Қазіргі таңда қанша жерден жарнамалап жатса да кез-келген кремде химиялық элементтер бар. Жасың 15.те бола тұра крем пайдаланып үлгергеніңе таңданып отырмын, бәлкім біздің үйде ешкім пайдаланбайтын болған соң шығар. Мен мүлде крем тұтынбаймын, тұтынуым мүмкін, анда-санда той-томалаққа барғанда, онда да балалар кремін. Ол ол ма сабынды айына екі рет қана пайдалануым мүмкін))) Крем керісінше тез әжім түсіруге жетелейді.
Ендігі сіздің бетіңіз кремге тәуелді болып үлгерді, жақпай қойсаңыз оң нәтиже бермейді. Есесіне шыдауға болады, аз уақыт бөрткенімен, нәтижесін көрер едіңіз. Мысалы мен бетімді мұзбен ысқылаймын, сосын қайнаған суды көбірек ішемін. Аз-маз массаж жасауыңызға болады. Жоғарғыдағы аталмыш маскаларды жасауға қорқақтаймын, себебі қазіргі көкөністер дәрімен өсірілгендіктен теріңізді құртады. Мен тек өз бақшамыздың қиярын ғана сенімді пайдаланамын. Өз табиғи теріңізге не жетсін, шіркін!