0 дауыс
5.3k көрілді
Есте сақтау қабілетін арттыру үшін не жеу керек?Айтып жатады ғой шоколад,жаңғақ көмектеседі деп. Сондай секілді басқа түрлері?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

 Спорт залдарында үзбей дене шынықтырумен айналысудың нәтижесінде миға қан келіп, ағза оттегіні де белгілі дәрежеде қабылдап, мидың жұмысын жақсартады. Егер мидың жұмысы жақсы болса, есте сақтау қабілеті де жақсара түседі. Сондай-ақ, бүкіл дененің мимен байланысы тағыз. Дене қозғалысының көптігі — ағзадаға зат алмасу процессін жақсартып, миды артық күштерден арылтады. Сондықтан да, бұл дәлелдерден кейін, спортпен шұғылдануды — күн тәртібіндегі басты ереже деп қарауға кеңес береміз.

Миға жүктеу

Көп нәрсені есте сақтау үшін оқып, оқығанды мида тоқудан жалықпаңыз. Тіпті, тісіңізді бүгін басқа қолмен тазалауыңыз, не болмаса киім тігуде басқа қол иірімдерін пайдалануыңыздың өзін сіздің ми жаңашылдық деп қабылдайды. Ал жаңа ілімдермен таныс болудың өзі де миға сергектік сыйлайды.

  Тәтті ұйқы

Күндіз ми қабылдаған ақпарат, түнгі ұйқы кезінде қайта іске қосылады. Оқымысты ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушалары адамның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, миды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Яғни, күндіз қабылданған ақпараттар түнгі ұйқы кезінде бас ішінде сараланып, рет-ретімен тізіледі екен. Ал бізден кеңес: тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамаңыз. Ұйқының жетіспеушілігінен ми қабаттары зардап шегіп, есте сақтау қабілетіңіз де төмендей түседі. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішіп алып, ұйқыға кету де өте зиянды. Тәжірибеңізден көрген боларсыз, мас адам сау кезінде, кешегі болған оқиғалардан бейхабар болады.

Күйзелістің алдын алу

  Күйзелістің пайда болуына әсер ететін үш фактор мыналар: күйбең тіршілікте пайда болған жаңа заңдылықтар, кей оқиғалардан алатын негатив әсер және уайым. Бұл факторлардан келетін жағымсыз әсерлер адамды күйзеліске ұшыратып, соңынан миына артық күш түсіреді. Бұдан құтылудың жолы, тыныс жолдарына арналған жаттығулар мен йога, кешкі уақытта жылы ванна қабылдау. Кеңесіміз, уайымшылдықтан арылу мен уақытылы қабылданған  ас пен ұйқы.

  Есте сақтаудың дұрыс жолы

Дауысыңызды шығарып, болып жатқан құбылысты әңгімелеп көріңіз. «Міне менің көлігім. Оны дүкеннің қасына қалдырып барамын. Кілтті әкеліп, тоңазытқыштың үстіне қойдым. Тоңазытқышта тағамдар сақталған....» Ойыңызды дабыстап айтып көрсеңіз, есіңізде сақталады. Себебі, құлақпен кірген дыбысты ми да жақсы сақтай алады.

Өз әрекеттеріңізді суретке түсіріп көріңіз. Дыбыстап айту жеткіліксіз жайттар болады, бұл кезде түсірілген суреттер кейін болған жайтты қайта еске түсіреді. Қазір, ақпарат пен техниканың дамыған заманында, сағат санап түсетін ақпаратты есте ұстай алмай, техниканың көмегіне жүгінуге мәжбүр боламыз. Ұстауға да, қолдануға да ыңғайлы фотоаппараттың көмегімен оқиғаларды сурет етіп жазсаңыз, ұтылмайсыз. Тойлар мен маңызы бар іс-шараларды міндетті түрде суретке түсіріп жүру, кейін сол суреттердің арқасында өткен қуанышты оқиғаны қайта еске алу. Бізден кеңес: егер есте сақтап қалу үшін өте маңызды жайттар көз алдыңызда өтіп жатса, суретке түсіру пернесін басудан қысылмаңыз.

