+2 дауыс
3.7k көрілді
Нервтер шаршағанда ойнайтын ойындар бар мекен?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
кім тез ұйықтайды деген ойын *54
я дурыс айтасын
+2 дауыс
Мидың жұмысын жақсартуға арналған 15 сайт

Көпшілігіміз бос уақытымызды мидың жұмысын жақсартуға қимаймыз. Бірақ, түрлі ойындар мен видеоларға уақыт табыла кетеді. Ойын ойнап отырып та, миды дамытуға болады.

1. https://www.cognifit.com/ru Сайтта миыңыздың жұмыс жасау деңгейін тест арқылы тексеріп, индивидуальді тапсырмалар алуыңызға болады. Сайт жақсы жабдықталған. Басты минусы – тегін жаттығулар саны шектеулі.

2. https://wikium.ru/start/test Сіздің ойлауыңыз, есте сақтау қабілетіңіз, назарыңыздың сапасын тексере отырып, жаттығулардың бағдарламасын ала аласыз. Бұл жерде ақылы бөлімінде көптеген мүмкіндіктер береді. Бірақ, тегін бөлімінде де жалықпай жаттығуларды жасап отырсаіыз әжептеуір нәтиже көре аласыз.

3. http://www.mnemonica.ru/ «Есте сақтау қабілеті нашар адам болмайды. Тек есті дұрыс пайдалана алмайтын адамдар болады» деген фразамен бұл сайт сізді құшақ жая қарсы алады. Мұнда түрлі жаттығуларды орындау арқылы, көптеген мақалаларды оқу арқылы естің мүмкіндіктерін пайдалануды үйренуге болады.

4. http://www.happymozg.ru/ Мұнда да тест тапсыру арқылы миыңыздың өз мүмкіндігін қаншалықты пайдаланып жүргенін тексере аласыз. Қосымша мидың не екендігі, және оны қалай жақсы күйде сақтаудың жолдарын үйретеді.

5. http://petruchek.info/online-games/ Бұл жерде ми жұмысын дамытатын барлық ойындар топтастырылған. Және сіз оны онлайн ойнай аласыз.

6. http://brainscale.ru/ Задача N-Назад деп аталатын миға арналған жаттықтырушы бар. Мидың оперативті жұмысын, интеллекттің даму жолдарын анықтау арқылы, мидың жұмыс жасау қабілетін көтеретін сайт.

7. http://uplift.io/ Ойындар шапшаңдықты, ұзақ мерзімді есте сақтауды, ширақтықты, ойлауды, дағдыларды қалыптастыруды дамытады. Ойынды бастамас бұрын миыңыздың жұмысының деңгейін анықтайсыз.

8. http://fitnessbrain.ru/flash/ «Миыңды жаттықтыр» девизі бар бұл сайт сіздің логикалық ойлау қабілетіңзді паззлдар, түрлі басқатырғыш ойындар арқылы дамытады.

9. http://www.zanimatika.ru/ps…/opredelitel-vozrasta-mozga.html Бұл жерде миыңыздың жасын тест тапсыру арқылы біле аласыз.

10. http://s-mind.ru/ Бұл сайт интеллекттің дамуы мен адам миының мүмкіндіктерін сізге бастапқы мидың құрылысынан бастап түсіндіріп береді. Мәселен, «қысқа мерзімді есті қалай жақсартуға болады?» деген сияқты сұрақтарға жауаптар мен кеңестер ала аласыз.

11. http://chisloboi.ru/ Жылдам реакция беру үшін жасалған онлайн ойындар жүйесі.

12. http://www.quantified-mind.com/ - en Ағылшыныңыз жақсы болса, суда жүзген балықтай еркін боласыз бұл сайтта. Көптеген тесттер мен қызықты зерттеулерге қатыса аласыз.

13. http://litlbetr.ru/razvitie…/igry-dlya-intellekta/index.html «Ақылдың формасы» бөлімінде қабылдау, есте сақтау, қайта жаңғырту, шапшаңдыққа арналған көптеген көңілді жаттығулар бар. Әсіресе, басқатырғыштар мидың қабылдау тетігін дамытуға жақсы әсер етеді.

14. http://mozgame.ru/ онлайн ойындар жиыны. Бақылағыштық пен есте сақтау қабілетінің дамуына арналған.

15. http://ru.brainexer.com/ Ең соңғысы, мидың жұмысын жақсартуға арналған түрлі жаттығулардан тұратын сайт. «Эффект Струпасын» қарап көріңіз, қызық.
...