+2 дауыс
4.5k көрілді
Мен машина айдап үйренгім келеді,бірақ жүрексінем. Қалай үйренуге болады?Қазір машина айдап үйрену бағасы қандай,права алу қаншаға шығады?

16 жауап

+2 дауыс
Бұрынырақта әйел адам көлік жүргізіп бара жатса саусағымызды шошайтып,әйел машина айдап бара жатыр-деп таң қалатын едік,қазір оған көзіміз үйренді,тіптен көбейіп кетті,келешекте ер адамды рульде көріп таң қалып жүрмейік.Қыздарға коробка автомат машина айдап үйренген оңай,Праваны сатып емес,оқып алған дұрысқой
+2 дауыс
Айдау қиын егер қорқып,қалтырап,жүрексінсең,үйрену үшін қобалжымау керек,сондай-ақ соғып алам-ау деген ой болмауы керек
+2 дауыс
Көлік жүргізу өзге адамдарға қиын шығар.Бірақта өзім айдап білем Көлік айдау құқығын оқып алдым
+1 дауыс
Ағайындар, енді бағасы қанша?Соны да жазуды ұмытпағайсыздар,алдына ала рахмет,жауап жазғандарға.
30 000 тг сияқты,солай естігенмін
+1 дауыс
Оқудың бағасы әр жерде әр түрлі болар деп ойлаймын,жаңа Нұрлыбек оқып алдым дедіғой,сол айтсыншы
+1 дауыс
Атырау облысы бойынша бағасы қандай?
50 000 ВС
+5 дауыс
Көлікті айдау қай кез болмасын қиындық туғызады. Тек қана өзіңе сене біл. Соңғы мәліметтерге сүйенсек праваны 16 жастан бастап береді. Ең әуелі праваны оқу қажет. Сатып алудың керегі шамалы. Қазір таңда оқу ақысы 40000 мен 60000 арасы. Тағы айтамын праваны оқымандықтың кесірінен жол апаты көбейіп кетті!!!
16жастан  беретін правамен машина жүргізе алмайсын,тек қана мопед,квадрацикл жүргізесін,ол да жаңа қаралып жатырған заң жобасы
+1 дауыс
оңай ғо тек саспау керек аяқ қолың әрқайсысы жеке дара жұмыс жасатып ұйрету керек
+1 дауыс

тек көлікті күнде айдаймын бірақ права жоққ indecision 16 жастан берсе жақсы болар еді праваны.. Айдап үйренсең механиктен үйрен

+2 дауыс
Түк қыйындығы жоқ көлік айдаудың!!!Тез үйренесің!!!тек жүрексінбесең болғаны!!
+1 дауыс
Көлік жүргізу мен ішін онай Алматыда жургізіп журмин енди праваны алып алсак болды го)))
+1 дауыс
Алматыда ВС канша тенге турады
+2 дауыс
zarul.kz осы сайттан қаланы таңдап, автомектептерден бағасы мен шарттарын білуге болады.

Бізде Астана қаласында орта есеппен "В" категория 2,5 ай оқиды, теория үшін 15 000 тг төлейді, практика үшін әр сабаққа 1 500 тг, практика 10 рет болатын көрінген.

Автомектепті аяқтаған соң, қалалық жол полиция емтихан қабылдау бөліміне барып, куәлікке емтихан тапсырады.

Шыны керек, мен теориясына да, практикасына да бармадым, бірақ емтиханға бірнеше күн қалғанда кітаппен дайындалып, тест пен жүргізуді өзім тапсырып шықтым. Десе де, теория мен практикаға бармағаныма өкінемін, себебі қалада 3 жыл бойына 50 000 тг-дей штраф алыппын. Және де, 1 рет жеңіл қақтығысқа тап болдым. Себеп: асығыс,  бір қол телефонда, назарым досымда әңгімелесіп келе жатқанмын.

Ең бастысы, рульде сенімді отыру керек. Көліктің төрт тұмсығын жақсы сезе білу керек және айнамен жақсы жұмыс жасау керек. Жолда басқа жүргізушілерді сыйлап, тупить етіп тұрғандарды шугать етіп кету керек, олар тез үйренед сосын, себебі маған да солай жасаған))) Сәттілік
0 дауыс
Арине онай зат жок, бирак озине сенимди болсан тез уйренип кетуге болады. права алу ар жерде ар турли багада болады
0 дауыс
Еш қиындығы жоқ. Тек батылдық таныту керек. қорықсаң, жүрексіңсен өмірі үйрене  алмай кетесің. Үйрену үшін үйде машина болса күнде кешке айдай бер ашық жерге. Білетін ағайындарға үйрет де. Автошколаға барсаң да болады. Күніне 1 сағат үйретеді. 1000 теңге біздегі бір автошколада. басқасын білмедім.
...