Қайталаңыз

Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек екінші – сол нәрсені көргенде я естігенде ғибратлану керек көңілденіп, ойланып, көңілге бекіту керек төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Бұл Абай қалдырып кеткен қара сөздердің бірі. ХІХ ғасырда жазылып кеткен бұл сөздің жаны бүгінгі күнге дейін жоғалмаса керек. Шынымен, естіген, көрген нәрсені ұмытпас үшін көкірекке тек соны түйіп, іштен бірнеше рет қайталап отыру керек.

  Өзіңізді тексеру үшін

Төменде көрсетілген белгілерді саралай кле, өзіңізге қатысты талдау жасап көріңіз. Егер қандай да бір белгі бойыңыздан табылса, есте сақтау қабілетіңіздің нашарлағаны. Олар төмендегіше жіктеледі:

1.  Қалыпты ұмытшақтық

-     Кілтіңізді көрінген жерге салып қоясыз да, қайда салғаныңызды ұмытып кетесіз.

-     Жаңа танысыңыз не болмаса әріптесіңіздің есімін де аз уақытта ұмытып қаласыз.

2.   Есте сақтаудың жеңіл бұзылуы

-      Бүгінге жоспарланған кездесуіңіздің бар екенін ұмытасыз.

-      Жеке заттарыңызға ие бола алмай, жоғалтып ала беретін боласыз.

3.    Ауыр жағдай.

-      Сіз жақындарыңыз бен туғандарыңыздың есімін естен шығарып аласыз.

-      Сіз жоспарлы түрде мүлде әрекет ете алмай қаласыз.

Еске түсіру

Кейде, әр түрлі жағдайларға байланысты өткінші құбылыстар өздігінен еске оралады. Ал, еске түсіру қатты қажет болған кезде, есімін таппай, не болмаса өткен оқиғаны еске түсіре алмай, қиналып жататын кездер болады. Бұл тығырықтан шығудың жолы бар. Мәселен, бүгін Арманмен кездесесіз делік. Кездесу орнын белгілеп қойған болсаңыз да, есіңізден әп сәтте шығып кетіп, қайда барарыңызды білмей тұрсыз. Осы бір сәтте Арман сүйіп оқитын ақынды еске түсіріңізші. Ол — Абай.  Демек, кездесуге белгіленген орын Абай даңғылы болды. Осылай, егер жадыңызда сақтап қалар дүниелер болса, басқа бір жағдайлармен байланыстыра отырып есте сақтаған, кейін осы жағдайды еске түсіре отырып, оқиғаны да миға сол қалпында оралтуға болады. Белгілі жағдайлар еске түскенде, ұмытқан нәрсе де өздігінен ойға келеді.

Ұмыту да керек

Есте ұстау мен ұстағанды ойда сақтап қалу жеткіліксіз. Қажеті жоқ, ескі ақпараттан да құтылып отыру маңызды. Досыңыздың есігін қағып тұрған сайын, оның ескі нөмірін тере бересіз дейік. Осы жерде былай етіп көріңіз: қағазға ескі үй нөмірін жазыңыз да, сол қағазды өртеңіз...ойша. Өртеніп кеткен қағаз күлін жел өзімен бірге алып кетті. Мидан да жоғалды. Қарапаймым ғана әрекет.

Қиынырақ мысал алып көрелік.  Мәселен, сіздің жігітіңізбен жолдарыңыз екі айырылып кетті деп есептейік. Оны ұмыту керек. Бірақ, көзіңізді жұмған бойда оның елесі көз алдыңыздан кетпей,  мазаңызды қашырады. Ойша, ескіріп кеткен фотосуретті көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ұмыта алмай жүрген жаныңыз бейнеленген суреттің түсі ойыңызда барған сайын оңа түсіп, сурет ақ параққа айналады. Міне, сурет те жоғалды, санаңыздан ұмыта алмай жүрген жанды да жоғалттыңыз.

