+1 дауыс
21.4k көрілді
Бiрiншi сұрағым бөлме гүлдерiн отырғызу ушiн қай жақтың топырағы жақсы, Алматы ма әлде басқа жақтыкi ме? Сосын гүлдi ұрлап алса жақсы өсiп көгерiп кетедi, иесi көрiп қалса өнiм бермейдi дейдi. Кей гүлдер иесiн жақсы көрмесе түнде улы газ шығарады дейдi. Гулдер де адам таңдай ма сонда? Осы ырымдарға сенуге бола ма?
Барлық жауаптарға рахмет. Тақырыптан ауытқыса да көп мәлiметтерi бар ақпарат екен.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына бір ақпаратты тауып едім...... Тақырыптан басқа-ау дим ренжіме....

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді.  Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен  сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл күйіне байланысты өсіп, жетіледі. Егер үй ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар  жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін.

 

Қай гүл табыс әкеледі?

 

Зерттеулер  бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде  лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде  формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің  сәулелерінен сақтануға сіздерге  раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл күйін бірқалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ (герань)  гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен  хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

Бөлмеңізге  гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді.

Тік жапырақ жанжал туғызады

Жапырақтардың тікенек, тік  (кактус, алоэ)  болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, отбасында ұрыс-керіс шақырады. Оның үстіне дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, алоэны кез келген дәріханадан  сатып алуға болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық егуіңізге болады. Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған гүлдерді қолданыңыз. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді. Өсімдіктеріңіз әрдайым таза, әдемі болуы керек. Егер сіздің оларға қарауға уақытыңыз жоқ болса, қарауды көп қажет етпейтіндерін таңдауға тырысыңыз немесе мүлдем гүл өсірмеңіз.

Кептірілген гүлдің кері әсері

Егер сіз тыныш ұйықтағыңыз келсе, гүлдерді жатын бөлмеңізге қоймағаныңыз жөн. Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Олар солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Ондай гүлдер адам өміріне, күнделікті әрекеттеріңе қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті  оларды сақтамауға тырысыңыз.  Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып тұру қажет. Қазір көп жағдайда тірі гүлдердің орнына қалас гүлдер  қолданылады. Оларды сатып алмауға тырысыңыз. Сіз тіршілік иесі болғаннан кейін, үйіңізде де тірі гүлдердің болғаны дұрыс. Қалас гүлдерді үй-ішінде аллергиясы бар адамдар болса, бөлмеңізге күн сәулесі нашар түскен жағдайда ғана пайдаланыңыз.

Гүл өсіретін арнаулы құтылардың көгілдір, жасыл, ақ, сары түстерін ғана сатып алғаныңыз дұрыс.
Бөлме гүлін күте аласыз ба?

 

Үй гүлдері әдемі жапырақты гүлдер және гүлдейтін гүлдер болып екіге бөлінеді. Гүлдейтін гүлдер күтімді ерекше қажет етеді. Үй гүлдері күнді жақсы көретін және алакөлеңке жерде өсетін болып бөлінеді. Гүлдің ерекше қасиеттерін сатушыдан анықтап сұрап алған жөн. Үйде өсіруге болатын өсімдіктер үшін ең маңыздысы —  жарық, жылу, топырақ және су. Суды гүлге әр гүлдің ерекшелігіне қарай тиісті мөлшермен құйып әрі жапырақтарын сумен бүркіп отыру керек. Топырақтың дер кезінде құнарлылығын арттырып, тыңайтқыштарды қалай пайдалану керектігін білген дұрыс. Жарық және жылу тұрақты болу қажет.
Үй гүлдерінің топырағы дұрыс болып, түбектің суағары болуы шарт. Қыс кезінде үйге от жаққандықтан, бөлме ысып кетеді. Сондай уақытта аптасына бір-екі рет гүл жапырақтарына су бүркіп отыру керек. Гүл ашып тұрған болса, суды гүліне тигізбей бүрку қажет. Гүл жапырақтарын шаң басып қалса, оның өсуі тежеледі әрі оттегін бөле алмай қалады. Ауа тазартамын деп гүл өсіріп, онысын шаң басып тұрса, одан еш пайда жоқ. Дегенмен кейбір гүлдерге, оның ішінде шегіргүл, бегония, жүсіптің сұлулығына су бүркуге болмайды. Суарғанда жапырақтарын көтеріп, топырағына ғана су құю керек. Әрбір гүлге өзінше ерекше бап керек. Кейбір гүлдерге желтоқсан, қаңтар айларында мүлдем су құймай демалдырады.

