Жалпы автокөліктер сұрақ қойды | 619 қаралды
619 қаралды
Жанар -жағар май да бағасы да жылдан жылға қымбаттап келедi, автокөлiктер де көбейiп барады. Бiрақ осы (жанар май, мұнай)бензин қоры шектеусiз емес шығар. Сол кезде машиналар немен жүредi? Бензинмен жүрмейтiн ерекше көлiктер шығарыла ма?
Көркем қыз! жақсы сұрағың үшін менен плюс 1 дауыс ))
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

11 жауап

жауап берді

Мараттың айтқанымен келісемін. Болашақта ауаны ластамайтын көліктер шығарылады. Қазірдің өзінде жоспарланып отыр.

Аutos.msn.com. сайты бұл сұраққа былай деп жауап беріпті.

2020 жылға дейін біздің автокөлігімізде пайда болуы тиіс 8 нәрсе:

1. Жол апатының алдын алатын жүйе. Жақын арада бұл жүйе радар мен сигнал арқылы сіздің жол апатына түсуіңізге мүмкіндік бермейді. Флагмандық  Lexus пен Mercedes модельдеріне қолданылып үлгерген жүйеде өздігінен тоқтайтын тежегіш те бар екен.

2. Жан - жақтан орнатылатын көз. Жақын арада артқы жақта орнатылған көз стандартты жабдыққа айналады. Бұл жабдық бүгінде премиум-класс автокөлігінде қолданысқа еніп үлгерді, мамандардың айтуынша, бірнеше жылдардан соң, ортанқол автокөліктерде қолжетімді болуы үшін оның құны 50 $-дан да төмен болмақ.

3. Қараңғыда көріп, жаяулар жүретін жолдарды (пешеход) анықтай алатын камера. Volvo S60 көлігінде бар құрал жаяулар жүретін жолды көріп қалса, бірден тоқтай қалады. Қымбат BMW мен Mercedes-терде бар камера жолдағы кез келген кедергіні көре алады екен.

4. Қарапайым жүргізу. Бейімделген круиз-бақылау алдыңыздағы автокөлікпен ара-қашықтықты сақтауыңызға көмектеседі. Бүгінде БМВ мен Ауди-ға ғана орнатылғанымен, 2020 жылға қарай барлық көлік құралдарында болады деп күтілуде. 

5. Автокөліктермен байланыс. Автокөліктер сәтсіз оқиғаларға ұрынып қалмау үшін бір-бірімен тілдесе алса ғой! Болашақта бұл да мүмкін болмақ. Ford қатынас құралдары үшін Wi-Fi көмегімен жұмыс істейтін интеллектуалдық жүйені ойластыру үстінде. Бұл жүйе автокөлігіңіздің орнын анықтап, айналадағы жағдайларды өз бақылауында ұстамақ. Сондай-ақ қауіпті аймақтарда белгі береді деп күтілуде.

6. Автокөлікпен сөйлесу. Автокөлік жүйелерін басқару мейлінше қарапайым болмақ. Bluetooth-ды пайдалану мен дауыстап басқару арқасында тура кинолардағы автокөлік айдайтын боламыз.

7. Автөкөлікке қажетті қосымша. Қазірдің өзінде General Motors компаниясы бірнеше жүз долларлық Wi-Fi-дың жаңа моделін жетілдіру үстінде. Осының арқасында болашақтың автокөліктері нағыз ойын-сауық һәм ақпараттық орталыққа айналып шыға келмек. Дауыспен басқару арқылы Фэйсбук пен Туиттердегі парағыңызды жаңартып отыратын боласыз.

8. Жылу жүйесін үнемдеу технологиясы. АҚШ автокөлік құрастырушылардың алдына 2025 жылға дейін 100 шақырымға 4 л. жобасын қойып отыр. Бұл жоба бойынша жүргізушілердің қалтасына барынша жеңілдік жасалмақ.

Ақпарат.

https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://massaget.kz/userdata/users/user_20/1350902366.jpg

https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://massaget.kz/userdata/users/user_20/1350901747.jpg

https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://massaget.kz/userdata/news/news_581/thumb_b/photo.jpg

жауап берді
Қазір таңның өзінде сутекпен, электрмен жүретін көліктер бар. Олар ауаға зиян келтірмейді. Келешекте автокөліктерді жаппай осылай шығарады. Және болашақта ұшатын көліктер пайда болады.
жауап берді

Сумен жүретін машиналар азірден бастап шығып жатыр...ОЛар судың өзімен емес амиякпен жүреді... 

болашақта ұшатын көліктер пайда болады. Осыган келсек ондай машиналар бар бирак оны ешбір ел шығаруға құлықсыз...Уйткені  барі аспанда жүретін болса,өмір қызықсыз болып кетедігой.Ондай ушатын машина басында 24 см гана жолдан биік жүретін болған оны жетілдірудің нәтижесінде  2 метрден аса уша алады деп окыгам...Ондай машиналар шыққан кундеде оны арким мине алмайды әскери ма саяси көлік болатын шығар.Біздің қазақстандық бір азамат ушатын тарелкканын сызбасын ойлап тапқан бірақ оны патентемей қойған...Ал казір рассия сондай тарелка құрап жатыр...олда қазір жетілдіріліп жатыр.бұл туралы  Ютубта видеолары толып тургой...

Белгісіз жауап берді
Сумен жүрсе жақсы болады!!

1,Ауаны ластамайды

2,Кез келген көлігі бар адамға қол жетімді

3,Қазақта судың да сұрауы бар деген мақал бар емес пе??Адамдар суды текке далаға шашпайтын болады!!

Бірақ келешекте су таусылып қалмасын)))
Маңғыстауда су жоқ қо?!!
жауап берді
Сумен жүретін машина жаман.Себебі сол машинадан қоршаған ортаға жарамсыз су шығады.Кәзір сутек газымен жүретін машиналар шығару ойда бар.Себебі сутек жанған кезде ққоршаған ортаға зиянсыз су бөлінеді 2н2+О2  2Н2о
Белгісіз жауап берді
Шығарылады. Ол жаңа заман талабы. Меніңше сумен , электр энергиясымен емес ауамен жүретін көлік пайда болады деп ойлаймын. Оған дейін күннен алынған электр энергиясын пайдаланылатын көліктер жүре тұрсын.
жауап берді
Менің ойымша келешекте жанармай орнына атом пайдаланатын шығар деп ойлаймын.
жауап берді
Күн энергиясымен жүретін көліктер шығып жатыр ғой, сондай болса жақсы да) Күндіз күннен алған энергияны жинақтап қалып түнде де пайдалана береді.
жауап берді
Немесе үйір-үйір сиырды машинаға артып қоярмыз!

https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://fotohost.kz/images/2013/11/24/tNOcH.jpg
жауап берді
Қытайда қазір жаппай электр қуатымен жүретін көлікке көшіп жатыр,арнайы бекеттер бар,көлікті зарядтайтын,Пекиннің өзінде 80шақты осындай бекеттер бар көрінеді.Бізге де келетін болар сол жағдай.

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Азаттық жаңалықтары
117,275 сұрақ
299,907 жауап
153,155 пікір
63,906 қолданушы