Дұрыс тамақтаныңыз

Біздің мидың үштен бір бөлігі қанбаған май оттегілерінен құралған. Соның әсерінен ми қабаттары қанды жақсы қабылдап, жұмыс істеу белсенділігін арттырады. Бұл белсенділікті арттыру үшін теңіз тағамдарын, балық майын, жаңғақтар мен пістелерді жеткілікті мөлшерде қабылдау керек. Сондай-ақ, жарма мен көкөністер құрамы «жәй» көмірсуларға мол болады. Ал құрамы қантқа толы ұн тағамдары мен чипсы болса,  «шапшаң» көмірсуларға бай. Олар ойлау мен дене қызметінің белсенділігін арттырады, бірақ соңынан барып, әлсіздік пайда болып, ойлау жұмысын тым бәсеңдетіп жібереді. Енді осыдан шешім шығарып көріңіз. Тәтті тағамдарға әуес болған дұрыс па, әлде теңіз тағамдары мен көкөністерге құмартқан дұрыс па?

Адам миына аминқышқылдары ауадай қажет. Ал қышқылдың бұл түрі балықта, дәнді дақылдар мен күріште болады. Есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе, аталған азықтармен қоректенуді әдетке айналдырыңыз.

Мнемозиннің сырлары

Мнемозин сөзі жат көрініп отырған болар. Бұл дегеніміз, есте сақтау қабілетінің құдайы екен. (Богиня памяти).

Жылдар бойы адамдар есте сақтау қабілетін жақсарту үшін небір амал-әрекеттерді ойлап көрген.  Ол үшін мнемоникалық техниканы да ойлап тауып, оған гректің бір құдайының есімін берген. Ол жолдардың барлығы, белгілі бір жағдайды еске түсірумен байланысты. Адамның компьютерден де айырмашылығы да сол, ол ойында тек керекті мағұлматтарды сақтай алады. Тәжір

Тәжірибе үшін, әр түрлі он сөзді алып, олардың әрқайсысына әңгіме құрап көріңізші.  Кез келген затты бір-бірімен байланыстыра беруге болады. Мәселен, «музыка» мен «бензин» сөздерін алайық. Бір-біріне байланысы жоқ сөздер бола тұра, бұл екі сөзді байланыстырып жіберуге болады: «музыканың әуені естілмесе де, құйылып жатқан бензиннің дыбысы музыка болып естілді» - десек, бензин мен музыка бір-бірімен байланыса кетті.

 Ойлау жүйесіне арналған жаттығулар

 Балалық ермектер. Біздің есте сақтау қабілетімізді бала кезден бастап жаттықтыруға дағдыландырған. Сәби уақыт өте ақырын кеңістік пен уақыт мезгілдерін ажырата алатын болады. Таң, түс, кеш мезгілдерін білгеннен кейін, ертең мен кешені, бүрісікүнді ажырата бастайды. Аз-аздан ата-аналар балаларын есте сақтау қабілетінің жақсаруына одан әрі әрекеттер жасай түсіп, «Әже соңғы рет үйге қашан келген еді?» немесе «Циркте қандай аңдарды көрген едік?» деген сияқты сұрақтарды қояды. Сұрақтарға ойша жауап іздеген бала миына бұл жатты,у болып тиеді. Ал есейген шақта адамға дәл осындай ой жаттығулары аса қажет. Күнделікті жатар алдында, өткен күніңізге талдау жасап көріңіз: кіммен кездестіңіз, қандай сөздер айтылды, қандай әуендерге құлағыңыздың құрышы қанды. Осының бәрін еске түсіру арқылы сіз миыңызды жаттықтырасыз.

Балаларға арналған ойыншықтарға әуес болуға қысылмаңыз. Мәселен, бес айырмашылығын тауып көр деген сияқты ой шынықтыратын жаттығулардың берер пайдасы зор. Тағы пайдасы мол жаттығу, бірден жүзге дейін санау. Санау жүйесі ешқашан да есіңізден кете қоймас, дегенмен, ми үшін бұл жаттығу тиімді.

