Өзіңді және жақындарыңды қорғау үшін , алдымен психологиялық қорғаныстың әдістерін дұрыстап тұрып меңгеру керек. Адамның өмірінде қауіп төндіретін ситуациялар болғанда, адам басынан күйзелісті, қорқынышты, мазасыздықты басынан өткереді. Көңіліне кез келген нәрсені алғыш, көңілі жараланғыш болып қалады. Абыржуды азайту үшін, психологиялық қорғаныстың әдістері қосыла бастайды.
1
Қорғаныстың негізгі және бірінші түрі бұл - терістеу, теріске шығару. Өзіңді жағымсыз ситуациялардан қорғау үшін, адам шын мәнінлегі болған нәрсені теріске шығара бастайды. "Бұл қате", " Бұлай болуы мүмкін емес", "бұл мен емеспін" деген сықылды сөз тіркестері адамның теріске шығару арқылы қорғаныс әдісінде тұрғанын көрсетеді. Бұндай сәттерде, өзіңді және жақындарыңды қорғау үшін дауласып, әртүрлі дәлелдер келтіру керек емес. Одан да адамның жанында болып, оның ойлануына мұрсат берген жөн.
2
Қорғаныстың келесі тәсілі - регрессия. Мысал ретінде алатын болсақ, егер отбасында екінші бала пайда болатын болса, үлкен баласы бақырып, шақырып мінез көрсете бастайды; немесе жазғы лагерьде үйін сағынған баланың қылықтары. Егер жақын адамыңыз осындай қорғаныс тәсілін таңдаса, оған өз махаббатыңды көрсету керек.
3
Қорғаныстың позитвті тәсілдерінің бірі компенсация мен сублимация.
http://www.kakprosto.ru/kak-35252-kak-zashchitit-sebya-i-svoih-blizkih