+1 дауыс
1.8k көрілді
Ең алғаш қайдан шыққан банан? Қай елден? Бiреулерi сап-сары болады, бiреулерi сарғыш көк ,ендi бiрi қара дақтары көптеу. Қайсысын таңдау керек? Бананның зиянды жақтары бар ма? Семiрте ме, аздыра ма?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Ертеде банан жемісін «Ертегі әлемінің жемісі» деп атаған екен. Себебі, дәм татсаң, қарның тояды әрі денсаулыққа пайдалы. Сондай-ақ, шайқас-ұрыстарда жараланған сарбаздар банан қабығын басып, жара-тыртықтарын емдеген. Ескіде Италияда әнші-әртістер тамақтары ауырмас үшін анан қабығын қайнатып, ішкен екен. Үндістанда банан қасиетті тағамдардың бірі болып есептеліп, құтты қонақтардың алдына әкелінген. Еуропа елдерінің мектептерінде оқушыларға таңертеңгі және түскі ас кезінде банан береді. Себебі, банан баланың ойлау қабілетіне жақсы әсер етеді. Кубада бананды етпен бірге пісіреді. Ал Венесуэлода бананды қуырып, күрішпен бірге араластырады.

Банан Үндістан, Эквадор және т.б. әлемнің бірқатар оңтүстік елдерінде өседі. Бұл жемістің бірнеше сорттары бар. Біздің елде кең тарағандары - Кавендиш, Гро Мишель, Лакатан. Бұл сорттар ағаштан піспеген, жасыл күйінде теріліп,  бірден қораптарға жинастырылдады. Жеміс ұзақ жол барысында өзі пісіп жетіледі.

 

Банан ағзадағы қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Аяқ-қолдың мезгілсіз тартылуын, шаш түсімін, теріге ерте әжім түспеуін қадағалайды. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады, өт, бауыр, асқазан жолдарын тазартады. Күйзеліс, көңілсіздік, стресс кезінде көмекке келеді. Көңіл-күй гормонының пайда болуына септігін тигізеді.

Бананды көп мөлшерде аяғы ауыр және жас сәбиі бар келіншектер, қарт кісілер, кішкентай бөбектер пайдаланғаны жөн. Сондай-ақ, кез келген жанның күнделікті ас мәзірінде бір-екі тал банан болғаны абзал. Банан операциядан кейін, ауыр физикалық жаттығулардан кейін өте пайдалы. Ол ағзаны қалыпқа келтіруге мол үлесін қосады. Сонымен қатар, бананды шаршаған я ашуланған кезде, емтихан-сынақ алдында пайдаланған дұрыс.

Банан таңдаған кезде оның сыртқы қабығы мен сабағына мән беріңіз. Сыртқы қабықта қара дақтар әрі өзі қатты болмауы керек. Оның түсі бір қалыпты, үсті жылтырлауы керек.

Ақпарат массагет сайтынан алынды.

+3 дауыс

Бананды өзің неге таңдайсын тойға ма, жәй жеуге ма? жеуге болса онда сарысын ,ал тойға болса сарғыш көк таңда үйткені қатты сары банандар ұзаққа шыдамайды қарайып кетеді ал сарғыш көк бананды той болар кезде бетін салафанмен жауып қаранғы жерге қойып қойсан өзі сарғайып  адемі боп тұрады...Бананның пайдасы көп, ал зияны аш қарынға мүлдем жеуге болмайды.Үйткені бананды жеп біткен кезде асқазан сөлі бөлінеді.Асқазаныңда тамақ болатын болса сөл асқазаның қызметін тездетеді.Асқазанда ештеме жоқ болған болса сөл бөліну нәтижесінде асқазан талшықтарын жойып жібереді...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
Алибаева Куаныш 17.10.2016 Қазақ тілі сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...