+1 дауыс
11.5k көрілді
Қыз баланы қалай тәрбиелеп,өсіру қажет?Қатал түрде ма? немесе еркелетіп өсіру қажет пе?

2 жауап

+1 дауыс
Тәрбие бесіктен басталады. Баланың педагогикалық-психологиялық тұрғыда басынан үш дағдарыс кезеңі өтеді. Бірінші дағдарыс 3 жаста, екіншісі — 7 жас, үшіншісі 12-13 жастар шамасында болатын «өтпелі кезең». Осы кезеңдердің барлығынан дұрыс өткізу үшін ата-ана зейін қойып, оларға демеу болуы керек. 3 жастағы дағдарыста баланың олармен тығыз байланысқа түсетін кезі. Сондықтан ол сұраған кез келген сұраққа нақты, дұрыс жауабын берген абзал. 7 жастағы дағдарыс кезеңі баланың мектепке баруымен тұспа-тұс келеді. Оқу кезеңіне аяқ басқан баламен мектепке бейімделуі үшін өте көп жұмыс жасау керек. Ойын баласынан оқу баласына айналуы үшін әке мен шеше баланың басы-қасында жүруі тиіс. Үшінші кезеңде қыздардың да, ұлдардың да жаман әдеттер мен жақсы әдеттердің біріне үйір болатын, еліктегіш келетін ең қиын кезеңі. Мұнда да ата-ана баламен сырлас болуы шарт. Оның үстіне, әсіресе қыз балаларға келгенде біздің өзіміздің ұлттық тәрбиенің ерекшелігі, қазақы менталитеттің жүйесі көрініс табуы керек. Бал темекі, анаша, арақ-шарапқа үйір болып кетпес үшін ата-ана оны көзден таса қалдырмауы керек. Сұраған нәрсесін беретін ата-аналар өз балаларын жігерсіз болып, қиындықтарға төзе алмайтын етіп тәрбиелеуде. Өткенде ғана бір бала ата-анасы телефон сатып алып бермегені үшін өз-өзіне қол жұмсаған. Сондықтан баланың басқа нәрсе ойлауға мұршасы болмайтындай етіп күн тәртібін жасаған дұрыс. Уақытын сағат-сағатқа бөліп, бос орын қалдырмау керек. Қыздарға ісмерлік істер, тоқыма, музыка үйірмелері, биге баулыса жарасады. Мұндай істер олардың өмірге деген қызығушылығын оятар еді.
+1 дауыс
қатал түрде өсірсең жасқаншақ болады ал еркелетіп өсірсеңіс ерке болады.менің ойымша екеуіменен де дұрыс
...