«Шпаргалка» ұғымы сізге таныс шығар? Есте сақтаудың ең ұтымды тәсілі — керек болған затты қағаз бетіне жазып алу. Бір қызығы, бұл ми үшін жаттығу болып саналмайды. Емтиханға дайындалардың алдында қағазға жазған жазуларыңыз есіңізде сақталумен қатар, жазба күйінде де болады.

Жоғарыда көрсетілген кеңестерге мән беріп, шешім қабылдасаңыз,  ми қызметіңіздің белсенділігін арттырып, есте сақату қабілетіңізді жақсарта аласыз.

 Есте ұзақ сақталатын қуаныштарыңыз көп болғай!!!
Белгісіз
Шынымен сіз жазғанның бәрі бар екен бойымда...шынымен склероз екем!Рахмет !!Жақсы жауап!
+1 дауыс

Есте сақтау қабілеті неге жоғалады?

Таңғы асқа қандай тағам жегеніңізді ұмытып қалдыңыз ба? Қазір ғана телефон шалған кісінің есімі де естен шығып кеткен шығар? Бұл сұрақтарға жауабыңыз «иә» болса, «Ұмытшақтар» клубына қош келіпсіз! Қай бұрышта кілттерін жоғалтқанын ұмытқан жандар бұл жерде көп. Қатарға қосылып, керекті кеңестен ала отырыңыз.

"Есте сақтау — тұлғаның бет-бейнесі" деген тұжырыммен келіспейтін жан жоқ болар. Есте сақтау қабілетіміз нашарлай түскен сайын, жан дүниеміз де беймаза күйге енеді. Бұған сену қиын, дегенмен, есте сақтау қабілетінің төмендей бастау мерзімі біз ойлағаннан да ерте екен. 20 жаста-ақ адам есіне сақтайтын жайттар азая түседі. Бұдан кейін адам ойы көп ақпаратты сақтай алмай, жаңаны ойда ұстай алмай, көнені еске түсіре алмайтын дәрежеге жетеді.

Алайда, бұдан шығар жол бар. Бір кездері белгілі мақсатта ойға түйген дүниелердің есте ұзақ уақыт сақталуына әсер ететін факторлар көп: адамның білімі мен интеллектуалды дәрежесі, жеке басына ғана тән индивидтік қырлары. Сондықтан да, әрбір жан өз денсаулығына бей-жай қарамай, ұқыпты ұстап, дұрыс тамақтанып жүрсе, күнделікті дене жаттығуларын орындап отырса, бұл кемшілікті болдырмауға әбден болады. Кез келген оқиға немесе құбылысқа зер сала отырып, керектілерін ойда реттеп, жинақтап алып отырса, кез келген жаста есте сақтау қабілетін жақсарта аламыз. Бастысы, төзім мен өз-өзіңе деген құрмет.

Әрекет ету үрдістері

Есте жазып алу үрдісі. Адамның санасы бір мезетте бестен он сөзге дейін немесе бірнеше бейнелерді сақтай алады. Және бұл бейнелер мен сөздер адам ойы басқа дүниеге ауыспайынша, есте сақталып қала береді. Жаңа ақпараттар қабылдайтын сәт жеткен кезде ойдағы сақталғанның бәрі жойылып, әп сәтте-ақ адам ойы дәптердің жаңа парағы секілді тап-таза күйге енеді.
Есте сақтау. Ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтап қалу үшін миға ауыртпалық түсіретіндей әрекеттер жасалынады. Бұл әрекеттің арқасында ақпарат мидың ұзақ уақыт есте сақтау бөлігіне шоғырланады. Мәселен, бір жұмадан соң еске түсіру үшін телефон нөмірін қазір іштен бірнеше рет қайталап, ондағы әр санды сіз үшін маңызы бар сандармен байланыстыра отырып жаттайсыз.
Жоғалтқанның орнын толықтыру

