0 дауыс
әкем жақында 50 жасқа толады, соған тілек керек еді, мүмкін болса өлең түрінде
03.03.2013 4.4k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,
         Бәрін болжап жүретін алдағының.
         Қамқорымыз Сіз келіп 50 жасқа,
         Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.

         Анамыз Айшаменен қанаттасып,
         Жүріңіз әр күн сайын алға басып.
         Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,
         Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.

         Жан Әке, құтты болсын 50  жасың,
         Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
         Немереден көріңіз шөберені,
         Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.

         Құтты болсын қуанышты күніңіз,
         Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
         Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
         Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

        Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
        Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
        Бала-шаға қызығына кенеліп,
        Ортамызда аман-есен жүріңіз!
03.03.2013
127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы