0 дауыс
38.1k көрілді
Осы "Отызда орда бұз" дейді ме, алде "Отызда орда бұзбаған жігіт..." деп тілектерге қосып жатады гой ер адамға айтқанда сол сөздің мағынасы қандай? Не үшін олай айтады?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Басынан бастасам. Қазақ "жігіттің жасы жиырма бес" деп неге айтқан. Кәріқұлақ, көнекөз қариялардың айтуынша бұрын жігіт бірдеңе бүлдіріп қойып, оның жасы жиырма беске толмаса, жазасын жеңіл қылып, лажы болса кешуге тырысқан екен. Оған дейінгілерді ақылы толыспаған санаған. Ал, жиырма бестен асқандарға айтары бөлек (қаңқа мен бұлшық еттің өсуі 25 жаста тоқтайтынын медицина да дәлелдеп берген). Енді толысқан ақылдың нағыз нәтиже берер, кереметін көрсетер кезі біз айтып отырған отыз жас. Бабына келіп, батыр батыр боп қол, шешен боп сөз бастайтын жас. Одан әрі қырықтың қырқасына шығады.
Келді үйіме қырық деген жас бүгін,
Оның сырын маған бұрын ашты кім?
Кеше ғана бала едім-ау балдырған,
Енді қайда, албырт, аңқау жас күнім? - деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай біреуге аға боп ақыл айтатын кез. Енді одан әрі тақырыптан ауытқимыз. Жалпылама айтсам елуді еңселеп, алпысты алқымдап, жетпістің жетегіне еріп, сексеннің сеңгіріне шығып, тоқсанда тау асып, жүзге жете жаның жай табар. Адам шайтан емес. Тумақ бар да, өлмек бар. Тағы бірнәрсе айта кетейін. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгенде маңдайына өлімге себепші 99 түрлі қауіп-қатер жазылады екен. Сол 99-ынан аман өткен адам, жүзінші болып кәріліктен қайтады дейді. (Мәссаған, мыналарды мен жазғанмын ба-ей?))))
Тамаша пікір,керемет ой!
+2 дауыс
Иә, отызында орда бұзбасаң, қырқында қамал ала алмайсың.
Сұраққа мақал мен жауап беріп көрейін, осыған ұқсас:
Болатын бала он алтысында баспын дейді, болмайтын бала отызында жаспын дейді. Адамның ең күші кемелден уақыты осы 20-30 жас аралығы ғой. Кез-келген қиындықтарды мойымай жеңуге болады. Қазақ атамыз осы жасты ерекше айтып өткен.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 30.06.2018 Жанұя сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...