Көркем,арақтың пайдаға асырудың жолдары көп. Арақ деген этил спиртінің сумен 40% қоспасы. фармацевтикада , халық медицинасында көптеген емдік қасиеті бар шөптерден тұнбалар жасағанда осы арақты қолданады.Көптеген суда еріміейтін емдік қасиеті бар компоненттер этил спиртінде ериді, ал спиртте ерімейтін компоненттері суда ериді. Сондықтан емдік қасиеті жоғары өсімдік тұнбалары таза этил спитрінен емес арақтан жасалынады. Шөп түнбаларынан басқа химиялық жолмен алынатын кейбір препараттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады. Мысалы йодтың спирттегі ерітіндісі,зеленка сияқты заттар кез келген үйдің аптечкачкасында бар. Медицинада екпе жасайтын жердің терісін сүртуде қолданылады.себебі теріні майсыздандырады,тазартады,және құрғатады.Токсикологияда метил спиртімен уланған адамдарға антидот есебінде тек қана этил спиртінің судағы ерітіндісін яғни арақты қолданады және бұдан басқа емі де жоқ.Күнделікті тұрмыста әйнек жуатын ерітінділер, түрлі дақ кетіргіштер,қабырға,киім бояуларының көпшілігінің құрамында этил спитрі бар.