Адам санасынан мүлде жоғалмайтын да зерделер бар. Мәселен, бірнеше жылдан кейін өзіңізге жүзуді үйреткен жаттықтырушының есімін ұмытсаңыз да, жүзуді дәл солай ұмытып кете алмайсыз. Мынадай мысал бар: бір кездегі атақты биші Вацлав Нижинский қартайған шағында тым толып кетіп, ауруға шалдығады. Бірде күтпеген жерден әйгілі секіруін жасап, жиналған жұрттың жағасын ұстатқан. Ол секіруді атақты биші жас шағында сахнада орындаған. Сонда, әйгілі балет бишісінің бұлшықеттері қанша уақыт өтсе де, би қимылдарын ұмытпаған. Олай болса, қимыл мен іс -әрекеттер біздің жадымызда ұзақ уақыт сақталып қалады екен.

Күйзеліс

Қысылтаяң жағдайлар кезінде, адам ағзасы кортизол гормондарын белсенді түрде шығарады. Бұл кезде, мидың есте сақтау қабілетіне әрекет ететін жасушалары езіліп кетеді де, ойда жинақталған ақпарат жойылады. Мысалы, егер емтихан тапсыру алдында қатты қобалжыған болсаңыз, тапсыру кезінде қарапайым ғана сұрақтың жауабын таппай дал боласыз. Сонда, қобалжудың әсерінен есте сақталған дүниенің жоғалатын болғаны. Бұндай «қорқыныш» әсерін жою үшін оның пайда болуының алдын алу керек, сол кезде барып, есте сақтау тұрақталады. Жаңа медициналық сараптаулардың нәтижесінде күйзелістің миға кері әсері бірнеше мәрте дәлелденген. Сондықтан да, күйзелістің  тууына жол бермей, сабырлық сақтап жүрген жөн.

Миды ақпаратпен толтыру

Гай Юлий Цезарь бір уақытта хаттарды оқып, оларға жауап беріп және дәл сол мезетте әскербасыларының баяндамаларын тыңдап үлгереді екен. Алайда, бұндай әрекетке талпыныстардың соңы жақсылыққа әкелмейді. Бір мезгілде, бірнеше ақпаратты мида тоқу жоғарыда айтып кеткен күйзелістен де ауыр нәтиже тудырады. Миға күш түсіріп, біраз шаруаны бір сәтте шешемін деп, жапа шегіп қалудан сақ болыңыз. «Сабақты ине сәтімен» демекші, ойға түйген жайттарды да кезек-кезегімен ойда саралап, өткендерін мидан шығарып тастауға ұмтылу керек. Елестетіп көріңіз: іші киімге толған шкаф делік. Егер байқаусызда есігін ашып қалсаңыз, ішіндегі киімдердің бәрі сыртқа қарай ағылады. Галстук пен шұлық, көйлек пен жейде — бір-бірімен қабысып, пішінін жоғалтады. Келісесіз бе, бұндай шкафты көргенде мазаңыз қашады, солай ма? Егер бұл киімдер бірізділікпен шкаф ішінде жиналып тұрса, шкаф та бүтін, киімдеріңіз де бүтін...

Ми іші де дәл солай. Үш істі бір мезетте тындырамын деп қарбаласқанша, ойды жинақтап, рет-ретімен әрекет етсеңіз болды.

Біз қай жердеміз, капитан?

Жасыңыздың қанша екенін сұраса, мүдіріп қалатын кездер сізде де болады ма? Бұл есте сақтау қабілетінің тым нашарлағаны емес, жағдайға байланысты «наздану» десе болады. Күн сайын теледидар арналары жарыса көрсететін саясаткердің тегі де есіңізден шығып кетті ме? Мүмкін, сізді саясат қызықтырмайтын болғаннан кейін, ол саясаткердің тегін жаттауға ұмытылмаған боларсыз. Ал егер, кемемен жүзіп келе жатып, әрбір жарты сағат сайын, капитаныңыздан қай жерде келе жатқаныңызды сұрай берген болсаңыз да, бұл қарапайым «капитанға деген қырындаушылық». Бұл қалыпты жағдай. Ал егер «әдейі ұмытшқтығыңыз» бар болса, ойлану керек. Бәлкім, емін дәрігерлер берер...

