0 дауыс
15.6k көрілді
Табиғаттың тосын мiнезi таң қалдырады. Кеше ғана күн ысып 40"градустың ар жақ бер жағы болып тұр едi. Бүгiн жаңбыр жауып, артынан бұршақ жауып қызанақтардың бiразын сындырып кеттi. Тiптi улкен бұршақ жаңғақтай ау үлкендiгi. Бұршақ неден пайда болады? Мысалы аспанда қысым болып , сол себептi күн күркiрейдi дейдi ғой. Ал бұршақ туралы қандай ақпараттар бар.
Сұрақтың жабылу себебі: Жауабы табылды.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

 

Бұршақ (жауын-шашын)
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Бұршақ — ірілі-ұсақ түйіршік мұз түрінде жауатын атмосфералық жауын-шашын. Жылдың жылы мезгілінде найзағай мен нөсер жаңбыр кезінде бірге түседі. Бұршақ мұз түйіршіктері ауаның тік бағыттағы өте күшті қозғалысы кезінде қалыптасады. Қатты жауған бұршақ шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді.

Бұршақ  — мөлшері 5-55 мм, кейде одан да үлкен тығыз мұз белшектері түрінде жауатын атмосфералық жауын- шашын. Жылдың жылы кезінде куатты будақ — жаңбыр бұлттарынан жіңішке (бірнеше км) бірақ ұзын (жүздеген км) жолақта, әдетте, күшті найзағай кезінде жауады. Бүршақ егістіктерге, жүзімдіктерге және т.б. әсіресе көктемде үлкен шығын келтіреді.

 

...