0 дауыс
935 көрілді
Ағамның ақ футболкасына қара дақ (қара май сияқты) тиіпті , енді оны қалай кетіруге болады?

4 жауап

–1 дауыс

 

 

негізі басқада түрлері барғо айта берсең көп

–1 дауыс
жуып кетіруге болады)  кір жуғыш машинаға салып жібер, жуып береді)
0 дауыс

Күнделікті тіршілікте көп кездесетін дақтардан қалай құтылуға болады?

Шоколад, кофе және какаодан, сондай-ақ балық өнімдері мен соустан жұққан дақтарды жылытылған (ыстық емес) глицерин көмегімен кетіруге болады. 35ºС-қа жылытылған глицеринге мақтаны малып, дақты бірнеше рет ысқылап, содан кейін  әдеттегідей жуыңыз.           
Шөптерден болған дақтарды мүсәтір спирті қосылған қойыртылған сабынды ертінді жақсы кетіреді.     
Бүлдірген және қызыл шараптан жұққан дақтарға жұмыртқаның сарысы мен глицерин қоспасы таптырмас көмекші бола алады. Дайындалған қоспаны даққа 2-3 сағаттай жағып қою керек, содан кейін мұқият жылы сумен жуып тастаңыз.
Аяқ киімге арналған кремнен тиген дақты кәдімгі бензиннің көмегімен кетіруге болады.                          
Қою шай киіміңізге төгіліп кетсе, саспаңыз! Сізге глицерин мен мүсәтір спиртінің қоспасы көмектеседі.        
Егер киіміңізге қан дағы түссе, алғашында мұздай суға бірнеше сағат салып қойыңыз да, кейін ыстық не жылы суға жақсылап жуыңыз.
Ал йодтың әсерінен болған дақты кәдімгі картоп крахмалымен кетіресіз. Дақты салқын сумен дымқылдатып, дақ жоғалғанша крахмалмен ысқылаймыз.       
Тотықтан бүлінген киіміңізді лимон шырынымен немесе лимон қышқылының ертіндісімен тазарта аласыз.           
Ал киіміңізді сиямен бүлдіріп алсаңыз, валерянканың көмегіне жүгінуге кеңес береміз. Бір жапырақ мақтаны валерянка тұнбасына малып алыңыз да, дақ кеткенше сүртіңіз.               
Жаңадан тиген май дақтарын кәдімгі қайнатылған тұз ертінідісімен дереу сүрту қажет. Ол өзіне майды сіңіріп алады.
Жеміс-жидек, соус, шокалад және т.б май дақтарын, сондай-ақ ақ матаға үтіктен жұққан дақтарды сутек асқын тотығымен кетіруге болады. Үш пайыздық сутекті мақтаға тамызып, дақтың үстіне бірнеше сағатқа басып қоямыз. Дақ жоғалған сәтте міндетті түрде жылы сумен жақсылап сүртіп тастаңыз, себебі ол күннің әсерінен сарғайып кетуі мүмкін. Ыстан немесе күйеден болған дақты скипидар көмегімен, ал керосин дағын бензинмен кетірсеңіз болады.  
Түрлі-түсті маталарға зәрден тиген дақты сірке суы ертіндісімен, ал ақ матаға тиген зәр дағын лимон қышқылының ертіндісін көмегімен кетірсеңіз болады.
Қыздар тырнаққа арналған лакты пайдалану үстінде киімдерін абайсызда бүлдіріп алып жатады. Мұндай жағадайдан сізді ацетон құтқарады. Лак кетіретін сұйықтық емес, таза ацетонды пайдаланыңыз. Дақ түгелімен жоғала салысымен басқа дақ пайда болып қалмасын десеңіз, сулы шүберекпен жақсылап сүртіп тастаңыз!                     

Біз ұсынған дақ кетіру әдістері матаның кез келген түріне бола бермейтінін білгеніңіз маңызды! Ертінділерді абайлап қолданыңыз. Бірден өте қатты концентрленген ертіні қолдана салмаңыз. Одан да 2-3 рәсімнен соң ғана  дақтарды кетіретін өте әлсіз ертінділерді пайдаланғаныңыз абзал. Жұмыс кезінде бензин мен ацетонды пайдалауда сақ болыңыз! Кейбір химиялық заттар тез тұтанғыш және уландырғыш болып келеді.

Ақпарат.

Және мына жер.

0 дауыс
неше турли содалар барго солардан ал ен кымбаттын ал сол мыкты болады.....................

Ұқсас сұрақтар

...