бір дәрігер, бір фельдшер және бір кіндік шешеге 82 мыңнан астам адамнан келді. Жас кедей қазақ жігіт бюрократтық қиындықтарды, мұқтаждық пен аштықты жеңіп, Қазан университетінің медицина факультетін «Адамдардың денсаулығы мен өмірін және оларды басқа үлкен қалалардағыдай емдеуге сенім артқан дәрігерлік қызмет саласына адал ниетпен кірісу үшін» бітірді, бұл оның өмірдегі алғашқы жетістігі еді. Қостанай мекенінде дәрігер болып, ол қазіргі өлшеммен өте кішкентай 4 орындық ауруханада жұмыс істеді. Ол 1888 жылы маусымда уез дәрігерінің қызметіне тағайындалып, үнемі сапарда жүріп, шұғыл хирургиялық операциялар жасап, екіқабат әйелдерді босандырды, шешек, тырысқақ және қышыма қотырмен күресті.

Кезінде, революцияға дейінгі уақытта Қарабаев сияқты еркін жаттыққан білікті дәрігерлердің әжептәуір қазына-мүліктің иесі болуы мүмкін еді. Мұрағаттарда троицкідегі дәрігерлердің бірі, біздің  жерлесіміздің арызы сақталған, арызда 1920-шы жылдары оған емделген адамдар алғыстарын білдіріп, сыйлық ретінде берген сом алтындар мен басқа да бағалы заттардан тұратын жеке мүлкін заңсыз тәркілегендігі туралы айтылған. Ал, Қарабаев болса  науқастардың тағдырына салғырт қарау дұрыс емес деп шешіп,  қызметінің бірінші жылын шенеуніктердің салғырттығынан еңбекақысыз өткізіп, жұмысын істей берді. Уезд бастығының Торғай әскери губернаторына дәрігер Қарабаевтың халық арасында сенім мен ерекше құрметке ие екендігі туралы жазған баянаты сақталған. Бірақ, осы күн сайынғы  ерлікке толы еңбек оған жеткіліксіз көрінді. 1911 жылы елу үштегі дәрігер өз еркімен қауіпті алапес ауруымен күресу үшін Якутияға жол тартады. Ол бес жыл Орта Колым және Якутиядағы алапес ауруларына арналған емханада жұмыс істеді. 1916 – 1917 жылдары отанына оралып, Петроградта Қызыл крест ұйымында жұмыс істеді. Отанына оралғанда дәрігерлерден тарығып отырған денсаулық сақтау бөліміне келіп, бар күш-қуатын аямай халыққа қызмет етуге дайын екендігін білдірді. 1921 жылғы тырысқақ індеті аштықпен тұспа-тұс келді, өліктер (кейде бір түнде 60 адамға дейін өлді) қала көшелерінде жатты.  Мұхаметжан Қарабаев өзінің ұлғайған жасына қарамастан демалыссыз жұмыс істеп, алыс ауылдардағы адамдарды  ажалдан құтқару үшін атқа салт мініп, аралады.  Семиозер және Боровской ауруханаларын басқарған ауыр жылдарда тек медициналық аспаптар ғана емес, кей кезде сабын да жетіспеді.  Ол 1927 жылы денсаулығы сыр бергесін, өмірінің мәніне айналған жұмысын тоқтатады. Оған денсаулық саласындағы зор еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалды. Бірақ, 1928 жылы адамдардың есінде өзі туралы жақсы естелік пен алғыстарын қалдырып, еш байлық жинамастан қарт дәрігер өмірден озды.

http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1231363200
+2 дауыс
Мұхамеджан Қарабаев – тұңғыш қазақ кәсіби дәрігері
+3 дауыс
Иса Қашқынбаев
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алаш орданың белгілі қайраткері Қашқынбаев Иса (Ғайса) Таумышүлы 1891 жылы қыркүйектің 15-інде бұрынғы Орал облысы, ілбішін уезінің Қурайлы болысындағы үшінші ауылда туған.
1903 жылы Қарасу Шалқар облыстық орыс-қазақ мектебінде, одан соң Орал реалдық әскери мектебінде оқыған. Оны 1910 жылы бітіреді. 1912 жылы. Қазан университетінің медицина факультетіне оқуғатүседі. Ол университетте өте жақсы оқиды. 1917 жылы Қазан университетін өте жақсын әтижемен бітіріп шығады.
И.Қашқынбаев - қазақтан шыққан тұңғыш дәрігерлердің бірі. Сондықтан ол дәрігер ретінде де халқына көп қызмет көрсетіп, игілікті істер атқарар еді. Заманы оған басқа міндет жүктеді. 1917 жылы Орал облыстық жер басқармасында бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Жас та болса Қашқынбаев Иса лауазымды қызметке іліге сала жұрттың көзіне көріне бастайды. Оның біліктілігі, іскерлігі, кесек мінезді адами болмысы ерекше болады.
Жетістіктері[өңдеу]

