+2 дауыс
32.4k көрілді
10 айлық балаға қандай тамақтарға беруге болады.жемістерден ше? мысалы қарбыз беруге бола ма,жане басқа қандайтамақтар беруге болат

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ ТҮРЛЕРІ

Тамақпен организм қажетті заттар мен өсуге керекті пластикалық материалдарды қабылдайды. Баланы рациональды тамақтандыру оның дұрыс дене құрылысын, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.
1 жасқа дейінгі балалардың тамақтандырудың 3 түрі бар: табиғи, аралас және қолдан тамақтандыру.
Табиғи тамақтандыру дегеніміз – 5 айға дейін баланы тек ана сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 5 айында қосымша тамақ беру.
Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:
Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы:
a) Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер мен глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбе ірі болады.
b) Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.
c) Қанттары - бета лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза – ішек таяқшасын өсіреді.
d) Минералды тұздардың құрамы – оптимальды.
e) Ана сүтінің құрамында А,Д,Е,С витаминдер бар. Сиыр сүтін қайнатканда олар бұзылып кетеді.
Ананың сүті таза. Әр-дайым жылы. Ана сүтінде гармондар мен имунды денелер бар. Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады.
Босанғаннан кейін бірінші күндері емшектен уыз шығады. Ол кою кілегей сарғыш сұйық зат. Уызда ақуыздар сүтпен салыстырғанда 4 есе, тұздар 2 есе көп, витаминдер, имундық денелерде көп. Уыздын құрамы баланың тканьдеріне жақын, сондықтан қорытылмай-ақ сіңеді. 4-5 күннен өтпелі сүт, екінші аптадан бастап сүт шығады.
Баланы тамақтандыру режимі
5 айға дейінгі баланы тәулігіне 6 – 8 рет тамақтандыру керек.
5 айдан бастап 5 рет тамақтандыру.
1-1,5 жастан бастап 4 рет тамақтандыруға көшіру.
5 айынан балаға 2 тамшыдан 1 шай қасыққа дейін алма, алмұрт, сәбіз шырындарын беру, 2 аптадан соң жеміс пюрелерін беру керек.
6 айынан бастап 1-ші қосымша тамақ – көкөніс пюрелері(картоп, асқабақ және т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады.
6-7 айынан 2-ші қосымша тамақ – ботқалар (жарма, күріш, сұлы т.б.) беріледі.
7,5-8 айынан 3-ші қосымша тамақ – айран беріледі.
9-10 айынан ет сорпасы, фрикаделькалар беруге болады.
11-12 айында еттен котлета беру керек.

Қосымша тамақты енгізу ережелері.
Анасының сүті жетіп тұрса да 4,5-5 айлық баланыңтамағын түрлендіріп, диетасын кеңейту үшін оған қосымша тамақ тағайындалады. Қосымша тамақпен бала ақуыз, майлар, қант, минералды тұздар алады.
1. Қосымша тамақ балаға емізердің алдында беріледі.
2. Жаңа тамақтарды 5-10 гр. бастап әрі қарай күнде ұлғайтып отырып 2 жұманың ішінде баланың өз нормасына жеткізіп, 1 мезгіл емуін алмастырады.
3. 2 түрлі тамақты бір мезгілде енгізуге болмайды.
4. Жаңа тамақтар түйіршіксіз, біркелкі, сұйықтау болуы керек, оларды балаға қасықпен беріп шайгау рефлексін дамыту керек.
Емшекпен емізуге болмайтын жағдайлар:
a) Анасы жағынан жүрекктің декомпенсацияланған ақауы, туберкулездің кейбір түрлері, асқанған диабет, ісікті процестер, бүйрек ауруларының ауыр түрлері.
b) ЖТБ жағынан асфиксияның ауыр түрлері, миға қан құйылу, гемолиздік ауру.
Бұл жағдайларда балаға анасының сүтін сауып беруге болады, немесе донорлық сүт беріледі.
Аралас тамақтандыру.
Сүт қоспалары бейімделген және бейімделмеген қоспалар болып бөлінеді. Бейімделген қоспалардың құрамы «ана сүтіне ұқсас» . Оларға «Малютка», «Малыш», «Детолакт», «Витолакт» және т.б. жатады. Бейімделмеген қоспалар қарапайым және қышқыл болып бөлінеді. Қарапайым қоспаларға сиырдың сүті, «Крепыш», «Здоровье», ал қышқыл қоспаларға – айран, биолакт, «Балдырған» жатады.
Үстеме тамақты беру ережелері.
1. Бала емшек еміп болғаннан кейін беріледі, оның мөлшері баланың емшектен еміп алған сүтінің көлеміне байланысты.
2. Үстеме тамақты 37-380С-қа дейін жылыту керек.
3. Қасықпен берген жөн, ал шөлмекпен берілсе, емізіктің тесігі кішкене болуы мүмкін.
Үстем тамақ бақылаудан өтіп, сүт кухнясында санитарлық-гигиеналық режим қатаң сақталуы қажет. 

