+3 дауыс
2.5k көрілді
Мысалы қабаған ит бос жүр,сен көшеде келе жатқанда кездейсоқ алдыңнан шықты,және ол сені қабуға ыңғайланды(ырылдап,тісін ақситып дегендей).Ал сенің қолыңда ешқандай қару жоқ.Не істеуге болады сол кезде?қалай қорғанса болады?

4 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер қорғаныссыз адамға ит шабуылдаса, бұл  жазатайым жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Сізге ит бас салса, өзіңізді қорғау үшін қажетті кеңестерді ескеріңіз, бұл  кеңестер Сіздің  қиын жағдайдан шығуыңызға көмегін  тигізеді.

Егер ит алдыңыздан  үріп  шықса, негізінен, ол сізге қауіпті емес. Бұл Сізді өзіңіз  тұрған территориядан (орыннан) қуып  жіберу  үшін қорқыту әрекеті. Алайда, Сіз  назарыңызды  басқа  жаққа аударып,  не  болмаса  оған арқаңызбен бұрылсаңыз,  оның Сізді  қауып  алу мүмкіндігі  де  жоқ емес. Бұл  әрекеттердің ешқайсысын істемеңіз. Иттен көзіңізді  алмай тұрып, асықпастан, оқыс  қимыл  жасамай, тұрған  орныңыздан (территориядан)  кетіп  қалыңыз,  осы әдіс арқылы  қиындықтан  құтыласыз.

Егер бұл жағдай мұнымен бітпесе, онда Сіз "Фу!", "Гуляй!", "Апорт!", "Кошка!" деген  сияқты командаларға  оның әрекетін  байқап көріңіз. Көптеген  иттерге  бұл  командалар  таныс. Егер, "Фу!" деген командаға ит назар аударып,  үргенін  қойған  болса, яғни команданың «әсері  бар» және  ол  сізді  қорғайды. Осы команданың артынан басқа команда  беріңіз: «Жарайды, кет»,  содан  соң «Кет»  деген  командаларды беріңіз. Егер ол «Апорт»  деген командаға назар аударса, онда жерден  қандай да  бір  таяқшаны,  тасты немесе  бір бұтақты алыңыз. Бұл затты итке көрсетіп тұрып, «Апорт» командасымен лақтырып жіберіңіз. Сіз лақтырған затқа ит жүгіріп кетіп, сізге одан құтылудың мүмкіндігі  туындайды.

«Кошка» деген  команданың өзі де  тиімді болуы мүмкін. Ережеге сай, бұл командаға  иттер жылдам әрекет етеді. Бұл кезде  ол  өзіне  керекті  затты табу  үшін  әрлі-берлі  жүгіріп іздейді. Бұл  Сіз  үшін  уақытты ұтудың амалы. Тұрған  орныңыздан  тезірек  кетіп  қалуға  әрекет етіңіз.

Алайда, егер Сіздің  артыңыздан  ит жүгіріп  келе жатса немесе ырылдаса, ол қатты  қарсылық көрсетуі мүмкін. Сіз  ит жетпейтіндей орында  тұрсаңыз (жоғары қарай  шығып  кетіңіз  немесе жақындағы  есікті пайдаланыңыз) сол мүмкіндікті  пайдаланыңыз. Егер  суат (су жиналатын  жер,  су тоқтайтын  жер) болса, суға кіріңіз. Тіпті  ол  терең болмаса да, ит сізге  жетуге  талпынады, ол үшін суды жалдап өту қажет. Егер ит жүзіп өту керек болса, Сіз  қауіпсіз  жердесіз. Жүзіп келе  жатқанда ит Сізді  қауып ала алмайды, оны  су  шашып кері қайтаруға  болады.

Егер Сіз ешқайда тығыла алмасаңыз, жиналған  су болмаса, онда  жерден бір уыс топырақ алып,  оны итке шашып  жіберіңіз (арақашықтық мүмкіндігінше  жақын  болғаны дұрыс).

