+1 дауыс
504 көрілді
Ерте көктемде гүлдейтiн жемiстердiң бiрi - өрiк. Көктем келгенiн бiлдiрiп қуантып қояйын дейдi ме бiрiншi болып гулдеп қалады. Бiрақ өрiктi алдында "дегелектiң қары" және "көк қарғаның" деген екi қаспақ қар күтiп тұрады. Жылда сенесiздер ме ,жылда суық ұрып кетедi сол өрiктердi. 3 жыл болды суықтан құтқара алмаймыз. Қар жауып, ызгар болады ау дегеннен әжемнiң айтуымен өрiктiң астына сабан жағып әлек боламыз. Бiрақ одан соңғы жылдары нәтиже жоқ. Өрiктi суық ұрып кетуден сақтап қалудың қандай жолдары бар? Құпияңызды бөлiсе отырыңыз.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Көркемтай, анау атты бағбан емеспін, бірақ осы бір көктемгі үсік деген соңғы жылдары талайларды мазалап жүрген болар деген оймен өз тәжірбиеммен бөліскім келді.Менің де екі түп өрігім бар,екеуі де абрикос, тамаша дәмді, үлкендігі шабдалыдай боп қалады-ау(мақтанып кеттім-ау деймін). Қысымен түбіне қар үйіп отырамын, әлсін-әлсін үстіне су шашып мұз қылып қатырып та отырамын. Пайдасы бар, өріктің бойын суық шалып көктемде кешірек гүлдейді, әрі балаларға сырғанап ойнауға жақсы))). Өрік талы үйіңіздің көлеңке тұсында болса тегі жақсы, онда мұз көктемде де біраз ерімей жатады да,өріктің гүлдеуі 20-25 күнге дейін кешеуілдейді. Одан өрік ағашына еш зиян жоқ. Әрине бұл жағдай әр аймақтың өзіне тән ауа-райымен байланысты болуы әбден мүмкін.

Жако аға рахмет. Әжеме айтайын.
Рахмет Көркемтай, http://jakup.ucoz.ru/ мында бір соғып пікіріңді айтып кетсең тамаша болар еді.
+2 дауыс
Біз де сабан жағамыз.Құтқарады.Сабанда жақпаймыз,бықсытамыз,түтіндеп тұруы керек.......
Рахмет жауапқа..
...