1917 жылы желтоқсанда өткен екінші жалпы қазақ съездіне ол Орал облысы қазақтары атынан қатысып, саяси жиынға жиналғандардың ыстық ықыласына ие болады. Съезд И.Қашқынбаевты Алаш орданың ұлт кеңесіне мүшелікке кандидат етіп сайлайды. Оның үстіне ұлт кеңесінің орынбасары қызметін тапсырады. Ал Жымпитыда өткен төртінші Орал облыстық қазақ съездінде «Ойыл уәлаятының» уақытша үкіметіне мүше болып қабылданады. 1920 жылғы 21 маусымда Қазақ РК (б) П облыстық комитеті арнайы мәжіліс ашып, И.Қашқынбаевқа «Қоғам үшін қауіпті адам» деген айып тағады. Осыған байланысты Заволжье әскери округіне жіберу жөнінде шешім қабылдайды. Алайда, Қазақ орталық атқару комитеті ара түсіп, оны Заволжьеге жібермей қалады. Дегенмен И.Қашқынбаевтың енді туған жерде қалмайтыны анық еді. Қазақ РК (б) П облыстық комитеті оны Ташкент қаласына жібереді.
Х.Досмүхамедовтермен бірге (1920 ж. ақпан айының басыңца) Орынбор арқылы Мөскеуге жөнелтілді. Маусым айында кеңес басшылығына табыс етілген Батыс Алашорда үкіметінің қызметі туралы мөлімдемені өзірлегендердің бірі. Сол жылғы 3-маусымдағы БОАК қаулысымен Қазөсревком қызметіне үсынылды.[1]
Ташкентке барысымен тілеулес жолдастарымен бірігіп мұсылмандардың өлкелік фельдшерлік мектебін ұйымдастыру ісіне кіріседі. 1930 жылы Ташкент университетінің аспиранттары М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров «Қазақ ұлтшылдарының кері төңкерістік үйымының Ташкенттегі астыртын бөлімшесіне мүше болды» деген айыппен университеттен шығарылып, тұтқындалады. Солармен бірге И.Қашқынбаев та Ташкенттен этаппен айдалып, Алматы түрмесіне жабылады. Абақтыдан 1932 жылы шықты.
1938 жылы 23 сәуірде «Контрреволюциялық ұйымға қатысты» деген айыппен тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бірақ айыптаушылар бүл қылмысын дәлелдей алмай, 1939 жылы 1 желтоксанда түрмеден босатады.
Соғыс жылдарында көшіріліп әкелінген госпитальдарға жетекшілік етеді. Сталинград және Украина майдандарындағы ерлігі үшін «Қызылжүлдыз» орденімен марапатталады. Соғыстан кейін Ташкентте Семашко атындағы Курортология ғылыми-зерттеу институтында қызмет етті. 1948 жылы 12 мамыр күні Ташкентте қайтыс болған.[2]
Дереккөздер[өңдеу]

↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
+3 дауыс
Асфендиаров Санжар Сейітжапарұлы (20.10.1889, Ташкент –25.02.1938, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог. Әкесі Сейітжапар (Жағыпар, Сейітжағыпар) –сұлтан, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінде отставкаға шыққан, жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері, анасының есімі – Гүландам Қасымова (кейбір гипотезалар бойынша Кенесары Қасымовтың ұрпақтарынан тараған). Ташкенттегі реалдық училищені(1907), Петербургтағы әскери- дәрігерлік академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктін теңіз ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді. [1]

