Жазда қандай дәрiлiк шөптердi жинап алу керек?

+1 дауыс
930 қаралым
Бiз тау жақта тұрамыз. Қазiр мұнда көптеген өсiмдiктер гүлдеп, табиғат сәнiн келтiрiп тұр. Қайсысы дәрiлiк өсiмдiкке жатады, неге пайдалы бiле бермеймiз. Жазда қандай дәрiлiк шөптер жинап алу керек? Қыста бұл шөптер болмайды ғой. Тұмауға , суықтағанға , аяқ қол қақсағанға, кун суыи бастағаннан ауыра бастаймыз .Бiлетiндер болса айтып жiберсе. Суреттерi болса тiптi жақсы болар едi, оңай тауып алар ем. Алдын ала рахмет.
• Санаты: Жалпы сұрақ | 930 қаралым
Нурлыбек менiң сұрақтарыма унемi жауап бередi. Жақсы жауап деп белгiлейн десем толық жауаптар емес. Мына жауабы ұнады , рахмет.
Тағы да жауаптар кутем. Негiзi ең ең  ең жақсы қолданушы деп ЖЖ деп белгiлеп қойган сұраққа да бiлгенiн айтып жауап беретiн қолданушыны айтар едiм мен.
Қызылордада тау жоқ жауап беретін едім. Қызылордаға тау салу керек екен. Былайынша біздің жерде қасиетті өсімдік деп адыраспан жинайды. Дәрі жасауға пайдалы мияның тамырын жинатады жазда. Мия тамырынан жасалған дәрі қыста тұмаумен күресуге көмегін тигізеді.Сосын жазда біздің Сыр елінде омарташылар жоңышқа шөбінен ара балын дайындайды. Бірақ өкінішке орай бұл өсімдіктер тауда өспейді.Сондықтан пікір ретінде жазып отырмын. Бар білгенім - осы!
Рахмет Жахар !Қызылордаға тау салынып ,өсiмдiктер өсiп жатса тағы жауап жазарсын ))
Атыраудада тау жоқ
Бірақта тауы жлерде жер сілкінісі көп болады

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Қымыздықтың адам ағзасына пайдасы ұшан-теңіз. Оны дәстүрлі және халық медицинасында көптеген дертке дауа ретінде қолданған. Емдік қасиеті өте жоғары.

Қымыздықтың құрамында С, В1, К дәрумендері, каротин, эфир май бар; онда көбінесе органикалық қышқыл, сондай-ақ минералды заттар (кальций, магний, темір, фосфор) шоғырланған. Емдеу және аурудың алдын алу үшін өсімдіктің жапырағын да, тамырын да, тұқымын да пайдаланады. Қымыздық авитаминоз, құрқұлақ, анемеяны емдеу үшін қолданылады. Құрамындағы С дәрумені темірдің сіңірілуін тездетіп, гемоглобинді көтереді. Көп мөлшерде қолданғанда ішті айдайды, аз болса керісінше, іш тоқтатады. Қышқылдығы төмен гастритте асқазан сөлін ынталандырып,ас қорытуды жақсартады. Халық медицинасында өтті айдау үшін қымыздық шырынынан біраз беретін болған. Тамыры мен жапырағынан жасалған тұнба қан тоқтату және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады.

Толығырақ http://densaulyk7.ucoz.org/news/emdik_simdikter/1-0-4
+1 дауыс
Жалбыздарды жинауға болады. Мысалы, мынау біз жақта түсірілген сурет.

image
image
Ана бастары ұзын, күлгін(фиолетовый) түстілер - жалбыз.

Сосын, қалақайды жинауға болады, ол әсіресе ер адамдарға пайдалы екен. Еркектік қуатты арттырады. Ертеде үндістер қолданған екен.Моншада парда қолдануға болады.

Тау бүлдіргендерін image жинауға болады, олардың жапырақтары тұмауға жақсы.
Дұрыс көрiнбей тұрғаны. Бiрақ үлкен рахмет.
бояп қойдым.....
Шіркін, тауда тұрғанға не жетсін!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,956 сұрақ
322,863 жауап
153,167 пікір
72,966 қолданушы