+1 дауыс
12.7k көрілді
Шашым жиі түседі. Қайда жүрсемде шашымды ұстасам қолыма ілініп шығады. Бұрындары елемейтінмін бірақ сол елемегенімнің кесерінен басым ауратын болды. Анашым шашынды түйіп ал дейді. Түйіп алсамда түседі. Басымды жусамда,тарасамда бір уыс шаш шығады. Шашым қалың мүмкін жұқарар деп ойладым бірақ сол күйі. Анашыма шашымды болды қыйып тастаймын десем рұқсат бермейді. Енді мына шаш түсуін қалай тоқтатсам болады? Шанпуньнан деп ойладым талай ауыстырдым бірақ оған байланысты емес екен. Ақылдарынызды айтып, көмек берініздерші.!!!

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Шаштың түсу себептері өте көп. Ол, ең алдымен, денсаулыққа байланысты болса, кей жағдайларда шаштың сиреуіне мінездің шапшаңдығы да себепкер болуы әбден мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, ағзада С дәруменінің мөлшерден тыс көбейіп кетуі де шаштың түсуіне ықпал етеді. Егер шашыңыз маңдай тұстан бастап түссе, тәттіні, түрлі шырындарды, сүт пен спиртті ішімдіктерді ішуді азайтқаныңыз абзал. Ал төбе шашы сирей бастаған адамдардың малдан алынатын азық-түлік өнімдерін тұтынуды азайтқаны дұрыс. Дегенмен шашы сиреп, түсе бастаған адамдардың өздігінен қандай да бір шара қолданбай тұрып, дәрігерге қаралғаны жөн.

Шаш түсуінің алдын алу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Рахмет!:)
Белгісіз
+1 дауыс
Шаштың түсуі табиғи құбылыс. Адамда күніне 1000 талға дейін шаш түсіп, сол шамада шаш қайта өсіп шығуын бастайды.
0 дауыс
Пайдалы кеңестер үшін рахмет!
...