Басқа жағдайларда иттен  қорғану мүмкін  болмаса,  қорғануға дайын болыңыз. Ең алдымен,  өз мүмкіндігіңіз  бен иттің күшін,  сонымен  бірге  қолыңыздағы  заттарды бағалаңыз. Ешқашан қорыққан  дауыспен  қатты айғайламаңыз. Қолыңызды әрлі-берлі  сермеп, есіңіз шықпасын! Қорыққаннан  айғайлау және ашу-ыза итті одан әрі ызаландырады. Оның шабуылдауы одан әрі күшейеді. Таяқша, жәшік,  қорап,  сыртқы  киім,  бас киім сияқты  қолыңызда  бар  заттарды  пайдалануыңызға  болады.

Егер сіз итке соққы  бере алсаңыз (мысалы, таяқпен  немесе  жәшікпен), ит  қауып  алмай  тұрып жасаңыз. Ит қауып  алса,  бұл  әрекет оны тек  күшейтіп  қояды. Бұл  жағдайда Сіз абайлауыңыз  қажет. Алайда,  барлық иттер қауып  алса, әрине  ол жарақат ауыртады. Соққыға соққы тең, әрине. Алайда, қозғалыстағы  хайуанатқа  дәл  тигізу жай  нәрсе емес. Алайда,  арнайы  қызметке  дайындалатын иттерді  шабуылдаушыдан  қорғануға  арнайы үйретеді.  Есте  сақтаңыз: соққы  беру үшін сіздің  бір ғана мүмкіндігіңіз бар.

Иттердің қауып алуы да әр түрлі. Иттер бір рет қауып алып, қайта  екінші рет  тағы қауып алады. Екінші  біреулері бір  тістегеннен  қайтып  айрылмайды. Иттер сіздің  кедергі  келтіргеніңізді  сезгендіктен өзіне тістеп  тартатын  болады. Сіз кедергілескенді  қойған сәттен бастап, ол қайта шабуылдамақ  болады. Негізінен мұндай  қылықтар арнайы дайындықтан  өткен иттердің  көбісінен  байқалады.

Егер Сізге көмекке келер жақын жерде иттің  қожайыны  болмаса,  ал  қауіп азаймаса,  мына  әрекеттерді байқап көріңіз: қоршаудың  қабырғасына жақындап  келіңіз,  сізге  артқы  жақтан жақындай алмастай жақын  келіңіз. Қолыңызға өзіңіздің киімдеріңіздің  бірін алыңыз (күртеше, жейде, бас киім  және т.б.), қолыңызды созып,  алдыңызға  қойыңыз. Ит оны бас салып,  өзіне  қарай  тартады. Қаттырақ  ұстаңыз! Ол  затты  өзіне  қарай тартқан  сәтте тамағынан аяғыңызбен қатты (қажетінше қаттырақ) ұрыңыз. Бұл соққы Сіздің  үлесіңізге  шешіледі.

Иттің шабуылына қандай да  бір  затты  пайдалану мүмкіндігі  болмаған  жағдайда, оның  жанына  қарай  жақын  тұрыңыз. Шынтағыңызды беліңіздің деңгейінде  ұстаңыз. Соққы  беретін аяғыңызды артқа, тізеңізді аздап бүгіңіз. Итпен  аралық  аз  қалғанда иығыңызды кеудеңізге қарай әкеліңіз,  осы кезде  ит сіздің  қозғалысыңызға  жылдам әрекет етіп,  қолыңызға  қарай  шабуылдай  бастайды. Ол сізге  қарай шабуылдағанда  ішіңізді жауып  қалыңыз. Осы жағдайды  пайдаланып, аяғыңызбен  соққы беріңіз де, қабырғадан  төмен  жаққа  қарай  соққы  беріңіз. Бірақ мынаны  ескеріңіз: егер сіз итті ол  шабуылдағанша ұрып  үлгермесеңіз,  кейін  бұл әрекетіңіз кеш  болады.

