0 дауыс
516 көрілді
Мысалы тек қана әке шешесіне бағынып өмір сүретін адамдар бар өздігінен шешім қабылдай алмайтын.Сіз кімге бағынасыз ойланып қараңызшы?

7 жауап

0 дауыс
Әке-шешеге бағынған дұрыс. Бірақ, адам өздігінен шешім қабылдай білуі керек. Әйтпесе ертеңгі күні ол адам өздігінен өмір сүре алмайды. Не істерін білмей дал болады. Ата-ананыңда сөзін тыңдаған дұрыс. Бірақ, өздігінен өмір сүру керек.
әке шеше мәңгі жанымызда журмейді оны да умытпаған жөн секілді
Ұмытпаймыз әрине. Бірақ, сол әке-шешеге сеніп қалмау керек. Себебі олар қасымызда мәңгі болмайды.
+2 дауыс
Мен үшін өзгелер қалай шешім қабылдайды? Олардың айтқанымен жүремін деп опық жеп қалмаймын ба? Маған адамдар тек қана көмек береді бұйрық бермейді. Ал сіздің сұрағыңызға келер болсақ...

Менің әміршім - жүрегім. Жүрегім не дейді соны орындаймын. Өйткені ол ешқашан қате айтпайды. Мен оған кіршіксіз сеніп, бағынамын..
пікіріңіз орынды бірақ кейде жүректі де ақылға бағындырған жөн.Бұл жай ғана менің пікірім
Сөзіңіз оынды. Жүрек шешім қабылдамас бұрын қай-кезде де ақылдың көмегіне жүгінеді. Бұл заңдылық.
0 дауыс
Ол бағыну емес,тыңдау ғой.Оның несі жаман,ата-ана жаман болсын деп айтпайды ғой ештене.Ал,сұраққа келсек Ешкімге бағынбаймын,ата-анамды тыңдаймын.Қыстап та жатқан жоқ,бірлесіп шешеміз мәселені.Бұл оларға бағану емес,құрметтеу және өз бетіммен бәрін шешетіндей жаста да емеспін( менің пікірім)
ақырындап өзіңіз шешім қабылдауға дағдыланыңыз себебі кейде әке шешеге айталмайтын тек өзіңе ғана келіп тірелетін жағдайлар болуы мүмкін
0 дауыс

Адам баласы өз басын өзі алып жүре алатын болуые керек қой. Ата-анаың айтқанын тыңдау керек. Олардың ақыл кеңесін тыңдай отырып өзі шешім қабылдауы керек. Ата-ананың айлығына, пенсиясына күн көріп жүретіндер де бар.

0 дауыс
Адам бүкіл өмір бойы бағынышты болып өтеді. Туғанда анасына, одан кейін ата-анасына, кейін, мұғалімдер мен оқытушыларға, жұмыста басшыларға, зейнетте үкіметке, өлгенде жерлейтін адамдарға. Орыстар "Обстоятельства выше нас" деп дұрыс айтады. Жағдайыңның қандай болатыны әрқашан басқаларға байланысты.
кейде айналадағы ситуацияны өзіңе бағындырған дұрыс сияқты. Басқаларға неменеге бағына беру керек соншалықты?
0 дауыс
Иа өздігімнен шешім қабылдай алмаймын
0 дауыс
Адам алланың құлы біз оған бағынуымыз керек және бағынамыз

Ұқсас сұрақтар

...