Санжар өз әскери-медициналық қызметін Түркістан генерал-губернаторлығы мен Бұқара әмірлігінің шекарасындағы Термез мекенінде жергілікті лазаретте кіші дәрігер ретінде бастап, 10-шы Түркістан атқыштар полкына бекітілді. Артынан 9-шы атқыштар полкының аға дәрігер қызметкерінің міндеттерін уақытша атқарушы қызметіне ауысып, Самарқандта және Асхабадта шоғырланған атқыштар поктарында дәрігерлік қызметпен айналысады. 1914 жылы тамызда Санжар 5-ші Түркістан атқыштар полкының аға дәрігері қызметінде І дүние жүзілік соғыстың Шығыс майданына аттандырылады. Осы майданда 1914 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында орын алған ұрыстарда Санжар жараланған және науқас болған сарбаздарға медициналық көмек көрсетумен айналысты
+3 дауыс
Аққағаз Досжанова – Мәскеуде бiлiм алған қазақтың алғашқы дәрiгер қыздарының бiрi
+2 дауыс

Мұхаметжан Қарабаев – еңбекқор, тақуа, адал ниетті ерекше жаратылған жан еді. Қарапайым қазақ бақташының біртума жан екендігін көрнекті педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин байқаған және Троицк гимназиясына оқуға түсуге көмектескен. Жас Мұхаметжан Қарабаев 1881 жылы  кәмелеттік аттестат алған кезде Торғай облысында 105 мың шаршы шақырым аумақта орташа есеппен бір дәрігер, бір фельдшер және бір кіндік шешеге 82 мыңнан астам адамнан келді. Жас кедей қазақ жігіт бюрократтық қиындықтарды, мұқтаждық пен аштықты жеңіп, Қазан университетінің медицина факультетін «Адамдардың денсаулығы мен өмірін және оларды басқа үлкен қалалардағыдай емдеуге сенім артқан дәрігерлік қызмет саласына адал ниетпен кірісу үшін» бітірді, бұл оның өмірдегі алғашқы жетістігі еді. Қостанай мекенінде дәрігер болып, ол қазіргі өлшеммен өте кішкентай 4 орындық ауруханада жұмыс істеді. Ол 1888 жылы маусымда уез дәрігерінің қызметіне тағайындалып, үнемі сапарда жүріп, шұғыл хирургиялық операциялар жасап, екіқабат әйелдерді босандырды, шешек, тырысқақ және қышыма қотырмен күресті.

0 дауыс
Аққағаз Досжанова (1893 жыл, Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрті болысы, 5-ауыл - 1932, Шымкент) - Қазақтың талантты да, ұлтшыл аяулы қызы,
1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіріп, медицина мамандығын алуға Мәскеуге барып, медицина курсына қабылданады. Сол кезден бастап елдің жоғын жоқтаған, қайраткерлігімен өз ортасынан суырылып алға шыққан.
1917 жылы қазақ зиялылары ұйымдастырған Мәскеудегі Татар слободасындағы медреседе өткен бас қосуға қатысып, мұсылман елдерінің азат болуы туралы баяндама жасайды. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік еді.
1917 жылы 1-8 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, мұсылман әйелдерінің мүң-мұқтажын жоқтап сөз сөйлейді. Осылай жұрт назарына ілігіп, елінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтап жүргенде өзі ауруға шалдығып, Мәскеуде түра алмай, 1918 жылы елге қайтады.
Бірер жыл денсаулығын күтіп, аурудан айыққан соң 1920 жылы Томск медициналық университетіне оқуға түседі
1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетіне ауысады.
Оқи жүріп ординатор-дәрігер болып қызмет істейді.
1922 жылы оқуын бітіріп, жұмысқа араласады. Жастайынан ұлтының тағдырына күйініп, жаны шырқырап жүрген аяулы қыздарын қазақтың сол кездегі ел ағалары қатты құрметтеген екен.
Оның университетті бітіруі салтанатты түрде мемлекеттік деңгейде аталып өтіп, 1922 жылы 14 желтоқсанда Түркістандағы Орталық Азия университетінде оқып жүрген жергілікті ұлт қыздарына А.Досжанова атындағы стипендия тағайындайды.
1928-1929 жылдары Ташкентте тұрақтайды
1930 жылы отбасымен Алматыға көшіп келіп, № 1 ауруханада гинеколог болып жүмыс істейді.
1932 жылы Шымкент қаласында өкпе туберкулезінен қайтыс болады.
Еңбектері[өңдеу]
Медицина тақырыбындағы еңбектерінен тыс, «Әйел теңдігі», «Абай», «Жас азамат» атты әлеуметтік, жалпыұлттық тақырыптарда мақалалар жариялайды. Осы мақалаларынан оның саяси ұстанымын, ұлтшыл бағытын, адами тұлғасын тануға болады.[1]
...