Егер  оған соққы беріп  үлгермесеңіз, ит сіздің  қолыңыздан тістеп алса, ауырсынғанына қарамастан сіз оны басып үлгеруіңіз  керек. Қолмен  қарсылыс көрсетпегеніңізді  байқап,  ол  басқа  жерден  тістеп  қалуға ұмтылады. Егер оның  мойнында қамыты  болса,  онда  оны қатты ұстап  алыңыз да, бұраңыз. Бұл көп  күшті  қажет  ететін тұншықтыру әдісі. Егер қамыты  болмаса,  аяғыңызбен  соққы  беру әдісін  қайталап көріңіз.

Әр түрлі  себептерге  байланысты (көбінесе иттердің  өздеріне  байланысты  емес) бұл жануарлар өздерінің хайуанат  екендігін  білдіреді. Мұны  ұмытпағандарыңыз  дұрыс. Өзіңізді  әрқашан  қорғауға  дайын  болыңыз.

Осы негізгі  ережелерді  иттерге  кез  болғанда әрдайым  есте сақтаңыз:

Егер  сізге  ит шабуылдаса:

Егер ол  кішкентай  ит  болса,  онда оны  ұстап алып,  қожайынына  беріңіз.
Егер бұл үлкен ит  болса,  онда күреске дайын  болып  сол  аяғыңызды алдыға  қойыңыз. Ит шабуылдағанда қолыңызды  сермеп  көріңіз. Хайуанат  қолыңызға қарай  жоғары  секіреді, осы сәтте оң  аяғыңызбен қатты  соққы  беріңіз.
Аяғыңызбен  тік тұруға тырысыңыз  – денеңізге зақым  тигізбеуге  тырысыңыз.
Егер жерге құлап  қалсаңыз:

Ең алдымен шынтағыңызбен мойныңызды жабыңыз. Арнайы  дайындықтан  өткен иттер  ең  алдымен,  адамды тамағынан бас салуға  тырысады.
Итті тұмсығынан ұрыңыз, құлағын  тартып,  қолыңызға не  тисе,  сол  заттармен ұрыңыз.
Егер сізді ит  жарақаттаған  болса, міндетті түрде  дәрігерге баруды  ұмытпаңыз.

ақпараттар http://k-zharyk.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=98&Itemid=99&lang=kz
Кееремет жауап! ЖЖ сіз үшін!
рахмет пари
Белгісіз
Пари,шыдамадыңба сәл,өзім ақ жж берер едім,осындайды ұнатпаймын менің сұрағыма біреу жж таңдағанын
какая разница? бір команда үшін соншама не таусыласыңдар + баста жүре бер
разница бар
0 дауыс
Иттердің бір қасиеті, өз үйінің ауласында болмаса, көшеде адам тістемейді. Оларға қарсыең жақсы қорғаныс құралы - шприцке сорып алған 1-2 грамм уксус. Қабайын деп тұрған иттің тұмсығына қарай сеуіп жіберсең, қыңсылап қашып кетеді. Бұл әдісті ОМОНдар қылмыскерді ұстауға барғанда қолданады )) Мен айтты деп жүрмеңдер )))
Мен айтты деп жүрмеңдер дейсің өзің жазып отқан жоқсың ба хаха
әзіл ғой ;)
әзілің мықты екен
уксусты кашангы алып журесин жанында)))
қыздарға барғанда ;)
ойбууу,қыз тұрмайтын болды ғой қасыңызда)))))))))))))))))))))))
неге? )))
0 дауыс
маған ит келе жатса тас лақтыратын едім бірақ бірде ит келқалд мен келдім де тасты алайын деп жатса ит қашып кетті содан бері өтірік тас алып жатқандай болам сол кезде ит қашад,ахахаха
Менде солғо Юзер!!
Белгісіз
0 дауыс

Егер көшеде бір ит сіздің мазаназға тие беретін болса(әрі-бері жүргенде үру, қуу) онда нанға немесе колбасаға ине, тышқан дәрі қосып ешкімге білдіртпей берсеніз....Ит о дүниеде!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 16.09.2013 Денсаулық сұрақ қойды
0 дауыс
9 жауап
...