Есте сақтау қабілетінің күн санап нашарлай түсуі — қандай да бір аурудың алғашқы белгілерінің бірі болып табылуы мүмкін. Одан арнайы дәрі-дәрмектің көмегіне жүгініп, айығуға болады. (Мысалы, транквилизатор немесе антидепрессант дәрілері)

Дене шынықтыру

  Спорт залдарында үзбей дене шынықтырумен айналысудың нәтижесінде миға қан келіп, ағза оттегіні де белгілі дәрежеде қабылдап, мидың жұмысын жақсартады. Егер мидың жұмысы жақсы болса, есте сақтау қабілеті де жақсара түседі. Сондай-ақ, бүкіл дененің мимен байланысы тағыз. Дене қозғалысының көптігі — ағзадаға зат алмасу процессін жақсартып, миды артық күштерден арылтады. Сондықтан да, бұл дәлелдерден кейін, спортпен шұғылдануды — күн тәртібіндегі басты ереже деп қарауға кеңес береміз.

Миға жүктеу

Көп нәрсені есте сақтау үшін оқып, оқығанды мида тоқудан жалықпаңыз. Тіпті, тісіңізді бүгін басқа қолмен тазалауыңыз, не болмаса киім тігуде басқа қол иірімдерін пайдалануыңыздың өзін сіздің ми жаңашылдық деп қабылдайды. Ал жаңа ілімдермен таныс болудың өзі де миға сергектік сыйлайды.

  Тәтті ұйқы

Күндіз ми қабылдаған ақпарат, түнгі ұйқы кезінде қайта іске қосылады. Оқымысты ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушалары адамның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, миды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Яғни, күндіз қабылданған ақпараттар түнгі ұйқы кезінде бас ішінде сараланып, рет-ретімен тізіледі екен. Ал бізден кеңес: тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамаңыз. Ұйқының жетіспеушілігінен ми қабаттары зардап шегіп, есте сақтау қабілетіңіз де төмендей түседі. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішіп алып, ұйқыға кету де өте зиянды. Тәжірибеңізден көрген боларсыз, мас адам сау кезінде, кешегі болған оқиғалардан бейхабар болады.

Күйзелістің алдын алу

  Күйзелістің пайда болуына әсер ететін үш фактор мыналар: күйбең тіршілікте пайда болған жаңа заңдылықтар, кей оқиғалардан алатын негатив әсер және уайым. Бұл факторлардан келетін жағымсыз әсерлер адамды күйзеліске ұшыратып, соңынан миына артық күш түсіреді. Бұдан құтылудың жолы, тыныс жолдарына арналған жаттығулар мен йога, кешкі уақытта жылы ванна қабылдау. Кеңесіміз, уайымшылдықтан арылу мен уақытылы қабылданған  ас пен ұйқы.

  Есте сақтаудың дұрыс жолы

Дауысыңызды шығарып, болып жатқан құбылысты әңгімелеп көріңіз. «Міне менің көлігім. Оны дүкеннің қасына қалдырып барамын. Кілтті әкеліп, тоңазытқыштың үстіне қойдым. Тоңазытқышта тағамдар сақталған....» Ойыңызды дабыстап айтып көрсеңіз, есіңізде сақталады. Себебі, құлақпен кірген дыбысты ми да жақсы сақтай алады.

Өз әрекеттеріңізді суретке түсіріп көріңіз. Дыбыстап айту жеткіліксіз жайттар бола

Мына жерге сыймай қалыпты толық мына жерлерде:
http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/236
http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/239
Рахмет,рахмет!!!!
+1 дауыс
Балық жеген жақсы,құрамында фосфор ма сондай заттар көмектеседі деп естігем
рахмет!!!
0 дауыс
сәбіз жеу керек деп естігенмін
рахмет Айша!!!
оқасы жоқ
...