0 дауыс
1.2k көрілді
Мен 10 жылдан бері күнделік жазып келем. Басында тек өмірден түртіп қояр ерекше күндерді ғана жазатынмын. 2 жылдан бері әр күнімді жазуды әдетке айналдыра бастадым. Не істедім, кіммен не туралы сөйлестім, не ойладым, бәрін, бәрін жазам. Қазір бойдақпын. Болашақта күйеуге шыққан соң зияны тимей ме екен деп қорқамын. Оны күйеуімен қалай жасырып жүрем. Біліп қоюы да мүмкін ғой. Күнделік жазбасам жүре алмайтын әдетім бар :)

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Салем! Менде күнделік жазатындардың қатарындамын, меніңше жазған дұрыс! Себебі кейде жаныңда жүретін досыңа да, тіпті сені мына өмірге әкелген анаңа да айталмайтын адамның сырлары болады, сондай кезде күнделік болғанға не жетсін! Әйтпесе іштегі нарсені сыртқа шығармасаң ауру болуың мүмкін. Ал сондай кезде сырыңды кіршіксіз ақ қағазға түсірсең бір жеңілдеп қаласың, бір адамға айтып отырғандай...Сосын тағы бір пайдасы күнделігіңді оқыған сайын өмірден сабақ алып, жақсы өмір сүруіңе жол бастайды. Олай дейтін себебім оған ештеңе жасырмай не болғанын баян етесің, ол жақсы нәрсе болуы да жаман нәрсе болуы да мүмкін жазғандарың, жаман нәрсе болса өзіңнен өзің ұяласың, жақсы нәрсе болса ерекше бір сезімде боласың! Ал енді Еркеге айтарым Күйеуге шыққан алғашқы күннен бастап жаңадан басқа бір күнделік баста, себебі жаңа өмірге қадам бастың. Ал өткен өмірдің күнделігін жақсылап жасырып қой, оны кейде жаның жабырқаған кезде оқысаң бір жеңілдеп қаласың... Жаңа күнделігіңді жолдасың тауып алған кезде оның саған ешқандай зияны тимиді, онда тек екеуің туралы жазылған.! меніңше сырыңды ешкімге айтпайтын, өзіңе жауап қатпайтын, өміріңнің қызықта, жағымсыз сырларын өзінде мәңгі сақтайтын сырлас аяулы күнделігің болғанға не жетсін, шіркін!!!
+2 дауыс
Адам озинин купия-сырын озинде кулыптап устау керек. Кунделикке жазылганды бугин болмаса ертен, биреу болмаса биреу окиды. Пайдасынан зияны коп болгандыктан жазбай-ак койган дурыс.
Жазбасам жүре алмайм ғой. Меніңше бұл да бір дерт сияқты. Бұл дерттен қалай құтылуға болады? Өздеріне осы мәселе бойынша тәжірибе жасап көргендер бар ма екен? :)
+2 дауыс
Менде күнделік жазамын. Бірақ өмірімдегі ерекше сәттерімді немесе көңілім жабыққанда жазамын. Бұрынғы жазғандарымды көріп бір мәз болып алам. Меніңше пайдасы бар.Ешкімге айта алмаған жан сырынды ақ параққа түсіріп бір жеңілдеп қаласын.
+2 дауыс
Болашақ жарыңыз сізді шын жақсы көріп ұнататын болса, онда сізді түсінеді ғой деп ойлаймын, өзімнің жеке өмірімнен бір ғана мысал: Анам әкемнің бозбала күніндегі күнделігін шабыттанып оқып отырғанын талай көргем!
Еркек адам тәптіштеп толығымен жаза бермейді ғой. Нақты еске салар жәттарды ғана түртіп қоя салады. Ал біз, майын тамызып жазамыз ғой:)
Білмеймін сіз шынымен солай ойлайсыз ба? Негізінен олай емес сияқты, романтик ер адам  оның үстіне аздап шығармашылық жолға түскен болса неге майын тамызып, оған картошкамен ет қуырып жіберіп жазбасқа!
+2 дауыс
*Менің ойымша күнделік жазғанын ешқандай зияны жоқ деп ойлаймын. Қайтаға осы күнделігін арқылы өткен-кеткен қызықтарын, құаныштарын мен қайғыларынды  есіне аласын. Қазір көп адамдар күнделік жаза бермейді, кейбіреулері қалай жазу керектігінде білмейтіндер бар. Күнделіктің бір пайдасы өмірлік сәттерінді күнделікке жаза отырып өзінің ой жетістіктерін дамытасын. Сонымен бірге сол  күнделігіңді қайта оқығанда  өмірінде жіберген қателіктерін болса, сол қателіктеріңді түзетуге өте көмектеседі.......
...