0 дауыс
9.5k көрілді
Қара көженің денсаулыққа  қандай пайдасы және зияндары бар. Сол туралы толығырақ мәлімет берсеңіздер...
Қара көже деген не,түсініктірек жазсаңыз.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл көженің «қара» аталуында да сыр бар. Ашаршылық заманда бидай мен тарының талқанынан балалар мен қарттарға дайындалатын ас болған. Талқан қайнай келе қарақошқыл тартады. Тұзсыз, майсыз әзірленген бұл көженің түсі қара болғанымен, қуаты ерекше. Уақыт өтіп, тірлік түзеле көженің де дәмі арта түсті. Жасалу әдісіне енген өзгерістер көженің маңызын арттырмаса, кеміткен жоқ. Ендеше, қара көженің қуатын сіз де біле жүріңіз.Толығырақ http://kz.otyrar.kz/2013/06/%D2%9Bara-k%D3%A9zhe-ishi%D2%A3iz/
0 дауыс

Ол туралы мағлұмат:.

Көже– ұлттық тағам. Ет, май, сүт немесе сүт өнімдерінің езінділерінің бірі қосылмаған Көже адамға тамақ болмайды, құнары аз, тек аштан өлмеудің ғана аужалы деп саналған. Көженің бірнеше түрі бар. Кеспе Көже жасау үшін жұқа жайылған қамырды орамалап бүктеп, арнаулы пышақпен кесілген жіңішке таспа кеспені еті сүзіліп алынған сорпаға қатты қайната отырып себелеп салады. Сирек елеуішпен елеп салса, ол ұннан тазарып, саласы жазылып, сорпаның ішінде онша ботқаланбай, ішуге ұнамды болып піседі. Кейде кеспені жайып қойып, біраз кептірілгеннен кейін барып кеседі. Қазақ халқы кеспенің қамырын, көбінесе, жұмыртқа езген сүтке илеген. Мұндай кеспенің нәрі, азықтық қасиеті, дәмділігі артады. Пісуі жеткенде кеспенің қоюы сорпаның бетіне көтеріліп, біраздан соң сорпаның түбіне қайта шөге бастайды. Бұл кеспенің дайын болғанын көрсетеді. Қолдама Көже жасау үшін қамыр арнайы дәм-тұзын татымды етіліп сүтке, кейде жұмыртқа қосқан сүтке, сорпаға иленеді, сосын оны үстелге салып, бармақпен ширата жұқартып түйіршіктейді. Сорпаға пісіреді. Атырау өңірінде оны бармақ Көже деп те атайды. Ши кеспені талшығын өте жіңішке кесіп, кептіріп әзірлейді. Салма Көжені жайған жұқа қамырды төрт бұрышты етіп кесіп жасайды. Сеппелі Көжені кеспенің үстіне ұн сеуіп, қоюлатып пісіреді. Тары Көжені ақтаған тарыны сорпаға, сүтке, сүт қатқан суға бөрттіріп жасайды. Ондай К-ні ашытып қойып, салқын күйінде де ішуге болады. Қонақ К-ні тары мен қонақты келіге түйіп, қауызынан тазартып алған соң сорпаға, сүтке қайнатып, біраз уақыт қақпағын жауып қойып бұқтырып жасайды. Бидай Көжені келіге түйіп, кебегі алынып, аздап жармаланған бидайды етпен бірге қайнатып пісіреді. Мұны да қайнаған соң, бұқтырып алады. Қара Көжені қуырылған бидайдың талқанын сүтке қайнатып жасайды. Мұндай Көжені, көбінесе, мал күзетіндегі күзетшілер мен жорықшылар ішкен. Көженің күріштен, жармадан, бұршақтан, арпадан жасалатын сүт Көже, құрт Көже, умаш, туралмыш Көже дейтін түрлері де бар. Сүтке ашыған бидай Көже әрі жұғымды, әрі шөл қандыратын сусын. Етін аз салып, қаймақ, қатықтармен, томат және кейбір жемістермен дәмдендіріп, көкөністен әзірленетін сорпалар мен өсімдіктерден жасалатын Көжелер қазақ халқы арасында отырықшы тұрмысқа көшіп, бау-бақша өсіре бастаған кезден белгілі.

Ақпарат.

+2 дауыс
ертеде ата бабаларымыз әбден жатарда ақ ішкен,жалпы ақ сүт,айран, көже ауыздағы бактерияларды жоюға көмектеседі екен
+2 дауыс
қара коже мен коженің айырмашылығы жоқ. Оның еш зияын жоқ. Бұрын оны  шолдегенде немесе судың орнына қолданған. ОЛ коп шолдетпейді және де қарнын аштырмайды тоқ болып жүреді. Ал коженің озі су тұз және күрішті қайнатып жасайды және де кейбіреуі сүт шұбат т.б қосады.
0 дауыс
кара коже адмды семиртедиме

Ұқсас сұрақтар

...