0 дауыс
10.8k көрілді
Қарапайым пирогтың рецептін беріңдерш
Адресі қандай?
Міне осы пирог маған унайды...Анам демалыс кундері жасап беретін пирогтың   рецепті аспаз жобасында жур екен...https://surak.baribar.kz/aspaz/?p=399

3 жауап

+1 дауыс
  • Аспаз жобасына кіріңіз. Сол жерден таба аласыз. Неше түрлі пирог түрлері бар.
+1 дауыс


Бізге қажет болады:

- 3 жұмыртқа
- 75 гр қант
- 1 стакан айран
- жарты стакан сүйық май
- 3 ас қасық ұн
- 1 стакан жармақ (ор. манка)
- ванилин
- 1/2 шәй қасығы сода
- 1 пакет разрыхлитель
- жаңғақ

Шырын:
- 1 стакан қант
- 1,5 стакан су
- 3-4 тамшы лимон суы

Шырын үшін су мен қантты араластырып 20 минуттай жәй отта пісіріңіз. Қанттың әсерімен су қоюлана бастаған кезде, лимон суынан тамып, отты өшіріңіз.

Жұмыртқа мен қант жақсылап тұрып миксерленеді. Кем дегенде 4-5 минут. Мен жұмыртқаның өзін ғана 3 минут араластырып, қант қосып тағы 3 минут араластырамын. Айран мен майды қосыңыз. Басқа ыдыста еленген ұн, жармақ, ванилин, сода мен разрыхлитель араластырыңыз. Ұн қоспасын қалған заттарға қосыңыз. Ең соңында майдаланған жаңғақ қосып араластырыңыз. Пісіретін ыдысыңызды майлап, үстіне аздап қант себіңіз да, ревани қамырын төгіңіз. Алдын ала ысытылған 175С духовкада пісіріңіз. Реванидің үстіне біркелкі етіп шырын төгіңіз.

Негізі, ревани ыстық – шырыны суық болуы керек деп жатады. Ревани ішіне қалауыңыз бойынша жаңғақ орнына лимон қабығының ұнтағы немесе басқа да нәрселер қоссаңыз болады.
0 дауыс

Алқоры қосылған бәліш


Бізге қажет болады:

Бәліштің қамыры қант пудрасы арқасында жұп-жұмсақ (қаймақ қосқандағыдай) болып шықты. Алқорылардың табиғи қышқылдығы аздап қана сезілді.

- 10 алхоры
- 150 гр еріген сары май
- 3 жұмыртқа
- 100 гр қант
- 150 гр қант пудрасы
- жарты стакан жылы сүт
- 13 ас қасық ұн
- 1,5 ш.қ. разрыхлитель

Алхорыларды жуып дәнегін алып тастыңыз да, жұқалап тілімдеңіз. Жұмыртқаларды қант және қант пудрасымен бірге жақсылап араластырыңыз. Жарты ұныңызды және разрыхлитель қосыңыз. Сүт қосып араластырыңық. Қалған ұнды қосыңыз. Жақсылап майланған формаға аздап ұн сеуіп, қамырды соның ішіне құйыңыз. Үстіне алхорыларды тізіңіз. Енді 2 ас қасық қант сеуіп 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Алқорының орнына басқа да жемістер қосуға болады.

Ұқсас сұрақтар

...