Рамазан Стамғазиев - Дүние-ау
Тыңдау :::: http://el.kz/rubric_audio?audio_id=1021
Жүктеу ::::: http://slider.kz/?act=source1&q=13rkz
әні: Қапез Байғабылұлы
Сөзі ::
Жапалақ жалп етеді жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып, қас қылғаннан сақта құдай,
Қасқыр да қас қылмайды, дүние-ау, жолдасына.
Ахоу! Ақтоғай, Кеңсу, Арал, Орта Меркі,
Айдында аққу жүзсе көлдің көркі.
Кейбіреу бүгін тату, ертең араз,
Берген соң бұзылмасын, дүние-ау, ердің серті.
Қасқыр да қас қылмайды-ау жолдасына,
Арамдық болмас егер өз басында,
Жер бетін топан басып, кетсін, мейлі,
Түбінде өзен ағар, дүние-ау, арнасына.