Қыдыр дарып үйіңе,
Малтаға толсын қаптарың.
Сейфіңе сыймасын,
Әр маркасы ақшаның.
Денің сау боп әрқашан,
Жүзге қадам бастағын,
Тойға келген досыңның,
Тілектерін ақтағын.
Түтіндерің тік шығып,
Лаулап жансын оттарың,
Береке сақтап ұлдарың,
Жазылмасын топтарың.
Алла жар боп әрқашан,
Жаман жолды баспағын.
Тойға келген халайық,
Осы ойымды Қостағын.
Осы отырған бәрінің,
Аман болсын бастарың.
Алладан тілеп жақсылық,
Осы жерге келіп тоқтадым.
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Ұл мен қызға айтарым,
Соңыына ерме сайтанның,
Дәмі бірдей болмайды,
Бидай менен арпаның.
Туыс пенен алыстың,
Арасын жақсы байқағын.
Сақтағайсың барлығың,
Берекесін ортаның.
Берекені бұзбауға,
Келіндерге айтарым,
Сыйлас болса абысын,
Татулықтың құлысың.
Күйеулерге айтарым,
Көңілін тап баршаның.
Барлығыңа ақыл ғып,
Сендерге бар айтарым,
Бірлікпенен шешіңдер,
Дүниенің тарлығын.
Сабырлықты сақтасаң,
Туады әлі - ақ жаз күнің,
Қиындық көрсең, біреуің,
Көмектескін барлығың.
Қолда барды әрқашан,
Үнемді етіп ұстағын.
Көрсе қызар болмағын,
Бірлесіп шеш ол жағын,
Алуан - алуан жүйрік бар,
Қамын ойла ордаңның.
Балаларың базарың,
Тыс қалмасын назарың,
Тәптіп пенен білімге,
Бұратын бұл қадамың.
Білімсіз боп қалмасын,
Біреуі де балаңның,
Қартайғанда солар ғой,
Арқа сүйер адамың.
Асқа бата
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Әумин!
*
Ашып тастап пейілді
Дастарханың жайылды.
Қасиетті нан ұлық
Берекең тұр нақ ұйып.
Асыл сөздер шашылды,
Бар абырой бақ орнап
Ел сыйласын басыңды.
Аңыз болып отауың
Айта жүрсін асыңды.
Сүйген жарың,
Бала-шағаң аман боп,
Бүтіндесін асылды.
Ниетіңе біз тойдық.
Рахмет шәйіңа,
Риза еткен бір қойлық!
Әумин!