+1 дауыс
13.4k көрілді
Гепатит қандай ауру? Қалай жұғады? Емделу жолдары?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Гепатит(сары ауру) — бауырдызақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температура көтермейді Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ол қарт адамдар мен екіқабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас, әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. (Мына адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады). Белгілері *.Асқа тәбеті болмайды, темекі де шеккісі келмейді. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды. *.Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады *.Дене қызуы көтерілуі мүмкін. *.Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды. *.Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады. *.Несептің түсі қызғылт-сары, алүлкен дәрет — ақшыл болады. ↑Бөлімнің басына оралу Емдеу жолдары *.Антибиотиктердің гепатитке еш пайдасы жоқ. Оның үстіне кейбір дәрілер бауырға одан сайын зиян келтіреді. Дәрілерді пайдаланбаңыз. *.Науқас демалып, көп сұйық ішуі керек. Егер тамақ ішкісі келмесе, оған апельсин, папайя және басқа жемістердің шырындарын беріңіз, бұған қоса сорпа немесе көкөністер организмді витаминдермен байытады. *.Науқас тамақ іше бастаған кезде тамақтың түр-түрін теңдестіріп берңіз. Құрамында протеин аздау көкөністі және жеміс-жидекті көбірек қабылдағаны дұрыс. Құрамында протеині мол тағамдарды (ет, жұмыртқа, балық т. б.) көп бермеуді кеңесетеміз, өйткені бұл бауырға салмақ түсіруі мүмкін. Ауырғаннан кейін кем дегенде6 ай бойы ішімдік ішпеңіз. ↑Бөлімнің басына оралу Алдын алу *.Гепатит вирусы бір адамнан екінші адамға дәрет, лас су мен тағам арқылы тарайды. Ауруды жұқтырмау үшін науқас адамның дәретін көміп тастау немесе жағып жіберу керек және өзін таза ұстау керек Мұндай науқастарды күткен кезде оған жақындаған сайын қолды мұқият жуу қажет. *.Жас балаларда гепатиттің белгілері байқалмайды, бірақ олар ауруды басқаларға таратады. Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаудың ерекше маңызы бар. *.Аурудың белгілері жойылғаннан кейін кемінде 3 апта бойы ауруды басқаларға жұқтырмауға тырысыңыз. Жеке ыдыс пайдаланыңыз. Жыныстық қатынас жасамаңыз, тіпті презервативпен болса да, басқаларға дайындалған тамақтан аулақ болыңыз. [1] ЕСКЕРТУ: Гепатит стерилденбеген инемен шанышудан да тарайды. Әр қашанда пайда-ланар алдында шприц пен инелерді қайнатып алыңыз
0 дауыс
гипатит в ауруы жазылама и кетеме одан калай кулуга болады екен
гепатит в бұл компьютерге өте көп отырғаннан жұғады өйткені монитордағы сәулелер қанға өз әсерін беріп бауырды бұзады
...