рахмет саған +1
–2 дауыс

Сәбиді алғашқы 3 айлығында түнде 6 сағат үзіліс жасап, әр 3 сағат сайын, небәрі 7 рет емізеді (6, 9, 12, 15, 18, 21, 24 сағатта);
3 айлығынан 5 айлығына дейін 6,5 сағат үзіліс жасап, 3,5 сағат сайын, не бәрі 6 рет,
Ал 5 айлығынан 1 жасқа дейін түнде 8 сағат үзіліс жасап, 4 сағат сайын, не бәрі 5 рет емізеді.
Балаға керекті сүттің тәуліктік мөлшері оның жасына байланысты және ол төмендегідей болып бөлінеді:
бір апталық баланы 10ХпХ7 формуласы бойынша емізеді. п — баланың өмір сүрген күнінің саны болып табылады;
2 айлық бала тәулігіне 800 мл сүт емеді; ал 2 ай толғанға дейін ол аптасына 50 мл сүт аз ему керек; сондай-ақ 2 айдан асқанда әр айда 50 мл сүт көп емуі тиіс.
2 аптадан 6 аптаға дейінгі нәресте тәулігіне денесінің салмағына 1/5 - 1/6, 6 апталығынан 4 айлығына дейін —1/6; 4 айлығынан 6 айлығына дейін —1/7 - 1/8 салмағына тең мөлшерде тағам қабылдауы керек. Сонда тағамның тәуліктік мөлшері 1000 мл-ден аспауы тиіс.

5 айлық балаға 4 рет емшек еміл, 1 рет көкөніс пюресін және бұдан басқа әр түрлі шырын мен балық майын береді.
5—5,5 айлық бала тағамының рационына 5 проценттік манный ботқасы (100 г. сұйыққа 1 ас қасық жарма қосады) мен кисель қосуға болады.
5,5—6 айлық балаға 10 проценттік манный ботқасын, әр түрлі көкөніс пюресін (картоп, сәбіз, капуста, аралас пюрелер) береді, алғашқы кезде 2—3 қасықтай беріп, кейін 150 грамға дейін жеткізеді.
6—7 айлығында ет сорпасьш, пісірілген жұмыртқаның сары уызын;
7—8 айлық балаға — қытырлақ нан, печенье;
7,5—8 айлығында ет фаршын береді.
8 айлығында - 3 рет емізіл, 1 рет манный ботқасын (немесе басқа жармалан үгіліп майға пісірген ботқа), 1 рет 150 г көкөніс пюресін, бұдан басқа 70 г сорпа (көкөністің немесе еттің), 50 г ақ ірімшік (күн аралатып ақ ірімшік пен жұмыртқаның сары уызын араластырып үгіп береді), пісіріп үккен етті жегізеді (25—30 г).
10 айлық балаға ет пен балықты пюре жасап немесе фрикаделька түрінде береді.
11—12 айлық баланы 1 рет қана емізеді; тағамының рационына ет котлетін және сорпа енгізеді.
Бір жастағы баланы емшектен шығаруға болады.

Толық ақпарат мына жерде. Және мына жерде.

Жақсы жауап Ақжол +1
Белгісіз
...