0 дауыс
8.8k көрілді
Өкіл  әке деген кім және ол қазақтарда бұрыннан бар дәстүр ме?

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Өкіл әке – бала отбасының перзентсіздігіне, жас адамның әкесіздігіне еш байланысы жоқ ара қатысты байлам. Үйлі-баранды елге танымал азаматқа қаны бөлек, ата-аналы ержеткен ұлдың, бойжеткен қыздың ықыласы ауып, балалық жылы сезімі оянып, ниеттескен екі тараптың бірдей әкелік пен перзенттікті қалауы. Ұлы-қызы сөзінің алдына өкіл қосылғаны болмаса, ағайындар куәландырған өкіл әкелік пен балалықтың ақиқаты күмәнсіз.

Өкіл әке – келісім бойынша жасалған туыстық атау. Қазақ өмірінде бала асырап алу дәстүрі ежелден қалыптасқан ғұрып. Негізінен, өз кіндігінен ер баласы жоқ адамдар бала асырап алады. Халық дәстүрі бойынша той жасап, ер балаға асық жілік, қыз балаға тоқпақ жілік ұстатқан. Өкіл әке – туыстас, дос-жаран адамдардың жетім қалған балаларына өкілдік жасап, қамқорлығына алған адам. Оның өз бала-шағасы болғанымен, қимас дос, жақын құрбы-құрдастардың балаларына да көмектесу үшін өкіл әке болады. Ол баланы өз балаларынан кем көрмей, қуанышы мен қайғысын бірдей бөліскен. Оған бүкіл қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктелген. Бала да өкіл әкені сыйлауға, өз әкесіндей құрметтеуге міндетті болды. Кейінірек дәстүрлі қазақ қоғамында әкелер өзара келісіп, бірінің баласына бірін өкіл әке етіп сайлаған. Бұл дос адамдар мен олардың ұрпақтары арасындағы ауызбіршілікті, сыйластықты дамыту мен жалғастыру мақсатында жасалған. Қазір ол онтүстік өңірлерді сақталған
Дуся,Жауабыңа толық қанағаттандым,жақсы жауап деп білемін.
Рахмет......................................
+1 дауыс
Жалпы өкіл әке ғана емес, өкіл аға, өкіл іні дегендері де бар.

Ұқсас сұрақтар

...