+3 дауыс
1.0k көрілді
Агенттегi  жiгiттерге сенесiз ба?

18 жауап

+14 дауыс
 
Жақсы жауап
Осы жерде айтылған пікірлерге толық қосыламын деп айтсам артық кетер. Бес саусақ бірдей емес дегендей әртүрлі жағдайлар бар. Ал сіздер болса барлығына бірдей топырақ шашқан сияқтысыздар.  Осы агент арқылы көбісі болмаса да бірнеше адамдар өз махаббаттарын тауып жатыр.  Агенттегі жігіттердің барлығына сенуге болады демеймін бірақ соның ішінен сенетін жігіттерді де табуға болады.  Жігіттерде агентте отырғанда жақсы қызды жолықтырсам деп үміттенеді. Егерде сіз оларға адал болсаңыз оларда сізге адал болады деп ойлаймын.
+13 дауыс
Жоқ, ол түгілі қазір қасындағы досына толық сене алмайтын заман болды ғой. Қасында жүріп, бетіне өтірік күліп жүрген адамдар қаншама? Ал сіз агенттегі жігіттерге сенесіз бе дейсіз?
+11 дауыс
Агентте танысып соң кездесіп ары қарай оның қандай екенін білуге болады. Өз басым агентке сенбеймін. 4жыл агентте отырып біраз тәжірибе жинағам ;) Адамның психологиясымен жұмыс жасау керек агентте.
+11 дауыс
Білесізба агентте барлығы өтірік айтады ғой,мүмкін басында, яғни енді ғана агентке кірген адам шындықты айта алады,бірақ ол да агентті үйренгеннен кейін өтірік айтады, агент түгіл адам бетіңе қарап тұрып өтірік айтатындар бар ғой, сондықтан адамдарға сын көзбен қарау керек!
Мүмкін болса, қазақ әріптерінде жазсаң. Оқуға ыңғайлы әрі латын әріпіне 2012 жылы көшеміз ғой, оған дейін қазақ әріптерінде жазып қалсақ...
+9 дауыс
жігіттер жауап берсе бола ма?)))))))))))))))))))))))))))))))))))
Давай. Кыздардын атынан ба?
жоға, өзімнің атымнан! блииин жауабымды ұмытып қалдым.... ааа есіме түсті)) не ғой, сендің мүлдем қажеті жоқ,  мысалы мен басқа логин ашып алып достарыма ед салдырғанмын:)))) неше түрлі ақмақтар бар ғой, ақмақтар көп ғой негізі, шамалы жан жағына қараса қайтед иа)))))
Акымак бас екi колдын соры деген осы гой деймiн ау. Кейде соларды аяп кетем
+8 дауыс
Жоқ, сенбеймін! Өмірдегі кейбір жігіттер сеніміңді аяқ асты етіп жатқанда, агенттегі жігітке мүлде сенуге болмайды деп ойлаймын! Басың жасамаса, соңыннан екі аяққа күш түседі.....
+8 дауыс
сенбеймін олар өздері кімге не айтып отырғандарын өздері де білмейді.себебі мен агентте отырғанда 2 логинмен отрамын  екеуінде де кейбір адамдар бірдей бар  отырып алып көзіңді бақырайтып қойып өтірік айтады ғой...қайтсін іштері пысады отырып алып әңгіме қылатын   ермектері солөтірік айту ғой...мен мән бермей отыра беремін оларға -ммммм... немесе -ааааа деп жауап берген жақсы ғой))))
+8 дауыс
Әрине жоқ. Агентте бәрi алдайды... Бәрi шынайы емес, егер шынайы бетпе бет көзге қарап тұрып айтса сенер едiм.
+9 дауыс
Жоқ, мүлдем сенбеймін. Агент арқылы танысып, үйленіп жатқандар бар болса да, өз басым сенімсіздікпен қараймын.
Агентке кіріп жүргеніме 5 жылдай болды. Бірақ, осы уақытқа дейін агентте жігітке сеніп көрмеппін, егер айтатыны болса реалда айтпайды ма? Виртуалда бәрі жақсы болғанымен, реалда олар мүлдем басқа.
+9 дауыс
Бес саусак бирдей емес,ар адамды созинен,жазганынан байкауга болады гой. Озим бирак ешкашан отирик жазбайм,айтпайм. Бир бала тан калган сонда шынынды айта саласынба деп))) Отириктин арты бир ак тутам
+6 дауыс
Жоқ, сенбейм өз басым көбі өтірік айтатын сияқты!!!
Саған қазақ әріптерінде әрі қатесіз жаз деп бірнеше рет ескерттім. Егер ескертуді тыңдамай тағы бір рет осылай жасасаңыз, қажетті шараны қолдануға тура келеді.
"Тәртіпке бағынған құл болмайды,
Тәртіпсіз ел болмайды".
Бұл саған қырсығып, мінез көрсететін тентектердің ордасы емес.
(Шокол-ная жизнь)
+8 дауыс
менде сенбеймін,алайда сенуге тура келетін жағдайлар болып жатады.
+2 дауыс
жоооооқ олар айшейін любовница кылгысы келеди просто
+9 дауыс
агенттегі адамға сене беруге болмайды, тек жігіттерге ғана емес қыздарға да сенуге болмайды. мен өзім де өтірік айта салам кейде, егер бір қаладан болып шықсақ өтірік айтуға тура келеді мен тұрмыс құрғанмын деп. ол жігіт мені кездесуге шақырып басымды қатырмас үшін. әрине бұл тек мәжбүрліктен
+6 дауыс
бари де бирдей емеско,  кейбиреулері демесе, отирик логин ашып акымак кылатын...
...