+1 дауыс
1.9k көрілді
Қалада бильярд клубтары жетерлiк. Бұл бильярд ойынды кiм шығарған? Ойынның ережелерi қандай? Бiрде бiр сканворд толтырып отырып бiр нарсенi таба алмай қалдым. Бильярд ойынының турi дегенiн. Бильярд ойынының қандай түрлерi бар?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен ойнай аламын. Кезінде бильярд клубымыз болған біздің. Кішкентайымнан көргенім. Тамаша ойын.Мен русский бильярд пен восьмерканы ойнай аламын. Ойнап жүріп демаламын. Мен үшін соны ойнау демалыс.Ал тарихына тоқталар болсам менің білгендерім мына мақаламен мазмұндас екен. Осы мақаланы оқып көр бір пайдасы тиіп қалар саған:

Қазіргі таңда көптеген жандардың сүйікті ойыны бильярд. Шарлар ойыны алғашқы тарихи мәліметке ие болған ойындардың бірінен саналады. Көп зерттеушілердің пайымдауынша, Азия осы бильярдтың отаны болып саналады екен. Қытай саудагерлері орта ғасыр кезеңінде қарапайым шарлар ойынын Англияға апарған көрінеді. Ағылшындар оны ары қарай жетілдіреді, және «Pall-Mall» деп атап, оны тегістелген арнайы алаңда, яғни жерде ойнай бастаған. «Бильярд» сөзінің төркіні ағылшынша «ball» (доп), «yeard» (таяқ) болғандықтан ойынды өздері иемденді.
Ұлы Шекспир өз өлеңдерінің бірінде Клепоатра Мардьянмен бильярд ойнағанын баяндайды. Бірақ кей мамандар бұл теорияны жоққа шығарады. Шарлармен ойнауға арнайы икемделіп жасалған кийға ұқсас таяқтар мен еденнен биік орналастырылған арнайы жалпақ тегіс құрылғының пайда болуы бильярдтың пайда болу тарихи кезеңін дұрыс пайымдауға әкеледі. Басқа бір болжам бойынша, корол XI Людовиктің заттарының арасынан бильярд үстеліне ұқсас зат табылған. Бұл осы ойынның Францияда да тарағанын корсетеді. Алғашқы бильярд ойыншылары Батыс Европаның патшалары мен ақсүйектері болып табылады.Өйткені қымбат бильярд үстелдері мен үлкен залдар осыларға ғана қолжетімді болды. Тарихи мәліметтер бойынша Шотландия королевасы Мария Стюарт көп уақытын бильярд үстелінде өткізеді екен.
Бильярд ойынының дамуының маңызды кезеңі халық арасында кең тарала бастаған уақыты. Бұл кезең француз королдері XIII, XIV Людовиктердің патшалық еткен тұстарында орын алды. Ойын сол заманның іскер адамдарының қызығушылығына ие болып, қоғамдық үлкен залдар құрылысы пайда бола бастады. Бильярд үстелінің қоғамдық залдарының пайда болуы мемлекетке де салық түсуінің арқасында пайдалы болды. Осылай бильярдтың дамуы Европаны қарыштап қадымдай бастады. Бильярдты өте жақсы көрген XIV Людовик шарлармен ойнауды әбден меңгергені соншалық ең үздік ойыншы болған және ол мұны мақтан тұтты. Корольдың қарсыласы Шамильяр атты үздік бильярдшы еді. Ол корольді кейде ұтып, кейде әдейі ұтылатын. Осы бильярдың арқасында Шамильяр кеңсе хатшысынан әскери министрге дейінгі жарқын карьерасын жасаған көрінеді.
Бильярд ойыны Батыс Европадан біртіндеп шығыс елдеріне тарай бастаған, соның ішінде Ресейге де жеткен. Ойынды алғаш кім ойлап тапқаны және қай елде пайда болғаны әлі де жұмбақ болуы мүмкін. Бірақ бұл өте маңызды емес. Маңыздысы қазіргі таңда бұл ойын көптің сүйікті ойынына айналғанында.
+3 дауыс
Бильярд ойнап білем Бильярд девятка Восьмерка Рускийй Бильярдттың отаны Россия(ресей)
+3 дауыс
Көркем қыз! Бильярд дегеніміз арнайы столы, әртүрлі таяқтары (кий) және шар салатын полкасы бар құрылғы. Бильярд ойындарының түрлері көп: русский бильярд, американка, восьмерка, пулет, пирамида және т.б. Қай елде шыққанын білмедім.
Россияда шыққан Ресейде
Белгісіз
+2 дауыс
Өзімнің ойнап жүргенім русский бильярд, жақсы көретін қызыңмен барған қызық) Әңгімелесіп жүріп, ойнап-күліп... Қай жақта шыққынын білмедім мен де, бірақ жақсы ойлап табылған ойын))
...