Көптен бері маған Kaspi Bank-тің менеджерлері, мен танымайтын бір азаматтың атын айтып, жыл басында банктен несие алғанын, сәуір айынан бастап төлемей жүргендігін айтты. Ол азамат менің нөмірімді несие рәсімдеу кезінде танысы ретінде беріпті. Мен оны танымайтынымды, бұл туралы қайта хабарласпауларын өтіндім. Менеджерлер кешірім сұрап, қайта хабарласпайтындарын айтқан. Алайда, көп кешікпей, қайта қоңырау шала бастады. Соңғы рет банк қызметкері қарызы бар адамды жасыру, қылмыстық іс болып саналатынын ескертті. Бірақ, мен шынында да ондай азаматты танымаймын. 8-800-080-18-00 телефоны бойынша клинеттерді қолдау қызметіне де хабарластым. Алайда, қоңыраулар тиылған жоқ. Қалай құтылсам болады?