 

Үй өсімдіктерінің үш талабы

Үй өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар: 1. Оларды іріктеп алу; 2. Өсіру; 3. Баптап күту.

Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап, шіріп кетуі мүмкін.


Түймедақ — күтімі жеңіл гүл

Америкалықтар хлорофитум гүлі бөлме ауасын жақсы тазартатынын ғылыми жолмен дәлелдеген. Сондықтан олар көп ретте мектеп, балабақша бөлмелерінде осы гүлді өсіруге кеңес береді екен.
Аканик гүлін қазақтар «уқорғасын» деп атайды. Қытай ғалымдары «уқорғасынның алдында адамзат қарыздар» деген. Өйткені уқорғасыннан неше түрлі дәрілер алынады. Мысалы, бір ғана пілқұлағы (алоказия) гүлінің жапырағынан бірнеше дәрі жасалынады. Шырмауық гүлінің жапырақтарын суық суға бір салып алып, көз терісіне басса, көздің қан қысымы мен көз шаршауын басады. Ал кейбір гүлдердің адамның көңіл күйін көтеретін қасиеті тағы бар.
Аулада бір жылдық және көпжылдық гүлдерді өсіруге болады. Көпшілік негізінен көпжылдық гүлдерді таңдайды. Жаңадан гүл өсіруді бастаған адамдар үшін ең бірінші түймедақ (ромашка), бақытгүлін (хризантема) еккені дұрыс. Өйткені бұл гүлдердің күтімі жеңіл, аса күтімді талап етпейді.

Ертедегі египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп, үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды.

Ақпарат мына жерден алынды.

+1 дауыс
Көркем қыз! Гүлдерге байланысты бір ғана ырым білемін: ұрлап алған гүл тез бой алады дейді. Ешқандай гүл улы газ шығармайды. Бірақ, үйде бронхиты не астмасы бар адам болса, онда гүл өсірмеген дұрыс.
0 дауыс

Гүлдерге байланысты ырымдарға сенбеймін. Әсіресе, бақыт, ақша әкеледі дегендеріне. Меніңше, бұл тек мартенгілік амал. Мысалы, жай спатифиллум гүлі деп сатқанша, әйелге бақыт әкелетін әйел бақыты гүлі деп көбі алдап жатады. Сол сияқты, ер бақыты және доллар немесе ақша ағашы дегенді шығарыпты.

http://www.gourmania.kz/2014/06/bolme-gulderi.html

0 дауыс
Алматы немесе басқа қала деп бөлмей дүкендегі құнарлы топырақты сатып алған жөн. Ал екінші сұрап алғаныңыз жөн болар ұрланған зат үйден берекені қашырады, егер иесі бергісі келмесе оған ренжудің қажеті жоқ мәпелеп бағып жүрген гүлін өлтіріп алар деп қорықса керек. Үшіншісі оның иесіне мүлдем қатысы жоқ гүлдер күндіз көмір қышқыл газын өзіне сіңіреді және түнде оны өзінен қайта бөліп шығарады,олар осы үдеріс арқылы өседі.(P.S гүлге суды кешке құйған жөн) Сондықтан жатын бөлмеде гүл өсірмеген жөн. Негізі миға қоныммыз ырымдарға сенудің қажеті жоқ
...