+1 дауыс
Мен ноутбукте өте-өте көп отырамын. Соңғы аптада мұрынымның қанауы жиілеп кетті. Таңда тұрсам мұрыным қанайды,ұйықтарда мұрыным қанайды,түні бойы қанап шығады. Күннің көзіне аз шығамын. Ауыр жұмыс істеген емеспін. Уақытым тек ноутбукке кетеді.Сосын осы ноутбуктің кесірінен қанап жүр ме деген ой келіп еді маған. Негізі ноутбукті немесе компьютерді өте көп пайдаланғаннан мұрынның қанауы мүмкін бе? толығырақ түсіндірсеңіздер.
01.07.2013 910 қаралым

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
мұрыннан қан ағу ноут буктен болмайдыюноутбук тек көзді зақымдайдыю Сенің мұрныңнан қан ағудың себебі сен ұзақ уақыт бойы тапжылмай ноут букте отырғансың.Соның кесірінен әлсіреп мұрныңнан қан ақты.Менің ойым осы
01.07.2013
Рас екен!
+1 дауыс

Мұрынның қанауына электро-техникалардың мүлде қатысы жоқ. Оның қанауына негізінен, мұрын қуысының жаралануы және гипертония, жүрек ақауы, өкпе эмфиземасы, бауырдың зақымдануы сияқты тамыр аурулары себеп. Осылай кесіп-пішіп айтқанымызбен келер пайда жоқ. Одан да дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Ерте қаралмасаңыз келешекте кеш қалып қалуыңыз әбден мүмкін.

01.07.2013
0 дауыс
Ноутбуктың оған қатысы жоқ. Мұрыннан қан ағу қан қысымының жоғарылауынан (гипертония) болады. Ұйқы режимі бұзылған кезде де организмнің зорығуынан болады.  Дәрігер-терапевтке көрінуің керек.
01.07.2013
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,977Қолданушы