+1 дауыс
447 көрілді
Iнiмдi де сол баяғы. Қолынан телефоны түспейдi, бiр болмайтын ойындарды ойнап отырады. Кiтап оқыта алмай жүрмiн, болмаса үйде әдеби кiтаптар жетерлiк. Кiтап оқуға қызуғышылығын қалай арттыруға болады?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Баланың кітап оқуға деген өзінің ынтасы, қызығушылығы болмаса, сіз оған оқыта алмайсыз. Ал оның ынтасын ояту үшін мына бір амалды қолданып көріңіз: телефон ұстауға тыйым салыңыз. Көп дегенде жарты сағат қалтафонның ойынын ойнауға рұқсат беріңіз. Сонан соң алдына кітап әкеп беріңіз де "осыны оқып, маған сосын түсінгеніңді айтасың" деңіз. Әпкесісіз ғой ырқыңызға көнбей жатаса қол қозғалысын жасаңыз да болады. Осы амалдарды бірнеше рет қайталаңыз. Кейіннен қолынан кітап түспейтін болады.

Кеңесiңiзге рахмет +1
+2 дауыс
меніңше кішкентай балаға айқайлап,  болмаса қол көтергеннен сіз оны кітап оқуға көндіре алмайсыз. ініңіз болса үлгіні сізден алады. яғни бұл жерде айтайын дегенім  оны кітапқа қызықтыру үшін өзіңіз оқыңыз,  бірақ оған оқы деп айтпаңыз.  уақыт өте келе телефоннан да жалығады. сіздің қолыңыздан кітап түспейтінін көре-көре оның да қызығушылығы оянуы бек мүмкін.  менің де басымнан өткен. сеніңіз.  қазір інім мен кітапханадан келе сала  маған не әкелдің деп алдымнан жүгіріп шығады. кейіннен өзін де ертіп баратын болдым. байқап көріңіз. бұл екуіңізге де пайдалы .
Рахмет Айданам! Кеңесiңiздi орындап көрейiн.  +1
...