Атам темекiнiң шығу тарихын былай деп айтады: "Ертеде тропикалық аймақтарда цэцэ деген шыбын болыпты. Ол шағып алса , адам жұқпалы дертке шалдығып көп ұзамай өлiп кетедi екен. Бiрақ цэцэ маса сияқты түтiннен қатты қорқады екен. Соны бiлген нэнец, эвенкiлер қылқан жапырактарды кептiрiп, үгiтiп түтiкшелерге салып тартқан. Содан берi тундралықтар- бесiктен белi шықпай жатып темекi тартып, денсаулықтарын сақтайды екен." Атам солай дейдi, бiрақ ол кiсi басқаша шығу тарихы болу да мүмкiн деп қояды. Темекiнiң отаны тундра емес, европа жақ емес пе? Басқа қандай шығу тарихын бiлесiздер?