+2 дауыс
613 көрілді
Қаладан көктемде көп қабатты үйдiң бiрiншi қабатынан, арендаға пәтер(арнайы жалға берiлетiн магазин) алып ,құрылысқа қажеттi материалдар сатылатын дүкен ашып едiк. Магазин үстiндегi пәтерден су ағып , шлакблоктар қап-қап (евроға арналған) бәрi cу болып кеткен, оны қойшы кеше ғана ремонттан өткен дукенге көп шығын келтiрдi. Көкем үстiндегi пәтерге барса квартирант балдар тұрады екен. Материалдық шығынды кiмнен және қалай өндiруге болады? Пәтер иесiнен бе әлде пәтер жалдап тұратындардан ба?
Астана әкімшілігінің сайтынан заң қарап көр, сонда әкімге қойылған сұрақтар бар сол жерден табарсың деп үміттенемін.
Барлық жауаптар мен пiкiрлер ушiн рахмет! Жахар сенiң жауабың да өте керемет болды.  Рахмет.
Оқасы жоқ! Ең бастысы мен жауап бердім, сен жауап алдың!
Белгісіз

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Су кімнің себебі үшін төгілді? Ішкі құрылыстағы су жүретін трубалардың жарылу себебінен болса, ол үстіңгі пәтерлердің кінәсі емес қой. Ал егер сол жалдаушылардың себебінен болса пәтер иесінің араласуы арқылы жалдаушылардан өндіріп алған әділетті деп ойлаймын.
Труба жарылмаған , сол квартиранттар кран (ваннасындагы)бұрайтындары бұзылып уақтылы жөндемеген ғой. Оларға барсақ бiз патер иесi  емеспiз, өзi келiп жөндеп берiп тұру керек, бiз кiналi емеспiз дейдi, ал патер иесi квартиранттар тұрып жатыр ,мен емес деп жолатпайды.
Заңды тауып көрсетесіңдер онда. Ақша талап етуге құқықтарың бар деп ойлаймын. Онда сотқа берем деп шу шығарыңдар. Жайлап айтқанды түсінбейтін болып тұр, ақырында ештеңе алалмай қаласыңдар әйтпесе
Ия рахмет. Айтқандарың дұрыс.
+2 дауыс
http://stud24.ru/economics/materialdy-shyyn-ebekay-shyyny/100068-298036-page1.html
Мынау басқа нәрсе ғой. Өндірістік өнім жайлы ғой
Нурлыбек рахмет. Өзiң  жазғаныңды  оқып шығып тусiнiгiңдi жазып жiбершi қысқаша. Материалдық шыгынды қалай өндiру туралы заң ба бiрнарсе қажет бiзге.
Мына басқаша сiлтеме ме, қазiр оқып шығайын
Кімнен талап ете аласыңдар сол жайлы заң табу керек қой?
көркем жанағы сілтеме ол өндірістегі шығын, завод, фабрикаларға арналған, және жұмыс ақысы. Саған нақта тұрғын үй жайлы заңдардан іздестіру қажет
Бізде ішкі трубадан су аққанда астыңғы қабат иесі ештеңе талап етпеді. Және КСКаның адамы келіп жөндеді. Кска жайлы заңдарды қарастырып солардын мәселенің шешілуін талап етіп көріңдер
+2 дауыс
Пәтер иесінен де пәтер жалдайтындар да шығынды өтеуін сұраңыз.
+2 дауыс

Ал Көркем менің кеңесім саған берер:

Әлгі үй кімнің атында сол төлеу керек. Өйткені ол үй соның жылжымайтын жеке меншігі. Құдайдың иттің адамды тістегеніне де иттің егесі жауап береді ғой. Сол сияқты пәтерін жалға берушіде жауапкершілікті өз мойынына алуы керек. Мысалға сол пәтер иесі сіздің орыныңызда болып ,  сіз сол пәтерін жалға берушінің орнында болсаңыз осындай жағдайда сол қол қусырып отырар ма еді? Ол пәтерін жалға беруші өзі білсін сіздер айтқан сомманы қайдан табатынын. Ол жанағы квартиранттарынан соттасып алама,алтындарын ломбардқа кепілге қоя ма, бастығынан аванс алама өзі білсін. Сіздер оны сол қылығы үшін қателеспесем екі заң бұзушылық бойынша үстінен іс қозғауға құқыларыңыз бар. Олар мына заңбұзушылықтар:

  1. Сіздердің меншіктеріңізге залал келтіргені үшін.
  2. Заңсыз салық төлемей пәтер жалдаушыларға үйін жалға бергені үшін.

Осылай дәлелмен заңды бетіне бассаңыз сіздер оған ойлаған суммадан әлде қайда(бопсалап) көп сомма талап ете аласыз!

...