+1 дауыс
Балапанды күзде сана деп деп неге айтылады?! Күзде туылған баланың өмiрi ұзақ болады дейдi, осы рас па? Рас болса қандай дәлелдер айта аласыз?
02.07.2013 1.8k қаралым
Мен көктемде туылғам. Кузде туылғандардың денсаулығы мықты байқасам. Құрбым күзде туылган  суықтап, грипп болып ауырған емес.  Жазымен жемiс жидек жеп кузде босанган ана мықты сәбидi өмiрге әкелсе керек. Бiрақ бұл басқа мезгiлде туылғандар аз өмiр суредi деген емес. Күзде туылгандар 110жас жасаса, басқалары 105-106 жасайды))

4 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Иә, солай деп оқыған едім бір кітаптан. Жақында Массагет сайтынанда оқыдым. Кітаппен оқығаныммен бірдей. Енді өзіңіз оқып көріңіз.

Қыркүйек пен қараша айында дүниеге келсеңіз, онда сіздің 100 жасауға мүмкіндігіңіз бар. Сенбей отырған боларсыз, онда Леонид пен Наталия Гавриловтардан сұрап көрелік.

Чикаго университетінің аталған екі ғалымы Сан-Францискода өткен Американдық демографиялық қоғамның жыл сайынғы съезінде осы бір тақырыптың аясындағы зерттеулердің нәтижесін қуаттай түсті.

Ұсынған жобада қыркүйек, қазан және қараша айларында дүниеге келгендердің ұзақ өмір сүру феноменін түсіндіретін бірнеше гипотеза ұсынылған. Және күзде дүниеге келген нәрестеде маусымдық, бірінші кезекте жазғы жұқпалы ауруларды жұқтыру тәуекелі барынша аз болатын боп шықты. Себебі, бұл аурулар әдетте адам денсаулығына ұзақ уақыт бойы теріс ықпал етеді... Оның үстіне күзде туылған бала қыс бойына жақсы тамақтанып, көктем келе өз бетімен жүріп-тұрып кете барады. Ал жазда туылған балаларға дәрумен жетіспей, сүйегі бекіп болмаған денелер біршама қиындықтарға ұшырайды. 

Одан бұрын Чикаго университетінің ғалымдары да зерттеу барысында күзде туылған адамдардың ұзақ өмір сүретінін анықтаған-ды. Америкада 1880-1895 жылдары өмір сүрген адамдардың өмірлеріне байланысты деректерді топтастырып, нәтижесінде қараша мен желтоқсан айларында туылғандардың көбісі жүз жасаған болып шыққан.

02.07.2013
Мен қарашада туылғам)))))))Рахмет Марат
+2 дауыс
Көркем қыз! Адам өмірінің ұзақтығына бірнеше факторлар әсер етеді. Олар: тұқым қуалаушылық, экология, денсаулық жағдайы, дұрыстап тамақтану, ұйқы мен еңбек режимі, климат.
02.07.2013
+1 дауыс
Менің өмірім қысқа бола ма не????Сандырақ
02.07.2013
+1 дауыс
Жәй сәйкестік шығар.Расымен,меніңде өмірім қысқа бола ма?)))))))))))Алла қанша беред,сонша жасаймызда.
02.07.2013
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,976Қолданушы